Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздіктің алғашқы қадамы
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қаз ҰТУ-дың №1 жатақханасында Қазақстан
тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасының саясаттану және құқық
секциясының ұйымдастыруымен 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына
арналған «Желтоқсан жаңғырығы» атты көтеріліске қатысушылармен
кездесу өтті. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің жалынды жастық
шағын еске алып, студенттердің аязды күндерде, азаттықтың алғашқы
дабылы қағылған сәттерді тебірене еске алды. Кездесуге жиналғандар қазақ
жастарының 1986 жылғы бас көтеруін Ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас
бөлігі ретінде қарастыратындығын атап өтті. Олар сондай-ақ, жастардың өзге
ұлттарға қарсы емес, орталықтың үстемдігіне қарсы шыққандығын баса
айтты.
Кездесу
соңында
желтоқсан
ардагерлері
аға
оқытушылар
Ш.А.Абуханов пен Е.С. Қалмырзаевқа сый құрмет көрсетілді. Кешке Базалық
білім беру институты директорының орынбасары К.С. Нұрғалым, ҚТжӘГП
кафедра оқытушылары мен студенттер қатысты.
ББИ