ІІІ БӨЛІМ. СНАРЯД ЛАҚТЫРУ ТЕХНИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ. ГРАНАТА ЛАҚТЫРУ.
Гранатаны ұстау. Гранатаны төрт саусақтың арасында ұстайды. Үлкен саусақ граната білегінде жатады, саусақтар гранатаны қыспай ұстайды.
Екпінмен жүгірудің алдыңғы кезеңі. Екпінмен жүгірген кезде доп немесе граната иық үстінде болады. Алғашқы бөлікке екпін серіппелі, алға- артқа дене құлшынысын жасап жүгіреді.
Екпін алудың соңғы бөлігі, лақтыруға дайындалу. Ақырғы адымда орындалатын адымды – лақтыру адымы деп атайды. Жылдамдықты төмендегідей оқушы гранатаны артқа ығыстырады, лақтыру алдында финалдық қозғалысты жасауға қолайлы қалыпқа келеді. Лақтыру адымы оқушының жеке дара мүмкіндігіне байланысты. Гранатаны ығыстырудың және лақтырудың ең оңтайлысы 4- адымнан лақтыру. Қайшылау адымы сол аяқпен итеріліп, оң аяқтың сермелуімен басталады.
Оң аяқ алға шығады, табанмен сырт жаққа бұрылып қырымен қойылады. Осы кезде дене оңғашалқайып бұрылады. Сол аяқ жедел алға шығып, өкшеден қойылады, табанның ұшы лақтыратын жаққа бағытталған. Содан кейін лақтырушы оң аяқты түзетіп, өкшені сырт жаққа бұрады. Оң жақтың жамбасы алға беріледі, дене салмағы оң аяққа ығысады. Шынтақтан бүгілген оң қол, гранатаны өзіне алып, тартылған садақша қалыпта жағдайдан өтіп, иықтың және қолдың алға-жоғары жедел қозғалуы арқылы граната лақтырылады. Лақтыру бұрышы 40-42°, граната тік жазықтыққа айналады. Лақтырылғаннан кейін тепе-теңдікті сақтап қалу үшін, оң аяқты тез алға шығарып, табанды іш жаққа қаратып, аяқты тізеден бүгу әдісі дұрыс болады. Тізеден отырып лақтыруда оқушы оң жаққа денені бұрып, оңтізегеотырады, аяқтың ұшын жерге тіреп, тізеден бүгілген сол аяқ, толық табанға қойылып, лақтыруға ыңғайлы жағдайда тұрады. Гранатасы бар қол төмен артқа ығысады, содан кейін лақтыру «арқадан» иық арқылы өтеді. Граната ұшысымен лақтырушы дененің қозғалысын аяқтап, алға
еңкейеді. Бүгілген сол қол кеудеде бүгіледі. Жамбас оң жаққа бұрылған, аяқ арасы сәл ашық, оң аяқ табанның ұшымен ішкі жақ қырымен, сол аяқ сырт жағымен жерге тірелген. Тік қолды артқа оң жаққа апарып, лақтырушы сәл оң жаққа бұрылып, аяқпен дене бүгіледі. Бірақ аяқты тіреу бұзылмау қажет, сол қол түзеледі. Лақтырар алдында кеуде оң аяқтың тізесіне таялады, гранатасы бар қол артқа оң жаққа бағытталған, алақанымен жерге тірелген сол қол түзу. Лақтыру денемен аяқтың түзетілуінен басталады. Лақтырушы сол қолға тірелу арқылыденені алға ығыстыра көтереді, осы дененің қозғалысы қолдың төменнен жоғары көтеруін жеңілдетеді. Тік қолмен лақтырғаннан кейін, қолды бүгіп, кеудені жерге тигізіп жату қалпын сақтайды.