Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған


шығармадан мәтін жазып  келіңіз



Pdf көрінісі
бет76/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91
шығармадан мәтін жазып  келіңіз.  
     
              1. Мәтін мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз. 
              2.  Ғылыми  сипаттау  мәтініндегі  термин  сөздерді  түрлеріне  қарай  
топтаңыз.  
 
        Таяу уақытта қалта телефонының жаңа үлгілері  ток күшін тым көп қажет 
ететін болады. Бұл жөнінде Финляндияның «Нокия» фирмасының бас инженері 
Ирье  Неуво  Сан-Францискода  микросхемаларға  байланысты    өткен 
халықаралық конференцияда мәлімдеді. 


 
84 
 
«Қалтаға  салатын  аппараттың  көлемі    уақыт  өткен    сайын  кішірейіп,  ал 
атқаратын  қызметі,  керісінше,    ұлғайып  барады.  Мысалы,  қалта  байланыс 
құралдарында жоғары дәлдікті қамтитын жарқылы бар фотокамералар (алдағы 
уақытта    видеокамералар  жасалатын  болады),  Интернет  және  басқа  да 
желілерден  алынған  ақпараттарды  көрсететін  түрлі-түсті  экрандары 
аккумуляторға  ауыртпалығын  түсіруде.  Тек  литийонды  технологияларды 
пайдалануына орай телефон батареялары соңғы он жылда сыйымдылығын үш 
есеге  үлкейтті.  Енді  телефон  аккумуляторы  энергиясының  тығыздығы 
соншалық,  егер  кішігірім  ақау  орын  алатын  болса,  төсқалтадағы  телефон 
жарылып кетуі мүмкін немесе адамды күйдіруі мүмкін»,-дейді ол. 
 
Алайда,  прогресс  онымен  санаса  ма?  Неувоның  пікірі  бойынша,  жаңа 
модельдердің  энергетикаға  деген  сұранысы  жылына  орта  есеппен  10  пайызға 
өсіп  келеді.  Бірақ  химиялық  ток  көздерін  жасаушылар  ондай  талапты 
қанағаттандыра алмайтынын алға тартады. Сондықтан, тығырықтан шығар жол 
біреу  ғана:  аппаратты  жиі  зарядқа  қою.  Енді  телефонды  күніне  бірнеше  рет 
зарядтау керек болады. Егер олай болатын болса,  онда аккумуляторды да жиі 
ауыстыруға  тура  келеді.  Себебі,  олардың  қызмет  мерзімі  –  «заряд-разряд» 
циклінің бірнеше жүздеген рет қайталануынан құралады. 
 
Соңғы  кездері  аккумуляторды    жанармай  элементтерімен  ауыстыру 
жөнінде    де  ойлар  туындап  жүр.  Ондай  кезде  телефонға  темекі 
тұтандырғыштағы сияқты спирт немесе пропан газын құйып тұру керек болады. 
Алайда, бұл технология соңына дейін жеткізілген жоқ. Сондай-ақ жанармаймен 
жұмыс  істейтін  телефон  көлемі  де  әлдеқайда  үлкен  болмақ.  Бұл  телефонның 
тағы бір қолайсыздығы – телефонға қоса жанармай көтеріп жүруге тура келеді.  
 
Қазіргі  қолданыстағы  телефондар  Интернет  сайттарын  қарау,  олардан 
қажетті  көріністерді    алу  үшін    үш  ватт,  тіпті  одан  да  көп  ток  қуатын  қажет 
етеді.  
 
Англияда караокесі бар қалта телефондары сатылымға шықты. Онда қалта 
телефонының  бұрынғы  қасиеттеріне  қоса,  теледидар  қарауға,  радио  тыңдауға, 
видеоклип жазуға және оларды редакциялауға болады. 
 
          «Зерде» журналынан алынған. Оқу бағдарламасына сәйкес ықшамдалған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет