Жеке тапсырма


Сыртқы орта факторларына қойылатын талаптар



бет4/12
Дата03.10.2023
өлшемі432 Kb.
#112829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.3 Сыртқы орта факторларына қойылатын талаптар


Күріш – жылылықты сүйетін дақыл. Оның өсуіне қолайлы температура 11-12С, ал 14-15С жылулықта ол тез және тегіс көктеп шығады. Күріштің өсу кезеңіндегі қолайлы температура 25-30Сшамасында. Күріштің толық өсіп жетілуі үшін 3000-3500градус жылулық қажет. Барлық ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде суды көп пайдаланатын да күріш. Оның орташа алғандағы транспирациялық коэффиценті 500-600ге тең болады. Суды ең көп қажет ететін кезі түптенуден шашақ бас шығаруға дейінгі кезең. Осы кезде күріш атыздардағы судың тереңдігі 15см болмауы керек. Күріш дәні сүттеніп піскен кезде атызға су жіберу тоқтатылады, ал қамырланып піскенде атызға су аударылып құрғатылады. Бір гектар күріш егісіне 15-18мың текше метр су жұмаслады. Алғы дақыл- күрішті бір жерге екі әрі кетсе үш жылдан артық себуге болмайды. Өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Мұнымен қатар топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдардың шала тотықтары пайда болады.
Сөйтіп күріш өсіруіне зиян тигізеді. Күріш дақылы үшін ең жақсы алғы егіс жоңышқа болып табылады. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза пар енгізілген дұрыс, одан кейін күрішті 1-2жыл егуге болады. Күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. 1,2 танап жоңышқа, 3,4танап күріш, 5танап екпе немесе таза пар, әйтпесе сүрлемдік жүгері, 6,7ші танап күріш. Ылғал суда тұрып өсетін күріш егісінде минералдық және органикалық тыңайтқыштар енгізу өте тиімді. Тыңайтқыштарды қолдану жердің мелиорациялық жағдайына, топырақ құнарлығына, алатын өнім мөлшеріне тікелей байланысты. Жыл сайын күріш топырақтан 25кг азот, 15кг фосфор, 30кг калий пайдаланады.
Күріш азотты қатты ұнатады. Көбінесе күріштің түптену мен генеративтік органдарында құралу кезеңі. Азот тапшы болса күріш баяу өсіп, нашар түптенеді және шашақтары нашар жетіледі. Фосфор күрішке көктеп шыққан уақытта керек. Ол жетіспегендіктен күріш дақылының белок алмасуы бұзылады, тамырлардың өсуі кешеуілдейді. Калий жеткілікті мөлшерде болу қажет. Күріш оның өсу кезеңінің екінші жартысында көбірек пайдаланады. Топырақтағы органикалық заттардың қорын жоғарлату үшін күріштің алғы дақыл ретінде пайдаланылатын жоңышқаның, жасыл тыңайтқыш ретінде егілген бір жылдық дәнді бұршақты дақылдардың маңызы зор.Сонымен қатар бір гектар жерге 20-30тонна көң шашу керек. Күріш ауыспалы егісі – топырақ құнарлығының жылдан жылға артуын қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар арамшөптермен, зиянкестермен, аурулармен және су мен инженерлік жүйелерді ұтымды пайдалануға қолайлы жағдай жасауы тиіс. . Иіркөл өңірінің жағдайында күріштің өсіп дамуына керекті төменгі және жоғарғы температуралары төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1- Иіркөл өңірі жағдайында күріштің өсіп дамуында керекті ең төмен, қолайлы және ең жоғарғы темепературалары

Өсіп – даму фазалары



Температура, + ˚С

Ең төмен

Қолайлы

Ең жоғарғы



Тұқымның өнуі

13-14

22-26

34-36

Көктеп шыққанда

15-16

24-26

34-36

Түптену

15-17

24-28

34-36

Сабақтану

16-18

19-24

34-36

Масақтану –гүлдену

18-20

24-28

34-36

Дәннің сүттену және қамырлану кезі

18-20

26-28

34-36

Пісу кезеңі

15-17

22-26

32-34

Сабақтану кезінде болашақ масақтағы дән түзіліп анықталады әрі бұл кезең температураға өте сезімтал. Осы кезеңде қолайлы температура 19-23˚С. Ол үшін су деңгейі 12-15 см дейін көтеру керек, сонда жоғары өнімді әрбір шаршы метр жерде 320-380 өсімдігі бар егістікте температураның қолайлы мөлшері 19-24˚С жетеді. Сирек және орта өнімді егісте су деңгейін 15-17 см-ге дейін уақытша көтеру керек.


Күріш масақтанып, гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп,ұшық дәндер санын көбейтеді, ал ең қолайлысы 24-28˚С. Сүттеніп қамырлану кезінде дән дұрыс толысып пісуі үшін оптимальды температура 26-28˚С.
Қазақстан – күріш өсіруші аудандардың ішіндегі ең солтүстік аймағы. Сондықтан, Иіркөл өңірі жағдайында дақылды өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Республикадағы күріш өсіруші аймақтың топырақ – климат, күн сәулесі радиациясы мен жылу ресурстарына бейімделіп, өсіп-жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі төмендегідей.

Кесте 2- Күріш сорттарын пісу мерзімне байланысты топтастыру





Сорттар тобы

Күріштің өніп шыққан масақтану кезіне дейінгі күндер саны

Өсу дәуірі,күн есебімен

Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы
˚С

Өте ерте пісетіндер

>60

>100

>2500

Ерте пісетіндер

61-70

101-110

2500-2750

Орташа мерзімде пісетіндер

71-80

111-120

2750-2900

Кеш пісетіндер

81-85

121-125

2900-3000

Өте кеш пісетіндер

86-90

126-130

3000-3100

Суару режиміне талабы. Күріш суға бастырылған атыздарда өсетін гигрофиттік өсімдік. Атыздағы су өсімдіктің физиологиялық талабын орындаумен қатар егістіктегі микроклиматты өзгертіп реттейді: төменгі қабаттағы ауа ылғалдылығы жоғары болады, ал бұл күріш өсімдігінің транспирациясын азайтады. Сонымен бірге, тамыр жүйесінің жақсы өсіп дамуына әсер етіп, минералды элементтермен қоректенуін жақсартады. Топырақтың үстіңгі қабатында жинақталған тұздар суға еріп, фильтрацияланған сумен бірге төменгі қабаттарға, сосын дренаж арықтарына өтіп, күріш ауыспалы егісі танаптарынан сырт жаққа ағызып әкетіледі, яғни топырақ шайылып, тұздар мөлшері азаяды және де арамшөптермен күресуге қолайлы жағдай туындайды.


Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, тұқымның сіңіру тереңдігін, топырақтың тұздануы және фильтрациялық қасиеттеріне, егістіктің арамшөптермен ластануына байланысты белгіленеді. Қазақстанның оңтүстік жағдайында топырағы тұзданған атыздарды суға тұрақты бастыру, ал топырағы тұзданбаған атыздарда – қысқартылған суару режимі әдісі қолданылады.
Күріш дақылынан мол өнім алу үшін егістіктегі әрбір атыздарда оптимальды қалың (бір шаршы метр жерде 320-380) күріш көгін өсіру керек. Сырдария өзені суының құрамында минералды тұздардың көбеюіне және инженерлік жүйелерде топырақтың тұздануының күшеюіне байланысты күріш көгі тек су бастырылған атыздарда алынып жүр. Осыған әйкес, тұқымның өніп, күріш көгінің тамырланып нығаюына жағдай жасай отырып, егістікте күрмек пен шиін арамшөптер көгінің өсуіне жол бермеу керек.
Топыраққа және қоректену элементтеріне талабы. Иіркөл өңірінің күріш өсіруші алқаптарының топырағы негізінен шөл далалық (сұр топырақты тақыр және тақыр тәріздес) және гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты,батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі құнарлысыз аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар. Тұздану типі – хлоридті-сульфатты, бір мерт топырақ қабатындағы тұздар мөлшері құрғақ қалдық бойынша 0,882-1,816% және одан да жоғары. Жер асты суы тереңдігі 2-5 м [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет