Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


СПОТ жүйесінің ЖҚЗ материалдары тұтынушыға түсердің алдында күрделілік деңгейі әртүрлі алдын-ала өңдеуден өтеді



бет27/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

СПОТ жүйесінің ЖҚЗ материалдары тұтынушыға түсердің алдында күрделілік деңгейі әртүрлі алдын-ала өңдеуден өтеді:
- 1 деңгейі: негізгі радиометрлік және геометриялық түзету (ЖЖС бағдарлау элементтерін және жер бетіндегі тірек нүктелерін пайдаланусыз);
- 1А деңгейі: стереобейнені құру және базалық спектрлік зерттеулер үшін жарамды әрбір спектрлік диапазондағы ЗБҚ – детекторларының нормаланған алғашқы ақпараты (сканерлік түсірілімдегі сызықтық қателерді қоспағанда);
- 1В деңгейі: фотографиялық түсіндіру, тақырыптық талдау мен стереожұпты қалыптастыру үшін жарамды толық радиометрлік және шектеулі геометриялық түзету;
-2;2 В деңгейі: берілген картографиялық кескінге бейнелеуді келтіру;
- 2 А деңгейі: жер беті тірек нүктелерін пайдаланусыз орындалған 2 деңгейге сәйкес келеді
СПОТ жүйесі түсірістерін бейнелеудің геометриялық сапасын бағалау төмендегі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1. Байланыстыру дәлдігі;
2. Сызықтық бұрмалаулардың шамасы, анизоморфизм, жергілікті когеренттік;
3. Бейнелерді үйлестіру қателіктері;
4. Түсірістерді фотограмметрикалық өңдеу кезіндегі жоспарлы және биіктік дәлдік.
Мәліметтерді өңдеудің әртүрлі үш деңгейі 1500 метр, 50 метр, 10 метр байланыстыру дәлдігін қамтамасыз етеді. Надир бағытында (1500 м) түсірілімдер жүргізу кезінде, үйлесімнің бастапқы дәлдігін мерзімдік бақылау Жердің бетін әртүрлі аудандары түсірістерін статистикалық өңдеумен жүргізіледі. Бастапқы дәлдік орбита параметрлері және ЖЖС бағдарлау элементтерін нақтылау аппаратурасымен қамтамасыз етіледі.
Вертикаль бағдарлау кезінде көлбеу камераларының осьтері, сызықтық бұрмалаулар түсірілімнен алынған үстіңгі беттің нақты қашықтығы мен оның мәні арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Осы параметрдің мәні 1 аспауға тиіс.
Анизоморфизм шеңберлі түсіріс кезінде алынған эллипс эксцентриситеті ретінде анықталады және оның мәні 0,001 аспауға тиіс.
Түсірістің стереофотограмметрлік өңдеуі кезіндегі координаттарды анықтаудың жоспарлы және биіктік қателері тиісінше 20 және 10 метрден аспауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет