Компьютерлік желінің операциялық жүйесі көп жағдайда автономдық компьютердің операциялық жүйесіне сәйкес келеді және қолданушының, програмистің жұмысын қамтамасыз ететін, өзара байланысқан программалар тобын береді, олар бірқатар есептеу жүйесін және эффектілі бөлу әдісінің ресурстарын желіде орындалатын процестерінің аралығындағы көбейтуді қамтамасыз етеді. Компьютерлік желі - коммуникациялық жүйелер байланысын және желінің пайдаланушыларды тиісті программамен қамтамасыз ететін компьютерлер жиынтығы. Желі компьютердің әр түрін құрай алады, яғни шағын микропроцессорлар, жұмыс станциялары, мини компьютерлер, жекеленген компьютерлер немесе супер компьютерлер. Коммуникациялық жүйелерге кабельдер, қайталаушы, комутаторлар, маршрутизаторлар және тағы басқа кез-келген компьютер желілері арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қондырғылар енеді. Компьютерлік желі пайдаланушыға компьютермен автономды жұмыс істеуге және басқа да копьютерлік желінің ақпараттық және аппараттық ресурстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Желілік жұмысты ұйымдастыруда операциялық жүйе интерфейс ролін атқарады. Мәселен, МАС – адрес және LP – адрес. Компьютерлік желінің, сандық адрестің орнына, компьютерлік желінің операциялық жүйесі сақтауға ыңғайлы белгілі аттарды жүзеге асырады. Нәтижесінде пайдаланушы күрделі де қиын детальды барынша түсінікті ресурстарға айналдырады.
Желілік және бөлінген операциялық жүйелер
Операциялық жүйе қандай виртуальдық бейне жасайтын болса, соған байланысты компьютерлік желі аппаратурасын өзгертуге болады. Мұны желілік операциялық жүйелер және бөлінген операциялық жүйелер анықтай алады. Желілік операциялық жүйе шынайы желілік аппаратураға қарағанда жұмыс істеу барынша жеңіл виртуальды есептеу жүйесі болып табылады. Бұл виртуальдық жүйе өзінің шынайы прототипін, бөлінген табиғилығын толықтай жасыра алмайды, яғни виртуальдық желі болып табылады. Компьютерлік желінің ресурстарын пайдаланған кезде, операциялық жүйенің желісін пайдаланушы желілік ресурстарының жұмыс істейтінін әрқашан есте сақтайды және кейбір ерекше операцияларды орындау үшін қажет. Мәселен дисководтың желілік әріптеріне шығарылған, жойылған, бөлінген каталогты бейнелеу немесе каталогтың атының алдында қою үшін есте сақтайды. Желілік операциялық жүйені пайдаланушылар әдетте олардың файлдары қайта сақталатыны және бір машинадан басқа файл көшіргенде нақты командаларды пайдалануы тиіс. Желілік операция жүйесінде жұмыс істей отырып, пайдаланушы компьютердің кез – келген машинасына тапсырма бере алады және қай машинада оның тапсырмасының орындалатынын біледі. Егер ол тапсырманы басқа машинада орындағысы келсе, онда ол осы машинаға remote login командасын пайдалану арқылы логикалық қадам жасайды.
Операциялық жүйенің желісін дамытудың магистральдық бағыты желілік ресурстарды барынша жоғары жариялау болып табылады. Операциялық желі жүйелері пайдаланушыға біртұтас орталықтанған машинанық ресурстар түрінде көрсетіледі. Мұндай операциялық желі үшін бөлінген операциялық жүйе немесе шынайы бөліген операциялық жүйе деген арнайы атауды пайдаланады. Бөлінген операциялық жүйе әртүрлі желілік машиналар жұмысын дидактикалық және автоматты түрде бөле отырып, желілік машиналар жиынын виртуальдық уннипроцессор сияқты жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бөлінген операциялық жүйе есептеу жүйесінің масштабында біртұтас операциялық жүйе ретінде жұмыс істейді. Әрбір компьютер желісі осы ауқымды операциялық жүйенің белгілі бір міндетін атқарады. Бөлінген операциялық жүйелер компьютерлік желінің барлық ресурстарын тиімді пайдалану үшін бір – бірімен тығыз жұмыс істеу мақсатында біріктірді.