Коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары.
Коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.