Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтындар: 16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;
18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;
19) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркелуге жататын және меншiк құқығында бір жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
20) меншік құқығын тіркеу күнiнен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
155-бап. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтындар: 21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, Қазақстан Республикасының аумағындағы, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жалдау шарты бойынша төлем есебіне есептелмейтін, жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;
155-бап.