«Жеке меншік құқығын беретін актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті



бет2/3
Дата08.12.2022
өлшемі105,36 Kb.
#56005
түріРегламент
1   2   3
Байланысты:
Келімбет Нұрайым

2. Жалпы ережелері
2. Осы «Жер учаскесіне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» регламенті (бұдан әрі - Регламент) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру рәсімдерін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) айқындайды. Осы Регламент «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартының сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді. 3. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 4. Мемлекеттiк қызметтi, тұтынушыда жер учаскесiне құқық белгілейтін құжат болған жағдайда ғана, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына акт дайындайтын, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 107 мекенжайында орналасқан, мамандандырылған кәсiпорынның қатысуымен, Алматы қаласы, Толе би көшесі, 155 мекенжайында орналасқан уәкiлеттi орган көрсетедi (байланыс деректері осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген). Мемлекеттiк қызмет баламалы негiзде жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы көрсетiледi. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
6. Мемлекеттiк қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 23-бабы, 43-бабының 9-тармағы152-бабы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысы 1-тармағының 1-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысының 97-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысы 1-тармағының 3-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының 2-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны - қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті немесе осы регламенттің 10-қосымшасында көрсетілген жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
8. Мемлекеттiк қызметтің жер учаскесіне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу бөлігі мамандандырылған кәсіпорын «Алматықалжер ҒӨО» МЕК-тің қатысуымен көрсетіледі. 9. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде көрсетiледi, уәкiлеттi органға немесе Орталыққа жер учаскесіне жеке меншiк құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызмет ақысын төлегенi туралы құжатты (түбiртектi) бередi. Жер учаскесіне жеке меншiк құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорынның кассасында жүргiзiледi, олар, осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мөлшерде, төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын бередi. Уәкілетті орган жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті беру бойынша мемлекеттік қызметті тегін көрсетеді және заңдық сараптама жүргізумен және актіні бекітумен қорытындыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет