100 метр қашықтыққа кедергіден жүгіру техникасы
Кедергі қойылған 100 м аралықта спортшы қыздар 49-50 адым жасайды; сөреден бірінші кедергіге дейін 7 -8 адым, сөре бөлігін 5 адымда жүгіреді; дистанция бойымен жүгіру техника жағынан ерлермен бірдей.
Сөре және сөрелік қозғалыс жүгіру жағынанан 110 м кедергіден жүгіруге ұқсас. Сөрелік қозғалыста адым ұзындығы бірте-бірте ұзарады. Бірінші кедергіге итерілер алдыңғы аяқтан итерілетін аяқ 10-15см қысқа 8 адымдық екпін алады (алдыңғы тірегішке итерілетін аяқ қойылады), осылай аяқты қою кедергіге кіруге өте ыңғайлы жағдай жасайды. Кедергіде жүгіруші сөреден шыққанда спринтерлер сияқты жүгіреді. Жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде ең қолайлысы - жеті адымдық жүгіру.
сурет. Кедергіге шабуыл жасау фазасы.
Дистанция бойымен жүгіру құрылымы жағынан спринтерлік жүгіріске ұқсас, бірақ кедергіден жүгірудің өз техникасы бар – ол кедергіден жүгіру адымы.
Кедергіден өткенде итеру бұрышы 60-70°. Итерілу кедергіден 195-200 см жерден басталады. Кедергіге шабуыл жасағанда аяқты созған жағдайда жедел жылдамдық қамтамасыз етілмесе, қозғалыс жылдамдығы төмендейді, ал жақын қою кедергіден секіруге әкеледі. Спорт шеберлерінің кедергіден жүгіру адымы (300-310м),ол бірінші разряд спортшыларына қарағанда орта есеппен 10 см –ге кем. Жүгіру адымының азаюы, көбінесе, кедергіден түскен аралықты азайтып, кедергіге кірер адымды ұзарту. Ол кедергіні тік бұрышпен итеріп шабуыл жасауға жағдай жасайды.
Сермелетін аяқ кедергіден өткенде, сәл бүгіліп ерлердің
110 метр кедергіден жүгіруі тәріздес сирақты алға сілтеп тастайды.Сермелетін аяқ кедергінің екінші жағына жедел қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ кедергіден доға тәріздес табан сырт жаққа бұрылған бойы алға тасталады. Тізе табан мөлшерінен жоғары көтеріліп, сан бұлшық еттерінің алға қозғалуын және кедергі арасын жүгіруді бірінші адымда тез орындалуын камтамасыз етеді. Итерілетін аяқты алға бағыттамай жоғары бағыттау үлкен қате, бұл, көбінесе, дененің ерте көтерілуіне әкеп соғады.
Кедергіден жүгіруде тепе теңдікті тұрақты, тік қозғалысты қолмен аяқтың бірдей қозғалысы қамтамасыз етеді. Кедергіден аттап өткен кезде сермелген аяққа қарама- қарсы қол сәл түзетіліп, алға тасталады. Кедергіден түсер сәтте итерілетін
жақтағы қол жанына, төмен ,артқа қозғалыс жасайды. Артқа қозғалған кезде шынтақ негізгі болып келеді. Қолдың астынан итерілетін аяқтың тізесі өтеді.
Әйелдердің кедергіден жүгіріп өтудегі кейбір ерекшеліктері мынадай:
- дене көп алға бүгілмейді және кедергіге шабуылдағанда қатты ырғақпен тасталмайды;
кедергіден өткенде итерілген аяқты алға тастап, денені жедел еңкейтіп, сермелген аяқты тарта түзету;
кедергіден кідірмей тоқтаусыз жүгіріп өтуі.
Сермелетін аяқтың сан мен тізесі кедергіге кіргенде жоғары көтерілуі бұл жамбасты алға шығарып,кедергіге жедел шабуыл жасауға өз үлесін қосады.
сурет. Кедергіге шабуыл жасау және түсу қалпы
Кедергі арасын 3 адымда жүгіруді дистанция бойымен жүгіргенде адым ұзындығы әртүрлі болып келеді, бірақ ырғақ тепе-теңдігі сақталады. Кедергіден түскеннен кейін екі адым ұзартылады. Ал үшіншісінде қысқартылады. Кедергі арасымен жүгіргенде адым ұзыындығының жобасы мынандай: бірінші адым 160, екінші 200, үшіншісі 190 кедергіге итерілу аралығы
200. Мәреге жету ақырғы кедергіден өткеннен кейін басталады және мәре сызығына дейін бес спринттік адым жасалады. Мәре
бөлігін жүгіріп өткенде дене бос, қысылмай, ерте және қатты еңкеймеуі қажет. Себебі, көп мөлшерде еңкею сермелген аяқтың ақырғы кедергіден төмен өтуіне әкеледі, ол кедергіге соғылуға, тіпті құлатып кетуге өз әсерін тигізеді. Бұл тепе–тендіктің жоғалуын және мәре бөлігіндегі жылдамдықты төмендетеді.
сурет.Кедергіден өту қалпы (алдынан көрініс)
Достарыңызбен бөлісу: |