S8_095 Кейбір құстар ұлулармен қоректенеді. Орманда тіршілік ететін ұлулар
түрлерінің қабыршақтары күңгірт түсті болып келеді. Ал көгалда
тіршілік ететін ұлулардың қабыршақтары ақшыл түсті болып келеді.
Қабыршақтардың осындай әр түсті болуы ұлулардың табиғи ортада аман
қалуына қандай көмегі бар екендігін түсіндіріңіз.
S8_096
Суретте қазба қалдықтары бар жартастың геологиялық қабаттары
көрсетілген. F қабаты ең үстіңгі, ал А қабаты ең төменгі.
Қазба қалдықтарының жасы туралы пайымдаулардың қайсысының
дұрыс болу ықтималдығы жоғары?
А қабатындағы қазба қалдықтарының жасы ең үлкен, өйткені олар
ең төменгі қабатта жатыр.
С қабатындағы қазба қалдықтарының жасы ең кіші, өйткені олар
тіршілік етіп жатқан ағзаларға ұқсас.
D қабатындағы қазба қалдықтарының жасы А қабатындағы қазба
қалдықтарының жасына қарағанда үлкен, өйткені D қабатындағы
қалдықтар ірілеу.
Е қабатындағы қазба қалдықтары мен F қабатындағы қазба
қалдықтарының жасы бірдей, өйткені олар бірдей болып көрінеді.
a
b
c