Сонымен, тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Тұлғаның қасиеттеріне зейін, сезім, эмоция, ерік, темперамент, мінез және қабілет жатады.
1
Еріктің күшіне қарай: тоқтама, келушілік, кедергілерді жібере алу, өзін өзі меңгеру
2
Ерік қимылының сапаларына қарай: жеке мүддені ұжым еркіне қоғам мүддесіне бағындыра салуда көрінетін сапалар
3
Еріктің дербестігінен басқару сапалары: инициатива, принцип, тәртіптілік ... т.б.