Жеке тапсырма



бет10/12
Дата03.10.2023
өлшемі432 Kb.
#112829
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
жеке тапсырма

2.5 Тыңайтқыштар


Суармалы жерлерде егілетін астық дақылдарының ішінде күріш қоректік заттарға ерекше талап қояды. Тыңайтқыш колдану басқа дакылдардан гөрі күріштің өнімінің артуына көбірек әсерін тигізеді. Бір тонна астығы мен сәйкес мөлшерде сабан өнімін түзу үшін күріш 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор және 30-35 кг калий пайдаланады. . Күріш қоректену үшін минералды элементтер топырақта жетіспесе оның өнімі азаяды, әсіресе азоттың жетіспеуі күрішке көп әсер етеді: фотосинтез процесінің өнімділігі төмендейді, өсімдік сарғыштанып, туптенуі нашарлайды. Азот күрішке вегетациялық кезеңінің барлық сатысында қажет. Алайда, бір өлшем құрғақ зат түзу үшін күріштің бұл элементті ең көп кабылдайтын мерзімі-көктеу мен түтік шығару аралығы.
Күрішке фосфор элементі де жан-жақты әсер етеді. Бұл элемент топырақта жетіспеген жағдайда өсімдікте ақуыздың синтезделуі нашарлайды, жапырағы жарылады, тамырлары нашар өседі, түптену кешігеді, щашақ басының көлемі де кішірейеді. Күрішке фосфордың алғашқы кезеңінде (көктеу) жетіспеуі, оның жақсы жетілуіне кедергі келтіреді, ал кейінірек берілген фосфор оның орнын толтыра алмайды. Сондықтан күрішті фосформен бастапқы кезде камтамасыз ету керек. Күріштің басқа дақылдардан өзгешелігі ол суда еритін фосфор қосылыстарымен қоса қиын еритін фосфор, калий, темір тұздарын жақсы сіңіреді. Басқа қоректік элементтерге карағанда күріш топырақтан калийді көбірек алады, әсіресе түтік шығару кезеңі басталарда калийді көп керек етеді. Сондықтан күрішті осы мерзімде калиймен камтамасыз етсе, солғұрлым тез жетіледі.Барлық тыңайткыштардың ішінде күріш өніміне неғурлым көбірек әсер ететін азот тыңайтқышы. Қызылорда облысының шалғынды-батпақ топырағында азоттың жеке өзін қолданғанда күріш өнімі 70%-ға артқан.
Күріш суда өсетін болғандықтан топырақтан азотты аммоний ионы түрінде сіңіреді, сондықтан күрішке аммоний сульфаты мен мочевина сияқты азот тыңайткыштары жақсы әсер етеді. Азот тыңайтқышының мөлшері көбейтілген сайын күріштің өнімі де арта түседі. Күрішке баяу сіңірілетін азот тыңайтқыштарын (мочевинді-формальдегидті) қолданудың маңызы зор. Бұл тыңайтқыштар кұрамындағы азотты өсімдік 2-3 жыл пайдаланады. Сондықтан баяу сіңірілетін тыңайтқыштарды көп мөлшерде сүдігер жыртар алдында бірден беру керек.
Күрішке органикалық және жасыл тыңайтқыштарды қолдану оның өнімін едәуір арттырады. Күріш ауыспалы егісінде органикалық тыңайтқыш (көң) мелиоративті танапқа гектарына 20-40 т есебінде беріледі. Алайда, күріш ауыспалы егісінде әрбір танаптың құнарлылығын реттеу үшін және дақылдардың өнімділігін арттыру үшін минералдық, органикалық тыңайтқыштарды ұштастырып пайдалану керек.
Қазақстан жағдайында күріш өсімдігінің азот пен күл элементтерін ең көп пайдаланатын мерзімі үш-төрт жапырақ салғаннан бастап тутіктенуге дейін, аз пайдаланатын кезі гүлдену, әсіресе дамуының соңғы кезеңі болып саналады [9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет