Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған


Қымыз бен шұбатты халықаралық нарыққа



Pdf көрінісі
бет54/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
                          Қымыз бен шұбатты халықаралық нарыққа... 
 
 
Қазақ  қоғамында  ерекше  тұтынушылық  сұранысқа  ие  болып  отырған 
қымыздың  құрамында  амин  қышқылы  мен  өкпе-тыныс  жолдары  ауруларына 
қарсы  күресуге  қабілеті  бар  бірнеше  дәрумендер  бар  екендігін  шет  елдіктер, 
әсіресе,    еуропалық  тұтынушылар  біле  бермейді.  Халықаралық  нарықта 
қымыздың  таңсық  саналатыны  сондықтан.  Егер  жат  жұрттықтарға 
қымызды биоқоспа ретінде ұсынса, әлдеқайда тиімді болуы мүмкін. 


 
57 
 
Бүгінгі  таңда  дамыған  елдерде,  әсіресе,  Францияда  қымызды  теріні, 
әсіресе, беттің терісін жасартуға септігін тигізетін косметикалық өнім жасауға 
қызығушылық артып келеді. 
 
Бүгінде  Қазақстанда  қымыз  бен  шұбатты  кептіріп,  таблетка  немесе  ұнтақ 
ретінде сатуға қатысты ұсыныстар жиі көтеріліп жүр. 
 
Бір  кездері  әр  қазақтың  дастарханының  сәні  болған  қымыз  ХІХ  ғасырда 
кең қолданылған. Орыс дәрігері Нестор Постников қымыздың емдік қасиетінің 
теңдессіз  екенін  айтқан  кеңесінен  кейін  оның  әріптесі  Нефтель  арада  бір  жыл 
өткенде Орынбор әскери госпиталінде туберкулезбен ауырған он бес сарбазды 
қымызбен  емдеу  үшін  арнайы  тәжірибе  жасайды.  Белгілі  бір  уақыт  өткен  соң  
қымыздың  емдік  қасиетіне  көз  жеткізген  ол  өз  әріптестеріне  қымызды 
насихаттайды. 
 
Құрамында  А,  В1,  В2,  В12,  Д,  Е,  С  дәрумендері  бар  қымыз  адам 
бойындағы  туберкулез,  гастрит,  холецистит,  энтерит  ауруларының  асқынған 
түрлерін және дисбактериоз, тоқ ішек пен асқазандағы жараны емдейтін, жүрек, 
қан тамырлары, жүйке, ас қорыту жүйесі ауруларына,  қан айналысына жақсы 
әсер етеді. 
 
Өкінішке қарай, емдеу-сауықтыру шараларымен айналысатын шет елдік ірі 
компаниялар  қызығушылық  танытып  отырғанмен,  экспорттағанда  арнайы  
күтімді  қажет  ететін  ұлттық  өнім  тасымалдау  мәселесі  жағынан  қиындық 
туғызып  отыр.  Осы  себепті  отандық  ғалымдар  қымыз  бен  шұбатты 
экспорттағанда  дүние  жүзі  кеңінен  қолданып  отырған  сублинациялық  тәсіл 
арқылы  кептіріп  тасымалдауды  ұсынады.  Сондықтан  олар  өнім  сапасын 
жақсартуға  немесе  кептіру  уақытын  қысқартуға  мүмкіндік  беретін 
микротолқындық  техникаға  иек  артып  отыр.  Бұл  мәселе  ауылшаруашылық 
мамандарының  қызығушылығын  туғызып  отырғанмен,  олар  қаржылық 
тұрғыдан  көмекке  зәру.  Қазіргі  фермерлер  ғалымдардың  ұсынысын  қабыл 
аалып, бұл істі қолға алса, оларға техника сатып алуға, оны өндіріске енгізуге 
мол қаржы керек. 
 
Кептірілген  өнімнің  шұбаттағы  сапасы  100  пайыз  болса,  ал  қымыздың 
құрамынан тек спирт ұшып кетеді екен. 100 келі шұбаттан 10-12 келі таблетка, 
ал қымыздан 7-8 келі таблетка жасалады. Себебі, қымызда құрғақ заттар, белок, 
май  аз,  негізінен  ылғал  көп.  Бірақ  отандық  ғалымдар  сусындардан  жасалған 
таблеткаларға  түрлі  көкөністің  құрамдас  бөліктерін  қоспақ.  Бұл  халықаралық 
нарықтағы  сұранысты  арттыруға  септігін  тигізеді    және  де  балаларға,  ауру 
ересек адамдарға өте пайдалы. 


 
58 
 
Қазіргі  уақытта    Еуропа    мемлекеттерінің,  Жапонияның  медициналық 
компаниялары    қызығушылық  танытып  отыр.  Израиль  кәсіпкерлері 
қазақстандық  сүт,  жүзім,  саңырауқұлақ,  жылқы  еті  сияқты  өнімдерді  өңдеуде 
серіктес  болуға  дайын  екендіктерін  мәлімдеді.  Оларды  сондай-ақ  қазақ 
даласында ғана кездесетін  екі өркешті түйелер қызықтырады екен. Олардың еті 
мен шұбатынан керемет өнімдер дайындауға болады деп сендіреді олар. Бірақ 
мұндай келелі іске екінші деңгейлі банктер қаржы бөлуге құлықсыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет