Жерді пайдалану қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі



бет2/3
Дата19.04.2023
өлшемі65,69 Kb.
#84419
1   2   3
Байланысты:
реферат-1

Негізгі бөлім
Жер — Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар және тіршілігі табылған жалғыз астрономиялық нысан. Радиометриялық талдау мен басқа айғақтар бойынша, Жер 4,5 миллиардтан астам жыл бұрын қалыптасты. Оның гравитациялық өрісі ғарыштағы басқа нысандармен, әсіресе Күн мен табиғи серігі Аймен әрекеттеседі. Орбита бойымен 365,25 шақты күн ішінде Күнді бір рет айналып шығады.
Жердің айналу осі өз орбиталық жазықтығына қатысты алғанда көлбегендігі жыл мезгілдерін тудырады. Гравитациялық өрісінің Аймен әрекеттесуі судың толысуы мен қайтуына себеп болып табылады. Және де ол әрекеттесу Жерді өз осіне тұрақтандырып, айналуын бірте-бірте баяулатады. Жер Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ең тығызы және 4 Жер тәрізді ғаламшардың бірі болып саналады.
Сыртқы қабаты (литосферасы) Жер бетімен жылжып жүретін бірнеше қатты тектоникалық (литосфералық) тақтаға бөлінеді. Бетінің 29 шақты пайызы құрлықтар мен аралдардан тұрады, қалған ~71%-ын су (көбінесе мұхиттар, бірақ олармен бірге өзендер, көлдер және басқа тұщы су да) алады. Жердегі судың барлығы гидросфераны құрайды. Полюстік аймақтарының көбін мұз, соның ішінде Антарктикалық мұз қалқан мен Арктикадағы теңіз мұзы, қаптаған. Белсенді ішкі бөлігі қатты темір субъядро, Жердің магниттік өрісін тудыратын сұйық сыртқы ядро және тақта жылжытатын конвекциялы мантиядан тұрады.
Топография – Жер бетін картаға, планға түсіруге және өлшеуге пайдаланылады, сонымен қатар жер беті нүктелерінің салыстырмалы биіктігімен вертикаль кесінділерді бейнелеуді зерттейді.
Картография – картаны құрастыру, басып шығару, пайдалану әдістерін зерттейді.
Инженерлік немесе қолданбалы геодезия – инженерлік құрылыстардың ізденіс жұмыстары барысында құрылысты жобалау мен оларды пайдалануда қолданылады.
Топографиялық карталар әртүрлі шешімдерді толық шешуге мүмкіндік беретін кескін. Карта жергілікті жерді тікелей түсіру нәтижесінен немесе картографиялық материалдардан жасалады. Мамандар жер бетін әртүрлі геодезиялық аспаптармен өлшеу кезіндегі қателіктер жүйесін математикалық өңдеу теориясын, нүктелерді жергілікті жерден жобаға көшіру әдістерін дайындау және дамыту, өлшеу жұмыстарын далалық жерде ұйымдастыру және жоспарлау, аспаптық өлшеу процестерінің автоматизациясын қамтамасыз ету, триангуляция, трилатерация және полигонометрия жүйелерін құру бағыттарында математиканың, механиканың әртүрлі бөлімдерін қолданады. Қазіргі заманда геодезия мамандары зерттеулерін ғарыштық әдістерсіз, электрондық аспаптар мен оларға сәйкеc бағдарламалық есептеулерсіз жүргізуі мүмкін емес. Геодезиялық өлшеулерді математикалық өңдеу матеметикада, геодезияда, геологияда, геофизикада, геомеханикада экологияда және т.б. негізгі танымалдық әдістердің бірі болып табылады. Геодезия ғылыми зерттеулерде, инженерлік құрылыста, әскери ісінде, оқыту барысында кең қолданылады. ӨЛШЕУ ҚАТЕЛІКТЕРІ ТЕОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Қандай да бір шаманың өлшеуі деп салыстыру бірлігі ретінде қабылданған басқа да шамамен салыстыруды айтады. Осыдан барып, өлшеудің нәтижесі деп аталатын сан шығады. Кез келген геодезиялық өлшеулер келесі факторларға байланысты: яғни өлшеу объектісіне, орындаушыға, аспапқа, өлшеу әдісіне және сыртқы ортаға. Өлшеулер тікелей және жанама болып бөлінеді. Анықталатын шаманы тікелей өлшеу нәтижесінде алатын болсақ, мұндай өлшеулер тікелей деп аталады. Тікелей өлшеулерге сызықтың ұзындығын өлшеуіш лентамен немесе бұрышты теодолитпен өлшеу жатады. Өлшеулердің нәтижесі анықталатын шамамен математикалық тәуелділіктегі бір немесе бірнеше шамаларды тікелей өлшеу нәтижесінен есептеу арқылы алынған өлшеулерді жанама өлшеулер деп атайды. Жанама өлшеулердің мысалы ретінде жергілікті жердегі сызықтың ұзындығын қашықтық өлшеуішпен өлшеуді, қол жетпейтін қашықтықтарды анықтауды және салыстырмалы биіктікті тригонометриялық нивелирлеу әдісімен алуға болады. Өлшеулер қажетті және қосымша (артық) болып бөлінеді. Берілген шаманы тікелей немесе жанама өлшегенде бір ғана нәтиже алуға мүмкіндік беретін өлшеулерді қажетті өлшеулер деп атайды. Оларға жергілікті жердегі сызықтың ұзындығын бір рет өлшеу, рейканың бір жағынан ғана алынған есептеу және қол жетпейтін қашықтықты бір базис арқылы анықтау жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет