Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қолданылған әдебиеттер тізімі МЖМБС 7.1-2003 бойынша
безендіріледі.
Тізімді құрастыру барысында жүйеленген тәсілді қолдану
ұсынылады. Ол білім алушы ӛз зерттеуінің барысында қандай
нормативтік базаны қолданғанын және талдағанын анықтауға
кӛмектеседі.
Жүйеленген дегеніміз келесі тәртіпті білдіреді.
Бірінші орында – ресми құжаттар: ҚР Конституциясы, кодекстер,
конституциялық заңдар, заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР
Үкіметінің қаулылары, облыс заңдары (республикалық мағыналы
қалалар), жергілікті атқарушы органдарының қаулылары мен ӛкімдері,
хаттамалық ӛкімдер. Одан кейін статистикалық жинақтар, Орталық
статистикалық басқарманың күнделіктері, облыстың статистикалық
органдардың материалдары, архивтік мекеме материалдары кӛрсетіледі.
Ғылыми кӛздер жалпы әліпбилік тәртіпте орналасады. Тізімде
оқулықтар, монографиялар, мақалалар, Ғаламтор материалдары,
авторефераттар мен диисертациялар кӛрсетіледі.
Бір автордың жұмыстары хронологиялық тәртіп бойынша
орналастырылады.
Тізімнің соңында шетел тіліндегі әдебиеттер кӛрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |