Жерді есепке алу



Дата12.05.2023
өлшемі100,66 Kb.
#92618
Байланысты:
Презентация Жерді есепке алу . Жер кадастры пәнінің тақырыбы

Жер-Кадастырлық ақпарат


Жер ресурсын басқарудың негізгі әдістері
Мемлекеттік жер кадастры
Жерге орналастыру
Мемлекеттік жер мониторингі
Жер кадастрын ААЖ жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:
жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;
әкімшілік аудан;
учаскесінің орны және оның жүйелік баяндамасы;
нысаналы арналуы;
бөлінуі;
пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
учаске ауданы.
Жер кадастрыньщ компьютерге түсуі еліміз бойынша Астанада бірінші рет қолға алынып, жүзеге асқан шара болатын.
2002 жылы тамыз айында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттіктің қолдауы мен 2 жүйе бойынша жоба жасалды. Олар МЖКААЖ және жер балансы. Бұл бағдарламалар Қазақстанның Солтүстік-батысында Ақтөбе облысының екі ауданында құрылған. Бұнда жер кадастрының тематикалық сандық карталарын құру үшін мынадай мәліметтер жиналған:
жер кадастрлық;
топографиялық;
топырақтық;
геоботаникалық

Қандай жерлер есепке алынады?


Есепке алудың белгіленген тәртібі республиканың барлық жеріне міндетті болады

Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы


Жер есебі жер кадастырының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады.
Халық шаруашылығы салаларында жерлер әр түрлі мақсаттар үшін пайдаланылады және соған лайықты оның есебі жүргізіледі. Жер тұрғын үй, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, транспорт кәсіпорындары, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау, қорғаныс мекемелері мен ұйымдары және т.б. құрылыстар орналасқан орын ретінде есептелінеді.
Өндірістің кейбір салаларында ауыл және орман шаруашылығында операциялық базис ретінде жер есебінен басқа, оларды өндіріс күштері, негізгі өндіріс құралы ретінде есепке алу қажет. Бұл жердің сапалық жағдайы мен пайдалануы туралы арнайы мәліметтерді алуға қажеттілікті туғызады. Бәрінен бұрын бұған ауыл шаруашылық алаптарының құрамы мен сапасы туралы мәліметтер жатады.

ҚР жер қоры санаттары


ҚР жер кодексі
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры
1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
7) босалқы жер.

Есепке алу мақсаты


Республиканың жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажетті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған.
Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді. Сол үшін , оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықтайды.
Ол жердің есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды. Есепке алудың белгіленген тәртібі республиканың барлық жеріне міндетті болады.
Жер есебі мәліметтері тек қана текстік құжаттар болып көрініп қоймастан, жоспарлы картографиялық негізде міндетті түрде кескінделеді, ақпараттарды (цифрлы кестелер, текст, графиктер, диаграммалар, картограммалар және электронды карталар) беретін және сақтауға мүмкіндік беретін компьютер технологияларын пайдалану мен магниттік тасымалдаушыларда есепті жүргізу айтарлықтай жеңілдетілдірілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет