Курстық жұмысты (жобаны) бағалау критерилері
Курстық жұмыс (жоба) дифференциалды бағамен бағаланады.
Курстық жұмыстың бағасы аталған пән бойынша қорытынды жалпы
бағаның 100 балының 30 балынан тұрады. Оқытудың модулдік-
рейтингілік жүйесіне сәйкес курстық жұмысты орындау және
безендірудің ағымдағы бақылауына максимум 60% (18 балл) беріледі
және қорытынды бақылауына (қорғауға) максимум 40% (12 балл)
беріледі.
Курстық жұмыстың (жобаның) нақты бағасы орындалған
жұмыстың сапасы, оның безендіруі негізінде қорғаудың қорытындысы
бойынша қойылады, бұл ретте баға бал түрінде және әріптік мағынада
қойылады.Жұмыстың жетекшісі 60% (18 балл) қояды.
Комиссия қорғаудың нәтижелері негізінде 40% кӛп емес (12 балл)
баға қояды.
Оң баға хаттамаға және сынақ кітапшасына енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |