56
көмектеседі. Осы ретте үй жануарлары ешкі мен сиыр өзара «жарысқа» түсетін
секілді.
Ғалымдар әуелгіде лактоферринді сиырдан алу үшін, оған гендік жүйемен
көптеген «түзетулер» енгізді. Бірақ, сиырдың сүтіндегі белок барлық сәбилерге
бірдей жарай бермейтіні анықталған. Бұдан кейін, адамның генін ешкіге енгізу
туралы батыл идеялар жүзеге асырыла бастады. Міне, осылайша ешкі сүтінде
аса бағалы әрі адам ағзасына пайдалы белок пайда болды. Жалпы, қай халық
болмасын ешкі сүтінің маңызды әрі пайдалы екенін ерте кезден білген. Енді
міне, гендік жүйесі өзгертілген ешкінің сүтінен лактоферрин жасалуда. Бұл
үшін адамның ДНК (тұқым қуалау кодының ұзақ мерзімдік молекуласы)
жүйесінің бір жапырағы бөлініп алынады. Ресей Ғылым академиясы биология
институты ғалымдары адамнан лактоферриннің генін бөліп алып, оны ешкінің
геніне орналастырған. Қазіргі уақытта ресейлік ғалымдар осындай сегіз бағыт
бойынша генетикалық құрылымдар жасаудың жолдарын қарастыруда. Бұл
жерде ешкінің өсімталдығы, сиырға қарағанда икемділігі мен төзімділігі, тез
өсіп-өнетіні жетекші орын алады. Оған қоса, ешкілер жылына екі рет
лақтайды. Әр маусымда бір ешкі шамамен мың литр сүт береді. Сиырларға
аусыл, буруцуллез, туберкулез, құтырма секілді аурулар үйірсек келеді. Бұл
жағынан алғанда да ешкі малының бойында мұндай ауруларға қарсы тұратын
мықты иммунитет қалыптасқан. Олар сиыр секілді күндіз-түні мәпелеп бағуды,
ерекше күтім жасауды талап етпейді.
(Оқу бағдарламасына сәйкес болғандықтан, Интернеттен алынды).
Достарыңызбен бөлісу: