Жер планетасының минералды ресурстары – бұл адам баласы өндіретін барлық пайдалы қазбалар. Өндіру мүмкін болатын және өнеркәсіпте қолдануға жарамды шилізаттарды минералды шикізаттар базасы деп атайды. Бүгінгі күні 200-ден аса шикізат өнімдері қолданыста. Минералды ресурстардың жер планетасында таралуы біркелкі емес, ол көп жағдайда жердің тектоникалық құрылысына байланысты болады. Жыл сайын минералдың жаңа кен орындары ашылуда. Негізінен олар таулы аудандарда болады. Соңғы кезде мұхит пен теңіз түбіндегі кен орындары ашылуда. Әлемдік минералды ресурстарды өндіру және қолдану Минералды ресурстар – заманауи индустрияның және ғылыми-техникалық прогрестің негізі. Өндіріс орындарының басым көпшілігін оларсыз елестетуде мүмкін емес: химиялық, құрылыс, азық-түлік,жеңіл, қара және түсті металлургияны. Машина жасау өндірісі мен оның көптеген салалары минералды шикізаттарға негізделген. Минералды ресурстар Жердің қайтадан қалпына келтірілуі мүмкін емес табиғи қорына жатады. Сол себепті де пайдалы қазбалардың әлемдік қорының кедейленуі – ең негізгі өзекті мәселе. Сондықтанда ғалымдар пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу тәсілдерін жетілдіру мәселесімен үнемі айналысуда. Тек өндіруді ғана жетілдіріп қоймай, оларды тиімді пайдалану және қалдық өнімдерді залалсыздандыру тәсілдерін де дамыту қажет. Кен орындарын іске қосу барысында қоршаған ортаны: атмосфераны, топырақ, су, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға байланысты комлпексті жұмыстар жүргізіледі. Минералды шикізаттардың қорын сақтап қалу мақсатында олардың аналогтарын, яғни синтетикалық түрлерін жасайды, осылайша неғұрлым тапшы қазбаларды ауыстыру мүмкіндігі туындайды. Минералды ресурстардың потенциалды қорын жасауда геологиялық барлауға үлкен мән беріледі. Минералды ресурстардың сипаттамасы • Минералды ресурстар – бұл Жердің қойнауында немесе бетінде жатқан минералды түзілімдердің табиғи түрде шоғырлануы, жинақталуы. Оларды техника мен технологияның дамуына қарай қолдану мүмкіндігі бар. • Жер қойнауы – бұл жер қабатының топырақтан төмен орналасқан бөлігі, топырақ қабаты болмаған жағдайда - жер бетінен төмен және су объектілері мен су ағындарының терең түбіндегі геологиялық зерттеулерге қолжетімді бөлігі. • Табиғатпен байланысы үзілген минералды ресурстар минералды шикізатқа айналады. Минералды ресурстардың классификациясы • Жердің минералды ресурстарының түрлері үшін бірыңғай классификация жоқ. Шартты классификациясы бар, ол қолданылу түріне байланысты. • Отын-энергетикалық шикізат: мұнай, газ, көмір, жанғыш тақтатастар, торф, уран рудалары. • Рудалар (кендер): • қара метал рудалары: Fe, Mn, Cr, V; • түсті металдардың рудалары: Al, Cu, Ni, Pb, Co, Zn, Sn, Sb, Mo, Hg; • сирек рудалар, сирекжер және шашыраңқы элементтері: Li, Sc, Be; • бағалы металдар: Ag,Au, Pt; • алмаздар, бағалы әрлеу тастары; • таулы-химиялық шикізаттар: апатиттер, тұздар, фосфориттер, S, B, Br,I; • таулырудалар және металлургияда қажет руда емес шикізаттар: тальк, кварц,тау хрусталы, асбест, графит, слюда; • құрылыс материалдары: мрамор, тақтатас, туф, базальт, гранит; • гидроминералдар
Минералды ресурстардың тағы бір классификациясы: •Сұйық (мұнай, минералды сулар); •Қатты (рудалар, тұздар, көмір, гранит, мрамор); •Газтәрізді (жанғыш газдар, метан, гелий). Қатты пайдалы қазбалар өз кезегінде рудалар, яғни металдық (рудалар деп аталады), рудаеместер, яғни металеместер (олар минералды шикізаттар деп аталады) және жанғыш қазбалар деп бөлінеді. Рудалық пайдалы қазбалар немесе руда – бұл табиғи минералды агрегат, одан метал алу технологиялық жағынан мүмкін және экономиялық жағынан тиімді.
Пайдалы қазбалар Қатты Сұйық Газтәрізді Рудалық (рудалар) Рудалық емес (минералды шикізат) Жанғыш Тұщы және минералды сулар Табиғи газ Қара металдар Химиялық Каустобиолиттер Түсті металдар Агрохимиялық Бағалы металдар Металлургиялық Сирек металдар Техникалық Радиоактивтік металдар Құрылыс материалдары Мұнай Минералды ресурстардың тағы бір классификациясы: •Сұйық (мұнай, минералды сулар); •Қатты (рудалар, тұздар, көмір, гранит, мрамор); •Газтәрізді (жанғыш газдар, метан, гелий). Қатты пайдалы қазбалар өз кезегінде рудалар, яғни металдық (рудалар деп аталады), рудаеместер, яғни металеместер (олар минералды шикізаттар деп аталады) және жанғыш қазбалар деп бөлінеді. Рудалық пайдалы қазбалар немесе руда – бұл табиғи минералды агрегат, одан метал алу технологиялық жағынан мүмкін және экономиялық жағынан тиімді. • Рудалық шикізаттан металдар алады. Металдар әдетте
Рудалық шикізаттан металдар алады. Металдар әдетте руданың құрамында оксидтер мен сульфидтер түрінде болады. Түсті металдар рудаларының құрамында көбінесе бірнеше метал болады – бұл қорғасын, мырыш, мыс, күміс, никель және т.б. сульфидтері. Бұндай рудаларды полиметалдық немесе комплексті деп атайды. Полиметалдық рудалардың негізгі құрамдас бөлігі пирит – FeS2 . • Қазақстан рудалар шикізатының нағыз қоймасы: мыс, темір, қорғасын, мырыш, хром, алюминий, титан және т.б. металдар бойынша еліміз ТМД елдері бойынша жетекші орын алады. Темір рудаларының енді ғана барланған және баланстық қоры 16 млрд. тоннаға жуық, оның ішінде 4,5 млрд. тоннасы бай магнетит-гематит рудаларының үлесіне келеді. Темір рудаларының негізгі қоры Қостанай облысында орналасқан – Соколов, Сарыбай, Качар, Қоржынкөл, Адаев және т.б. Лисаков және Аят кен орындарындағы рудалардың құрамында темірден басқа глинозем, фосфор және ванадийдің де үлкен қоры бар.
Орталық Қазақстанда Атасу кен орындарында гематит-магнетит-браунитті рудалардың үлкен қоры бар, оның құрамында темір мен марганец бар. Жезқазғандағы Жезді-Найзатас кен орны марганец өндіретін (98% баланстық қоры бар) негізгі кен орны. Жезқазғанда мыс рудалары шикізатының негізгі кен орны орналасқан. • Өндірісте рудаларға көп жағдайда рудалық емес қазбаларда жатады, олардан тотықсыздандырып айдау арқылы металеместер алынады – бұлар мышьякты, сурьмалық, фосфатты шикізаттар. Кейде рудалық минералды шикізаттар деп баритті, күкіртті, асбесті және басқада рудалық емес шикізат түрлерін айтады. • Рудалық емес минералды шикізаттар – бұлар тау жыныстары немесе минералдар, олар метал алу үшін қолданылмайды. • Қазбалардың бұл түрі өнеркәсіптің белгілі бір салаларында тікелей қолданылады немесе химиялық өндірістің шикізаты болып табылады.Рудалық емес шикізат шартты түрде мынадай топтарға бөлінеді: • Құрылыс материалдары – бұлар минералды шикізаттар, олар құрылыста тікелей қолданылады немесе оларды механикалық және физика-химиялық өңдегеннен кейін ( гравий, құм, саз, құрылыс тастары және т.б.) қолданылады. • Индустриалды шикізат – бұл қазбалар химиялық өңдеусіз-ақ өнеркәсіптің әртүрлі саласында қолданыла береді (графит, слюда, асбест, корунд және т.б.). • Химиялық минералды шикізат – бұл қазбалар химиялық өңдеуден өтеді немесе тыңайтқыш ретінде бірден қолданылады немесе тұрмыстық мақсатта (селитра, фосфорит, тас тұз, калийлі тұз және т.б.). • Бағалы, жартылай бағалы және әрлегіш шикізат – рудалық емес қазбалар, механикалық өңдеуден кейін табиғи түрде әшекей заттарын әрлеу және т.б. жұмыстарда (алмаз, изумруд, рубин, мрамор, яшма және т.б.) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |