Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет32/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Белдеуден өту. Белдеу жаққа бұрылу тек «ұшқан» соң ғана орындалады.Тіреніштен ажыраған кезде дене массасының жалпы орталық нүктесінің тік жылдамдығы жоғары классты секіруші де 4,9 – 5,2 м/с аралығында болады.
Белдеуге көтерілген сәтте сол жақтағы сермелген аяққа қол парралель жағдайда бағытталады. Қолдың ассиметриялық қозғалуында екі қол бір қалыпты орындалып, белдеуден өткен кезде қолдар денемен бір деңгейге қойылады. Қолдардың осылайша орналасуы неғұрлым тиімді, өйткені бұл жағдайда инерция азайып денені белдеу арқылы «лақтырудың» бұрыштық жылдамдығы арта түседі. Одан әрі секіруші барынша түсірілген аяқпен иіліп, белдеуге басымен және иығымен кіреді. Сермелген аяқ итерілген аяқтың деңгейіне дейін түсіріледі. Белдеуден өткен тұста аяқтар тізе буынынан бүгіледі. Белдеудің үстінде секіруші иіле келіп жамбасты көтереді. Белдеуден өткен сәтте қолдар артқа лақтырылып дененің кеуде тұсынан иілуі көбейе түседі, ал қолдар денемен бір деңгейде болғанда, жамбас түседі, ал қолдар денемен бір деңгейде болғанда, жамбас тұсының иілуі барынша шегіне жетеді. Дене массасының жалпы орталық нүктесі қозғалысының траекториясы аударылуы арқылы секірумен салыстырғанда ұзақтау болады. Секірушінің дене массасының жалпы орталық нүктесінің ең жоғарғы биігі белдеуден 20 см қашықтыққа жетеді. Ал аударылу тәсілінде ол 8 см болады. Жамбас белдеуден өте салысымен белдеуден тезірек
«кету» басталады. Ол басты бұрумен, жамбас тұстынан аяқты бүгу және тізе тұсынан тік ұстау арқылы орындалады. Секіруші белдеуден аяғымен сырғанап бара жатқандай болуы керек. Секіруші паралоннан жасалған матаға арқамен түсіп, іле шала баспен аунап кетеді.
Тест тапсырмалары:

Арқанмен секіруді «Фосбери-флоп» деп атауының себебі:



  1. ағылшынша секіру деген мағына береді

  2. осы әдіспен секірген, Олимпиада чемпионы атанған

  3. ол аспалап секірудің латынша аты

  4. жарыс өткен қаланың аты

  5. Месика президентінің аты

*****
Қайшылап секірумен фосбери-флоп әдістерімен екпін алудың айырмашылықтары:

  1. екпін алу бұрышы 30-40 градус

  2. екеуіде тік жүгіріп екпін алады

  3. фосбери-флоп әдісінде ақырғы 3-5 адымды доғамен жүгіреді

  4. айырмашылығ байқалмайды

  5. жоғары сөреде тұрып орындайды

*****
«Фосбери-флоп» әдісімен екпін алу ұзындығы:

  1. 9-11 адым

  2. 14-22 адым

  3. 6-7 адым

  4. 30-32 адым

  5. 24-27 адым

*****
Секірудің ең маңызды кезеңі:

  1. итерілу

  2. екпін алу

  3. таяқшадан өту

  4. итерілуге дайындалу

  5. жерге түсу

*****
«Фосбери-флоп» әдісмен секіргенде итерілу уақыты: A) 0,17-0,19 сек.
B) 0,28-0,30 сек.
C) 0,12-0,14 сек.
D) 0,30-0,35 сек.
E) 0,35-0,40 сек.
*****
«Фосбери-флоп» әдісмен секіргенде итерілетен аяққа түсетін күштің салмағы:
A) 400-500 кг.
B) 200-300 кг.
C) 70-80 кг.
D) 120-180 кг.
E) ондай деректер тіркермеген




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет