І нұсқа 1. Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам шамамен 15 000 см² , оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?
А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.
В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.
С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.
Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ
2. Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді.
Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп,сезінеді?
А. 100%
В. 51%
С. 21%
3. Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді.
Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ әуежайдан көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады. Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады.
Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды шығарыңыз.
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Жер бетіндегі ауа қысымы 750мм, 5000 м биіктіктегі ұшақ сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындылардың қайсысын дұрыс деуге болады?
Жауабы: 250мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді.
4. Желдің адамға тигізер пайдалы және пайдасыз жағын талдаңыз.
Желдің зиянды әрекеттерінен адам өмірін қорғаудың қандай жолдарын ұсынасыз?
______________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы:Пайдалы жағы: ауаны алмастырып тазартуы, таза әрі арзан қуат көзі, жел диірмені, спорттық мақсатта пайдалануға болатындығы
Пайдасыз жағы:Апатты дауылдар-тайфун, боран, шаңды дауыл.
Қорғану жолдары: Ауа-райын алдын-ала болжай білу керек.
Алыс жолға табиғат аясына шығарда алдағы ауа-райы жайлы ақпараттармен танысу керек. (Теледидар. ғаламтор, газеттерден)
Апатты дауыл жақындағанда қауіпсіз жерге кетуге тырысу қажет, үлгермесе тығылатын пана жер тезірек табу керек.
Шаңды, құмды дауылға тап болғанда адам басын, бетін бүркеу керек.
Ескерту: Осы мағыналас жауаптар қабылданады.
5. Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Адам желдің күшін өте ерте заманнан пайдаланып келеді.
Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы: 1.Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта)
Жер астынан су тарту үшін