қоғамдық контекст (қоғамның жалпы мәселелері мен қызметке қатысты , ресми құжаттар, іс- шаралар туралы ақпараттар, қоғамдық хабарлар, қоғамдық көлік, үкімет,демография,саясат т.с.с);
-ғылыми контекст (математиканы табиғи және технологиялық әлемде қолдануымен байланысты сұрақтар, ауа райы және климат, экология, климат, медецина, ғарыш, генетика т.с.с );
-кәсіби контекст (еңбек әлеміне бағытталған, жұмысқа, мамандыққа қатысты , белгілі бір мекемеге байланысты ережелер айтылады. Шығындарды өлшеу және есептеу, құрылыс, жалақы төлеу, сапаны бақылау, жоспарлау, жобалау т.с.с).
PISA тапсырмаларының форматтары:
- мәтін
- кесте
- диаграммалар
- сурет
- карта
Сұрақтары нақты пән бойынша емес, пән төңірегінде құрастырылады.
PISA халықаралық зерттеуінде оқу сауаттылығы бағыты бойынша сұрақтардың мынандай түрлері қолданылады: ашық сұрақтар, жабық сұрақтар, екі типті сұрақтар.
Ашық сұрақтар зерттеуге қатысушылардан ақпаратты түсіндіруді, өз көзқарасын білдіруді, ойлауды, талдай білуді, сарапшылық бағаны талап етеді, анағұрлым толық жауапты бағамдайды.
Жабық сұрақтарға берген жауаптары сарапшылық бағалауды қажет етпейді, нақты жауап беруді талап етеді.
Екі типті сұрақтарда сарапшылық бағалауды қажет етпейді, «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап береді .
Қорыта айтқанда, жаңа технологияның тиімділігі сол:
Оқушы:
• мақсат қоюға үйренеді;
• есте сақтау қабілеттері дамиды;
• басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;
• кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;
• қатарынан қалмауға тырысады;
• дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;
• әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
• күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.
• білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді
• өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
Енді тапсырмалар қарастырайық.
1.Географиядан тест
Жағдаят типі: Білім алу және кәсіби
Тапсырма форматы: қысқа жауап
География пәнінің мұғалімінің оқушыларға дайындаған тесттері 100 балдық шкаламен бағаланады. Сәуленің алғашқы төрт тест бойынша орташа балы -60 балл. Бесінші тестте ол 80 балл жинады. Сәуленің география пәнінен бес тест бойынша орташа балы қанша?
Жауабы:
2.Қыздардың бойының ұзындығы
Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау
Сыныпта 25 қыз бар. Олардың бойының орташа ұзындық мәні 130 см ге тең. Қыздардың біреуінің бойы қате жазылғаны белгілі болды. Оның бойы 145 см емес, 120 см екен. Ендеше сыныптағы қыздардың бойының орташа мәні қанша?
А. 126 см
В. 127см
С. 128 см
Д. 129 см
Е. 144см
Жауабы
3. ВЕЛОСИПЕД
Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Арман, Мәриям және Руслан әртүрлі өлшемді велосипед тебеді. Кестеде олардың велосипедінің доңғалақтары толық айналымжасаған сайын жүріп өтетін қашықтық көрсетілген.
|
Жүріп өткен қашықтық(см)
|
|
1 айналым
|
2 айналым
|
3айналым
|
4 айналым
|
5 айналым
|
6 айналым
|
Руслан
|
96
|
192
|
288
|
384
|
480
|
.........
|
Мариям
|
160
|
320
|
480
|
640
|
800
|
..........
|
Арман
|
190
|
380
|
570
|
760
|
950
|
..........
|
Руслан велосипедін алға жылжытқанда доңғалағы үш толық айналым жасады. Егер Арман өз велосипедімендәл солай істесе, онда оның велосипеді Русландыкымен салыстырғанда қаншалықты алға жылжиды? Жауабын см-мен көрсетіңіз.
Жауабы:
Арманның велосипеді толық 3 айналым жасайды да, 570 см жүріп өтеді. Ал Руслан 288 см жүріп өтеді, онда 570-288=282 см
4. АУДАНЫНА ҚАРАЙ ТӨЛЕМІ
Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Көппәтерлі үйдің тұрғындары ғимаратты сатып алуды ұйғарды. Олар қаржы жинағанда әрқайсысының пәтер ауданына пропорционал ақша қосатын болып келісті. Мәселен, барлық пәтер ауданының 5/1 бөлігін алып жатқан пәтерде тұратын ер адам ғимараттың жалпы құнының бестен бір бөлігін төлейді.
Ғимаратта үш пәтер бар. 1-ші пәтер ең үлкен пәтер, оның ауданы -95 м2. Ал 2-ші және 3-ші пәтерлердің ауданы сәйкесінше 85 м2 және 70 м2 құрайды. Ғимараттың бағасы-300 000 зед. Ендеше 2-ші пәтердің иесі қанша ақша төлеуі керек.
Жауабы:
Төлейтін ақша мөлшері пәтер өлшеміне пропорционал болғандықтан, төлем 1-ші пәтер үшін барлық ақшаның 95/250 , 2-ші пәтер үшін барлық ақшаның 85/250, 3- ші пәтер үшін барлық ақшаның 70/250 бөлігін құрайды. Онда 2-ші пәтер 85/250*300 000=102 000 зед ақша төлейді.
5. Киім тігу.
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Тігін шеберханасында көйлек тігуге 600 м матаның 420 м мата кеткен және одан 84 көйлек тігілген.
1-сұрақ: Барлық матаның қанша пайызы көйлек тігуге жұмсалды?
Жауабы: __________
2-сұрақ: Осындай үш көйлек тігуге қанша метр мата жұмсалған?
Жауабы: __________
3-сұрақ: 600 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады?
Жауабы: __________
1сұрақ. 70% на тігілді
2сұрақ. 3 көйлек тігуге 15 м мата кетеді
3сұрақ. 600:5=120 көйлек тігуге болады
Достарыңызбен бөлісу: |