Женісова Мөлдір КО-21
Тәуелсіздік-тірегім
(эссе)
Халық үшін мемлекетінің бейбіт әрі қауіпсіз болуы бақыт.Дәл сол сияқты біз
қазіргі ұрпақ тәуелсіз ғасырда,елде өмір сүріп жатқанымыз үшін шүкіршілік
етуіміз керек.
Сан ғасырлар бойы Ресей Империясының құрамында болып,қаншама қазақ
азап шеккені мәлім.Біздің халық ашаршылық, шұрайлы жерлерді тартып
алу,бейкүнә жандарға жазықсыз жала жабу,қазақты құлдық санадан
шығармай ұстау,мәжбүрлі түрде шоқындыру сынды адам төзгісіз саясаттың
құрбандары болды.КСРО 1991 жылы ыдырағаннан кейін қазақ халқы жеке
дара мемлекет болып қалыптасты.
Алғаш тәуелсіздік алған жылдар еліміз үшін ауыр әрі дағдарыс кезеңі
болды.Тіпті бір қап ұн бір қой яки бұзау болғанын үлкен кісілерден жиі
естейміз.Алайда жаңа құрылған жас мемлекет үшін бұл өте қиын сәттер
еді.Алайда біз барлық қиын кезеңдерден өтіп,қазіргі кезде дамыған
мемлекеттер қатарына кіруге ұмтылыс жасап жатырмыз.Қазақстанның
қазіргі кезде жеткен жетістіктері өте көп.Атап айтқанда,2007 жылы
Қазақстан халқы үшін аса маңызды "Мәдени мұра" бағдарламасының екінші
кезеңі жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік бюджеттен аталған
бағдарламаны жүйелендіруге, сақтап және дамытуға 4 миллиард теңге
бөлінді. Алғашқы кезеңге — 2,7 миллиард теңге, соңғысына 5 миллиардтан
аса бөлінді.Сонымен қатар,010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан
айында Қазақстанда саммит өткізілді.2011 жылы Қазақстанда алғаш рет
қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70
медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і қола.2012
жылдың 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме өткізу
құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен
Астана 103 дауыс жинады.Тағы да ірі жетістіктеріне тоқтала кетсек,2017
жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды. Аталған
көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны
тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені
өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.2018 жылдың 1
қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ете
бастады. Төрағалықтың негізгі мақсаты Орталық Азия мен Ауғанстан
бойынша құжат қабылдау болды. Кеңестің тұрақты емес мүшелері бұл
қызметке кезекпен кіріседі.Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жеткен
жетістіктерінің бір бөлігі ғана.
Биыл менің Қазақстанымның тәуелсіз ел болғанына 30 жыл
толды.Тәуелсіздіктің арқасында, шаттық пен бақытқа толы өмір сүріп
жатырмыз.Ата-бабамыз сияқты қиыншылық көріп жатқан жоқпыз.Тәуелсіз
ел болғандықтан біз тәуелсіз ел екенімізді мақтанышпен айтамыз.Тәуелсіздік
қазір болмаса, біз де ата- бабамыз сияқты қиыншылықты көруіміз мүмкін
еді.Сол себепті, тәуелсіздік тірегіміз.Әрбір жанға тәуелсіздік оның тірегі
болады.Тәуелсіздік тірегім.