Желтоқсан оқиғасы і ' •• • л Қазақстан Республикасы Парламенті



Pdf көрінісі
Дата07.02.2017
өлшемі183,78 Kb.
#3633

Желтоқсан

оқиғасы

і ' •• • л

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің 26 сәуір күнгі жалпы отырысында

депутат Нұртай Сабильянов саяси партиялар мен

қоғамдық бірлестіктердің басшылары. Парламент

депутаттары, қоғам және ғылым қайраткерлері

атынан Елбасына жолданған Үндеуді жария етті.

Оған демократиялық және халық-

аралық стандарттар бойынша саяси әрі

құқықтық тұрғыдан жаңаша

объективті баға беру барынша қажет

етіліп отыр

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

... Күрделі кезеңнің күйбеңімен



жүріп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы-

ның тарихи маңызын толық дәрежеде

бағалап үлгерген жоқпыз.

(«Ғасырлар тоғысында»

кітабынан)

Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-

намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап

қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға

лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын са-

ғаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн

қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр.

Ал егер халық басына түскен мұндай сынақтан

сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы

көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халық-

тың тағдырында тарихи оқиға болып қалады.

Үстіміздегі жылғы желтоқсанда халқымыз

екі ұлы тарихи күнді атап өтуге дайындалуда,

олар: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік

алуының 15 жылдығы және Қазақстандағы

Желтоқсан көтерілісінің (1986 ж.) 20 жыл-

дығы. Алғашқы тарихи күнді біз, әдетте, өз

деңгейінде атап өтеміз, ал XX ғасырдағы хал-

қымыздың тарихындағы аса көрнекті осы екінші

күнге деген көзқарас көңілдегідей емес. Қазақ-

станның дербестігі мен тәуелсіздігіне деген ха-

лықтың жұмылған ерік-жігерін алғаш рет нақ

осы көтеріліс білдіргеніне қарамастан, негізінен

бұрынғысынша, яғни кеңестік замандағы

күйінде қалып отыр. Желтоқсандықтар уақыт

талабына лайықты үн қата білді.

Осы уақытқа дейін біз оның қасіретін ғана

сөз етіп келдік, ендігі жерде оның шынайы

мәні, яғни осы оқиғадағы отансүйгіштік пен

қаһармандық туралы айтатын кез келді.

Халқымыздың, соның ішінде оның орыс

тілді бөлігінің тұтас бір тарихи кезең деуге

болатын осы 15 жыл ішінде өсіп-жетілген сана-

сезімі

 Желтоқсан оқиғасына демократия-

лық және халықаралық стандарттар бойынша

саяси

 әрі құқықтық тұрғыдан жаңаша

объективті баға беруді барынша қажет етіп

отыр. Бұрынғы ойдан шығарылған айыптаулар-

дың, бір жақты әрі жалған баға берудің сол

кездің өзінде жеткілікті негізі болмап еді, ал

қазіргі таңда уақыттың өзі оларды толықтай

теріске шығарды. Біздің көп ұлтты халқымыз

даналық танытып, сан түрлі арандатуларға

ермеді. Бүгінгі күні оған көптеген дәлелдер

бар.

Бұл оқиғалардың белсенді қатысушылары-



ның бірі Қ.Рысқұлбековке Халық Қаһарманы

атағы беріліп, оның ерлігі тиісінше жоғары ба-

ғаланды. Ал партиялық-полицейлік режімнен

қорықпай, қатыгездікпен жазаланатынын біле

тұрып, Қазақстанның ар-намысы, тәуелсіздігі

мен мүддесі үшін күреске шыққан жүздеген,

мыңдаған, тіпті ондаған мың жігіттеріміз бен

қыздарымыздың



 жаппай ерлігіне Қазақстан

осы 15 жылдық тәуелсіздігі ішінде неге тиісті

баға бермеді деген сұрақ көптің көкейінде

жүр.


Желтоқсан қаһармандары өздерін жаппай

соққыға жығып, қақаған аязда мұздай су шаш-

қанына қарамастан, өздеріне қарсы иттер, БТР-

лер жіберіп, сапер күректерімен және шоқ-

парлармен қаруланған милицияның ерекше

отрядтары, арнаулы әскерлердің курсантта-

ры мен солдаттарының айдап салынып, «бейбіт

жасақтар» дейтіндердің темір сыммен, арма-

турамен соққының астына алғанына, жаппай

тұтқындауға қарсы тұрып, бірнеше күн бойы-

на, бүкіл Қазақстанда бір жерде ашық бір

жерде жасырын түрде халықтың еркі мен

мұң-қайғысын жанына жалау етіп, республи-

каның дербестігіне, еркіндігіне және тәуел-

сіздігіне қол жеткізу жолындағы күресті жал-

ғастыра берді. Олар денсаулығын, болаша-

ғын, тіпті өмірін де құрбандыққа шалды! Сол

кездегі қыздарымыздың ерлігі мен батырлығы

ел ішінде аңызға айналды. Қоғамымыздың

озық ойлы бөлігінің көкейінде бүгінде біз олар-

ды неге мақтан тұтпаймыз, оқушылар мен сту-

денттерге неге үлгі етпейміз деген сұрақтар

тұр.

Біз Алматы, Целиноград, Арқалық, Ақтө-



бе, Жамбыл Жезқазған, Қарағанды, Көкше-

тау, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Шым-

кент жөне басқа да елді мекендерде халық-

тың наразылығы Қазақстанда тұрып жатқан

орыс ұлтының немесе басқа да ұлттардың

өкілдеріне қарсы бағытталмағанына кәміл

сенеміз. Олар саяси және әлеуметтік әділеттік

үшін көтеріліске шықты және туған елі - Қазақ-

станның намысын, еркіндігі мен егемендігін қор-

ғауды мақсат тұтты. Оның үстіне, Қазақстан-

ның нағыз патриоттары - өзге ұлт өкілдері,

оның ішінде Н.К.Фокина, И.Г.Дауранов сияқты

орыстар да бар, көтерілісшілер жағына шық-

ты. Қылмыстық және әкімшілік жауапқа тар-

тылып, комсомолдық-партиялық шара қолда-

нылғандар, оқу орындарынан,жұмыстан шы-

ғарылғандар, соққыға жығылғандар, тұрып

жатқан жерінен көшірілгендер арасында бас-

қа ұлт өкілдері де болды. Қайтыс болған

Е.Спатаев, С.Савицкий, Л.Асанова және басқ-

алар, сондай-ақ жарақат алған милиционер-

лер мен солдаттар баррикаданың қай жағын-

да жүргеніне қарамастан, олар да сол кездегі

партиялық режімнің солақай саясатының құрба-

ны болды. Бұл жөнінде тиісті орындардың ма-

териалдарында бұлтартпас дәлелдер бар.

Қазақ халқына қай кезде болсын интерно-

ционализм, төзімділік және Қазақстанда тұрып

жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген құрмет

сияқты асыл қасиеттер тән болып келді. Сон-

дықтан, оқиғаға

 шыншылдықпен жаңаша баға

беру, сөйтіп, Қазақстанның негізгі этностарының

арасына қағылған қажетсіз сынаны алып тастау

мемлекетте жүргізіліп отырған саясаттың заңды

жалғасы әрі ұлтаралық, дінаралық және қоғам-

дық келісімді одан әрі нығайту сияқты асыл мұра-

тымызға қол жеткізудің айқын айғағы, сондай-ақ



имандылық пен қайырымдылық актісі, осы

оқиға құрбандарының да, қызметтік және

қоғамдық міндеттерін жалған түсіну салдары-

нан жаңылыс басқандардың да ақиқатқа мойын-

сұнып, татуласу актісі болмақ. Біз бұл қиын түйінді

келешек ұрпаққа қалдырмауға тиіспіз.

Қазақстандағы Желтоқсан (1986  ж . )

көтерілісі және тәуелсіз мемлекеттердің құры-

луына, социалистік лагерьдің тарауына алып кел-

ген ұлттар мен ұлыстардың еркіндікке ұмтылы-

сының бастамасы болды, мұның өзі, түптеп кел-

генде, әлемдегі күштердің арасалмағының де-

мократияның пайдасына өзгеруіне жол ашты.

Алайда, әлем осы өзгерістердің бастауында

Қазақстанның тұрғанын мойындауы үшін біз бұған

өз елімізде әлемдік стандарттар бойынша то-

лыққанды баға беруге тиіспіз. Халықаралық

қоғамдастықтың көзге көрініп тұрған фактіні

мойындауы Қазақстанның беделі мен қадір-

қасиетін арттырады.

Дүниежүзілік маңызы бар бұл оқиғаны әлем

таныған тұлға және мемлекетіміздің ел таныған

көшбасшысы ретінде Елбасы ғана лайықты дең-

гейге көтере алады. Сондықтан осы идеяны қол-

дап, оны жүзеге асыруға бас болуыңыз сұрала-

ды. Бұл мәселенің шешілу дәрежесі демокра-

тиямыз үшін сын жене оның көрсеткіші де, сон-

дай-ақ қазақстандықтарға патриоттық тәрбие

берудің 2006-2008 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аса

маңызды құрамдас бөлігі болмақ.

Біздің арамызда да осы оқиғаның құрбанда-

ры бар. Алайда, біздің ниет - қара басымызды

күйттеу емес, жастардың жаппай ерлік пен

қаһармандық жасағанын танып, тиісінше сондай

баға берілуіне қол жеткізу. Біз осыны үлгі етіп,

өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін тиісті

деңгейде көтергіміз келеді. Осындай аса күшті

адамгершілік және идеологиялық негізде қазақ-

стандықтарды жұдырықтай жұмылдырғымыз

келеді, сөйтіп, оларды қарышты қадам

 жа-

сап, ерлік істерге баруын, сол арқылы

еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің

қатарына шығуын қалаймыз.

Мыңдаған, миллиондаған қазақстандықтар

атынан төменде ұсынылып отырған шараларды

қолдау өтініледі:

- өз шешіміңізбен Қазақстандағы 1986 жыл-

ғы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арнал-

ған іс-шараларды өткізу жөніндегі Мемлекеттік

комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құру. Оған

жоғары мәртебе беру үшін Мемлекеттік хат-

шыны немесе Парламент палаталары спикер-

лерінің бірін оның төрағасы етіп тағайындау. Ко-

миссия құрамына әр түрлі қоғамдық ұйымдар

өкілдерін, депутаттарды, Қазақстан халықтары

Ассамблеясының мүшелерін, осы проблеманы

зерттеп жүрген ғалымдар мен мамандарды

енгізу. Желтоқсан жылдығын лайықты қарсы алу,

қазақстандық патриотизмді насихаттау үшін Ко-

миссияға халықаралық ауқымда ұйымдастыру-

шылық, заңдық, тәрбиелік және мәдени іс-ша-

ралар кешені жоспарын әзірлеп, Үкіметке енгізуді

тапсыру;

іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін

Үкімет Комиссияға мемлекеттік резервтен не-

месе қосымша бюджеттік түсімдерден

жеткілікті қаражат бөлуі қажет;

- Комиссияның ұсынысы бойынша қажетті

заңнамалық актілерді қарау және қабылдау,

сондай-ақ ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі (Президи-

умы), Қазақстан Компартиясының Орталық

Комитеті, министрліктер мен ведомстволар

қабылдап, жаппай саяси қуғын-сүргінге негіз

болған актілердің күші жоқ деп тану.

Біздер 20 жылдық қарсаңында 1986 жыл-

ғы Желтоқсанның ұлылығын ұғынамыз және

лайықты баға береміз деп үміттеніміз, сон-

дай-ақ онымен мақтанамыз, туған еліміз

Қазақстанның болашағы - балаларымыз бен

немерелерімізді солардың отансүйгіштік және

қаһармандық өнегесімен тәрбиелейміз деп

сенеміз.


Саяси партиялар мен қоғамдык

бірлестіктердің басшылары:

Ғ.Е.Қасымов, Қазақстанның Патриоттар

партиясының төрағасы;



Ғ.А.Қалиев, Қазақстанның «Ауыл» соци-

ал-демократиялык, партиясының төрағасы;



Д.Н.Назарбаева, республикалық «Асар»

партиясының төрайымы;



 В.А.Сиврюкова,

Қазақстанның азаматтық альянсының прези-

денті, Қазақстанның ҮЕҮ конференциясының

төрайымы;



 Г.Ф.Беляков, Жетісу казактары

мәдени орталығының төрағасы;



 А.Г.Ким,

Қазақстан корейлері қоғамдық қорының

президенті, ҚХА мүшесі;

С.Б.Матаев, Қазақстан Журналистер ода-

ғының төрағасы;



 А.А.Орсариев, Қазақстан

Жастары конгресінің төрағасы;



 Н.М.Ораза-

лин, Қазақстан Жазушылары одағының төра-

ғасы;


 Т.А.Чернега, Украин бірлестігі кеңесінің

төрағасы;



 Б.Иманқожа, «Желтоқсан рухы»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 1986 жылғы

Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сотта-

лушы;


 М. А.Каримов, Татар-башқұрт қоғам-

дық және мәдени орталықтары ассоциация-

сының президенті, ҚХА мүшесі.

Қазақстан Республикасы Парламентінің

депутаттары:

З.Ж.Қадырова, С.М.Жалыбин, Қ.С.Сұл

танов, С.Әбдірахманов, Е.Ж.Жұмабаев -

Парламенттің тұрақты комитеттерінің төраға-

лары,

 Ә.Р.Жолшыбеков - «Отан» партиясы-

ның парламенттік фракциясының жетекшісі



Т.О.Әубакіров, А.А.Айталы, Л.Н.Бурлаков,

А.В.Гусинский, В.Я.Бобров. А.Қ.Бөлекбаев,

В.Н.Егоров, Ұ.Қараманов, В.Н.Котович,

Ә.Кекілбаев, И.Ф.Чиркалин, Р.Т.Шырдаба-

ев, М.Шаханов, Н.С.Сабильянов, З.Ө.Ал-

шымбаев, барлығы Мәжілістің 54 депутаты,

Сенаттың 31 депутаты қол қойған.



Қоғам және ғылым қайраткерлері:

М.Әлімбаев, Қазақстанның халық жазу-

шысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;



М.М.Әуезов, ҚР Ұлттық кітапханасының бас

директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;



М.А.Ахмадиев, ҚР халық әртісі, Ұйғыр теат-

рының директоры;



 Т.Айтбайұлы, жазушы,

«Алматы 1986», «Желтоқсан» кітаптарының

құрастырушы-авторы;

 Қ.Байбосынов, Қазақ-

станның халық әртісі;



 Г.К.Бельгер, жазушы,

бірқатар әдеби және қоғамдық сыйлықтар-

дың лауреаты;

 Т.Н.Бурмистрова, «Ұлттық

өнер» мәдени орталығының директоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет

қайраткері;



 А.Н.Гаркавец, ҚР Ғылым акаде-

миясының Тарих және этнография институты-

ның бас ғылыми қызметкері; ,

Ұ.Есдәулет

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы,

ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

 Т.Жа-

манқулов, ҚР халық ертісі, Мемлекеттік сый-

лықтың лауреаты;



 Д.Исабеков, Қазақтың

мәдениет пен өнер ғылыми-зерттеу институ-

тының директоры, жазушы, Мемлекеттік сый-

лықтың лауреаты; Қ.Қайсенов, Халық Қаһар-

маны, Ұлы Отан соғысының ардагері, халық

жазушысы, қоғам қайраткері;



 С.А.Қасымов,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері;



 Л.М.Картау-

зов, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғы-

сының ардагері, тың игеруші;



 Х.Қожахмет,

Саз аспаптары мұражайының директоры, |

«Азат» азаматтық қозғалысының төрағасы,

сазгер, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына

қатысқаны үшін сотталушы;

 М.Қойгелдиев,

профессор;



 Ө.Қопабаев, Д.А.Қонаев атын-

дағы университет ректоры, профессор,

«Құрмет» орденінің иегері;

 С.С.Қирабаев,

Ұлттық Ғылым академиясының академигі;



Ә.Мәмбетов, Халық Қаһарманы, Астанадағы

сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі,

КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың

лауреаты;



 М.А.Нәбиев, баспагер, 1986 жыл-

ғы Желтоқсан оқиғасына қатысты бірінші кітап

шығарған, «Он-олжа» корпорациясының

президенті;



 Ә.Ш.Тәтіғулов, академик,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;



К.Н.Нұрпейісов, Ұлттық Ғылым академиясы-

ның академигі;



 Ә.Нұршайықов, Қазақстан-

ның халық жазушысы;



 А.А.Осман, ҚХА

мүшесі, филология ғылымдарының кандида-

ты;

 С.Р.Погосян, Мемлекеттік сыйлықтың

лауреаты, М.Ю.Лермонтов атындағы акаде-

миялық орыс драма театрының актері;

 Ж.А.-

Сәбитова, Саяси қуғын-сүргін құрбандары-

ның Алматы қоғамының төрайымы, 1986 жы-

лғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сот-

талушы;


 Д.К.Сәдуақасов, жасөспірімдер

арасындағы шахматтан әлем чемпионы, халы-

қаралық гроссмейстер,

 О.О.Сүлейменов,

ЮНЕСКО-дағы ҚР өкілі, қоғам қайраткері,

халық жазушысы, Мемлекеттік және халықа-

ралық сыйлықтардың лауреаты.



«Егемен Қазақстан» газетінен.

Орталық Қазақстан.-2006.-3 маусым.-4 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет