Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.
Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жеке жүйесі мен психикалық дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланыстық процес.
Сонымен адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты - биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.