міндет. Ұшу кезіндегі қозғалыс техникасын үйрету.
«Аяқты бүгу» тәсілі.
Секірудің басты фазалар техникасын меңгерген соң (итерілу, екпін алу және жерге түсу), секірудің ұшу кезінде денені мықты, нақты ұстау фазасын сақтау тәсілдеріне үйренуге көшуге болады.
Жоғарыда айтылғандай тәсілдердің ең қарапайымы «аяқты бүгіп» секіру. Ұшудан кейін «қадам» қалпына келіп, тізелерін кеудеге тартып, алға лақтыру керек.
Ұшу кезіндегі қозғалысты меңгеру үшін мынандай жаттығулар қолданылады:
3-5 қадамнан екпін алып «қадам» жағдайында жерге түсіп
«қадамда» секіру.
алға қарай аздап ұмтылып, алдыда тұрған аяққа артта қалған итеретін аяқты созу;
5-7 қадамнан екпін алып, екі планка арқылы секіріп, жүгіріп өту;
«Аяқты бүгу» тәсілімен ұзыдыққа әртүрлі екпін алып, мосттан итеріліп секіру;
«Қадамда» ұшуды және шығыршықтарда (кольцо) ілінуді имитациялау.
«Бүгілу» тәсілі.
Оқушылар «аяқты бүгу» қарапайым тәсілін меңгерген соң,
«иілу» тәсілінің техникасын үйретуге өтуге болады. Осы тәсілдің техникасын үйрету орташа екпін алу арқылы секіруді толық көрсетуден, содан кейін – қысқа екпін алып секіруден басталады. Оқыту кезіндегі негізгі жаттығулар:
қысқа екпін алып секіру (3-5 екпін алу қадамы), ұшудан кейін серпілген аяқты төмен – артқа жіберіп, бөксені алға шығарып еңкею қажет, қолды екі жаққа көтеріп, екі аяқпен жерге түскен жөн;
қысқа екпін алып секіріп, серпілетін аяққа назар аударып, екпін алып секіріп, уақытында аяқты бүгіп, белсенді жерге түсу, сол сәтте қолды төмен, артқа жіберу керек;
қысқа екпін алып секіру;
екпін алу ұзындығын ұлғайтып, жерден итеріле секіру.
«Қайшы» тәсілі.
Секірудің ұшу фазасының техникасын қалыптастыруда орташа екпін алуын толық көрсетудің көмегімен ұшудың бұл тәсілін үйрену үшін:
екпін алудың 3-5 қадамында секіріп, серпілген аяқты төменге жіберіп, сол аяққа жерге түсіп, алға бүгілу;
1-3 қадамда ұшу кезінде аяқты ауыстырып секіру,итеретін аяқ алда болады;
екпін алудың 3-5 қадамында секіріп, ұшу барысында аяқ қалпын ауыстыру, бірақ итерілетін аяққа жерге түсу;
жүріс кезінде қолдың қозғалысын имитациялау;
шығыршықта ілініп тұрып аяқты ауыстыру және гимнастикалық төсеніштерде жатып имитациялау;
«қайшы» тәсілімен әртүрлі көлемде екпін алып, грунттан итеріліп секіру.
Барлық жаттығуларды орындаған кезде назарды аяқтың қозғалысы бөкседен басталып, еркін, үлкен қадамдармен орындалатындығына аударған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |