ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, адам дегеніміз биологиялық, психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеуметтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес, олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам», «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір.
Адам туралы түсінік түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бұл, ең алдымен, Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.Адам биологияльқ тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын.
Айрырықша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, тану мен еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттігіне, мүддесі мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.
Адам, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі әрі бұл оның ең елеулі белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрылымын жетілдіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ оны өз еркіне бағындырды да. Адам - өзінен-өзі қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы. Тек қоғамда және қоғамның игі әсері арқасында ғана адам танып-білуге және еңбек етуге қабілетті болып қоймайды, сонымен қатар өзінің ішкі процестерін сезінуге, тілегі мен жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре білуге, парасатты түрде іс-әрекет жасауға бейімделеді. Өзіндік сана-сезім адам санасы дамуының филогенездегі (тектің тарихы) де, сондай-ақ онтогенездегі (индивидтің өмір тарихы) де шыңы болып табылады.
Адам алуан қырлы міне, сондықтан да, ол жаратылыстану ғылымдарының да, қоғамдық ғылымдардың да зерттеу обьектісі болып табылады. Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам құқығы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады.
Жеке адам қазіргі әлеуметтанудың, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу-оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты.
Достарыңызбен бөлісу: |