Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтындар: 25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;
27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстiң 102-бабына сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстар.
28) заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң өз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда;
155-бап. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтындар: 29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы - жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы - жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылу жағдайларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы — жеке тұлғада кіріс, жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, олар бір жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуға байланысты, көрсетілген төлемдерден басқа кіріс болмаған жағдайларда;
қарыз алушы - жеке тұлғада және қарыз алушы - жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ және субсидиялық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе өндіріп алынуы мүмкін кірістер болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге берілген мүлікті негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің сомасына сатқан немесе мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда кредит (қарыз) жөніндегі азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелердің тоқтатылуы кезіндегі кіріс.
Осы тармақшаның ережелері:
банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына), банк жұмыскерінің жақын туыстарына, банкпен өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.
155-бап.