Салықты төлеу мерзімдері 1. Салықтық кезең қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам – тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсыруы үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.
2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
Дара кәсіпкердің кірісі 1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі, алу дара кәсіпкердің салық салынатын кірісін , қосу Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы, алу осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен ауыстырылатын залалдар.
2. Дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады: осы Кодекстің 226 – 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 225-бабында белгіленген жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісі, алу корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында, осы Кодекстің 241-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету, қосу (алу) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 3-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету. алу корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 242 – 276-баптарында белгіленген шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер қосу (алу) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 287-бабында белгіленген кірістер мен шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету.