Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтындар: 30) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, оған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда.
155-бап. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтындар: 180-бап.
Салықтық кезең 1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
2. Жеке тұлға күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркелген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жыл соңына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салықтық кезең болып табылады