Пайдаланушылар ҚБЕАО ұсынатын бизнес қосымшаларының қызметтерін (төлем жүйесі, SWIFT, FASTI) пайдалану үшін бүгінгі таңдағы желісін және коммуникациялық жабдықты қолдана отырып, кіру мүмкіндігін ала алады. Атап айтқанда, ҚБЕАО Қазақстан нарығындағы мейлінше үлкен провайдерлер арқылы ұйымдастырылған, жалпы өткізу мүмкіндігі 6 Мбит/с-ға жететін Frame Relay арналары бойынша кіру мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа кіру үшін пайдаланушылармен бөлінген арналар ұйымдастырылуы мүмкін және коммутацияланған арналар арқылы кіру қызметі тұрақты жұмыс жасайды. Модульдік құрылыс пен пайдаланылатын модульдердің кең диапазоны желінің даму талаптарына сәйкес желісін және коммуникациялық жабдықтың мүкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.