Жер беті және оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб арқылы кішірейтіліп кескінделеді


Рельеф Бедердің негізгі пішіні. Горизонтальдар әдісі



бет2/2
Дата02.03.2023
өлшемі0,73 Mb.
#71139
1   2
Рельеф
Бедердің негізгі пішіні. Горизонтальдар әдісі

Жер бетінде әртүрлі құрылыстар, егістіктер, шабындықтар, жолдар, т.б. заттар бар. Осындай жер бетіндегі заттардың жинағын геодезияда ситуация деп атайды.


Ал, жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жоталардың, ойпаттардың жинағын жердің рельефі (жер бедері) деп атайды.
Рельеф – әр түрлі өзгерістері бар беттің көрнекті құрылымы. Жер бетінің ең тән географиялық белгілері - таулар, үстірттер және жазықтар.
Рельеф географиялық апаттардың синонимі болып табылады. Бұл инциденттер жердегі немесе су экожүйелерінің біркелкі еместігі мен біркелкі еместігі түрінде болады, олар нақты аумақтарда және көп жағдайда текстурада өзгерістерді қамтамасыз етеді.
Рельефтердің климатты, флора мен фаунаны зерттеу үшін маңызы зор. Олардың жер бетінде пайда болуы жердегі ішкі процестерге, табиғи мінез-құлыққа немесе адамның араласуына байланысты болуы мүмкін. Кейбір географиялық нысандар, мысалы таулар, аңғарлар, қыраттар мен жазықтар, ұзақ мерзімді эрозия, гравитация және климат сияқты факторлармен түсіндіруге болады. Сол сияқты, рельеф термині өнер әлеміндегі мүсіндік техникаға сілтеме жасау үшін қолданылады.
Карталар мен пландарда рельеф гозизонтальдармен белгіленеді. Горизонтальдар деп теңіз деңгейімен есептегенде биіктіктері бірдей немесе абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын тұйық сызықтарды атайды.
Бейнелеу кезінде жер беті бедерінің төмендегідей негізгі түрлері ерекше көзге түседі:

  1. Тау, төбе - айналадағы жазық кеңістіктен биік көтерілген күмбез, конус тәрізді жер бедері. Оның төбесі, беткейі және етегі болады.

  2. Қазан шұңқыр - жер бетіндегі қазанға ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі және кернеуі болады.

  3. Жота, тау жотасы - бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады.

  4. Өзек - екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созыла жатқан, су ағатын ойыс. Оның екі қабағы болады. Өзек дами келе сайға айналады. Өзектің ең төменгі нүктелері арқылы жүргізілген сызықты - су ағар (тальвег) деп атайды.




Сурет - Горизонталь





  1. Қайқы бел - асу-тау қырқаларының бөліктері арасындағы ояң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады.

  2. Жыра – жауын және қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Жыралардың тереңдігі 10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ ирек сызықтармен белгіленеді (сурет 7.4).



тау шұңқыр


жота өзек






қайқы бел, асу


Сурет - Рельефтің түрлері


Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазан шұңқырлар мен өзектерді бейнелегенде бұрылыстың ішінен қойылады. Карталарда горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады.


Жер бедерін кескіндейтін горизонтальдың мынадай қасиеттері бар:
1. Бір горизонтальдың бойында жатқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады.
2. Тұйықталған горизонталь төбе не қазан шұңқырларды білдіреді. Оларды бергштрихтар немесе жазулар арқылы айыруға болады.
3. План мен карталардағы горизонтальдар үздіксіз болуы тиісті.
4. Горизонтальдар бір-бірімен қиылыспайды.
Топографиялық түсірістер нәтижесінде жер бетіндегі нүктелердің пландық орны мен биіктіктері алынады. Осы нүктелер биіктіктері негізінде жердің бедері горизонтальдар арқылы бейнеленеді. Ол үшін ең алдымен жер бедері қимасының биіктігі таңдалып алынады. Содан кейін бір еңістікте жатқан нүктелер түзу сызықпен қосылады. Сол сызықтар бойынан жер бедері қимасының биіктігіне сәйкес келетін нүктелер табылады. Бұл әрекеттерді интерполяциялау деп атайды.
Горизонтальдардың пландағы ара қашықтығы салынды немесе табан деп аталады. Егер горизонтальдар бір-біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алыс болса, онда беткейдің жатық болғаны.
Іргелес орналасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын қима биіктігі (Һ) деп атайды. Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне тікелей байланысты. Осыған сәйкес әртүрлі масштабтағы карталар үшін келесі кесте 2 қима биіктіктері (Һ) қабылданған.

Кесте - Қима биіктіктері



Масштабтар

1: 500

1: 1 000

1: 5 000

1: 10 000

1: 25 000



Һ

0,5

0,5

1,0

2,0

5,0



Күрделі жер




1,0

2,5

5,0

10





Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор. Әсіресе, тау-кен жұмыстарын ашық әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Мамандар жер бедерінің түрлерін айырып, құрылыстарды жобалауда, кеніштерді салуда және оларды дұрыс пайдалана білулері қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет