Жалпы сипаттамасы Жердің табиғи ресурстарын зерттеудің Француздық ғарыштық жүйесін СПОТ (SPOT- Sisteme Probatoire d’Observation de la Terra) құру жөніндегі жұмысты 1975 жылы Францияда Ғарыштық зерттеулердің ұлттық орталығы (CNES) бастаған болатын. Жүйенің бас әзірлеушісі болып Matra Marconi Space фирмасы таңдалды. Программаны қаржыландыруды мемлекеттік ұйымдармен қатар, жеке ұйымдар да жүргізді. Жүйенің ЖҚЗ мәліметтерін коммерциялық таратумен АҚШ-та, Австралияда, Сингапурда филиалдары бар SPOT IMAGE жеке фирмасы шұғылданды. Жүйенің орбиталық сегменті Францияның Ғарыштық зерттеулердің ұлттық орталығына тиесілі.
Программа сәйкес СПОТ жүйесінің орбиталық сегменті 1-2 ЖЖС құрайды, сонымен қатар екіншісі, әдеттегідей, белсенді жұмыс істеу уақыты есептемелік жұмыс уақытынан асып түскен жер серігі болып табылады. Барлығы алты ЖЖС ұшыру көзделді: 1986, 1990, 1993 жылдары және шамамен 1997, 2002, 2007 жылдары. Алғашқы буындағы Spot-1,2,3 бір ЖЖС құны 100 миллион доллар шамасын құрады. Келешекті ЖЖС құны 300 миллион доллардан асып түседі, бұл Landsat жүйесіндегі ЖЖС бағасымен пара-пар.
СПОТ жүйесін іс жүзінде пайдалану Француздық Гвианада орналасқан ғарыш айлағынан Ариан-1 зымыран-тасығышымен SPOT-1 ЖЖС-ні 1986 жылы 22 ақпанда ұшырумен басталды. ЖЖС-нің ұшырылуы 824х829 км биіктікте, 98,7 көлбеу бұрышымен және айналым мерзімі 101 мин. күн синхронды шеңберге жуық орбитасында жүргізілді. Экватордың орбитаның жоғары көтерілуші торабы мен қиылысуы жергілікті уақытпен 10 сағат 30 минутта жүзеге асырылды. Үстіңгі беттің сол бір ауданымен ұшу айналымы 26 тәулікті құрады (369 айналым арқылы). Жұмыс істеудің есептемелік мерзімі екі жылды құрады. Жер серігі нақты жедел ретінде 1990 жылдың аяғына дейін пайдаланылды, одан кейін екі рет 1992-1993 жылдары жүйе өніміне коммерциялық сұраныстың артуы кезінде резервтік жүйеден жұмыс режиміне шығарылды. Spot-1 ЖЖС HRV екі бірегейлес оптика-электрондық сканерімен жабдықталды, оның бейнеленуінің белгіленуі ЗБҚ көп элементті сызғышының көмегімен өтеді. Жердің үстіңгі бетінен бейнелерді беру нақты жұмыс режимінде немесе борттық магнитофоннан жүзеге асырылды. Барлығы Spot-1 жер серігінен 1,9 миллион түсірілім алынды.
Spot-2 жүйесінің екінші ЖЖС биіктігі 819х822 км, көлбеу бұрышы 98,7, перигей ендігі аргументінің 180 жылжуы мен күн синхронды шеңберге жуық орбитасына 1990 жылғы 22 қаңтарда ұшырылды. ЖЖС конструкциясы мен пайдалы жүктеменің құрамы Spot-1 сәйкес келді. Екі жер серігінде де американдық Odetics фирмасы даярлаған борт магнито- фондарының ақаулылығы пайда болды. 1992 жылдың мамырында жер серігінен бір миллион шамасында түсіріс алынды. 1993 жылдың қарашасында Spot-2 резервтік жағдайға ауыстырылды.
Spot-3 жүйесінің үшінші ЖЖС 1993 жылғы 26 қыркүйекте ұшырылды. Орбита параметрлері мен пайда жүктеме құралы сериядағы алдыңғы жер серігімен сәйкес келді. Жер серігі қатардан 1996 жылғы қарашада шықты.
Екінші буындағы жер серіктерінде пайдалану мерзімін бес жылға дейін ұлғайту жоспарлануда. Жүйенің алғашқы үш жер серігін пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді ескере отыра, конструкция мен пайдалы жүктеме құрамы өзгереді. Нысаналы аппаратура ретінде HRVIR екі жетілген оптика- электрондық сканерін орнату жоспарлануда. Spot-5,6 ЖЖС-да үш-үштен “HRG” оптика-электрондық камерасын орнату жоспарлануда. Стереобейнелеуді алу 5 метрге дейінгі қамту ауқымымен бір айналым үшін қамтамасыз етілетін болады.