1Цинк пластинкаға толқын ұзындығы 220нм монохромат жарық түседі. Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығын анықтаңыз.Цинк пластинкадан электрондардың шығу жұмысы 6,4·10^-19 Дж.
2Электронның металлдан шығу жұмысы 4 эВ болатын калий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтаңыз.
3Электрмагниттік толқындар дегеніміз не?
4Жарықтың әсерінен металдардан электрондардың бөлініп шығуы... бұл өандай құбылыс.
5Кеңістіктің толқын барып жеткен әрбір нүктесі екінші ретті тума толқындардың жорамал көзі болады, осы толқындарды орағытушы сызық келесі уақыт мезетіндегі толқындық фронтты құрайды. Бұл толқынның қандай қасиеті?
6Когерентті екі жарық көзінің ара қашықтығы d=0,4мм де, экраннан L=1,2м қашықтыққа орналасқан. Интерференциялық бейнелер алу үшін екі сары түсті сәулені пайдалансақ, онда екі көршілес жарық жолақтың ара қашықтығы қандай болар еді, λ =6·10-7м.
7Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауы 4-ші дәрежелі термодинамикалық температураға тура пропорционал. Бұл кімнің заңы:
8А.қ.д-нің сәуле шығару қабілетілігінің максимумына сәйкес толқын ұзындығы m оның температурасына кері пропорционал. Кімнің заңы?
9Электронның күмістен шығу жұмысы 6,9·10^-19 Дж, бөлшек қандай ең аз жылдамдықта ұшып шыға алады?
10Диодта электрон анодқа 8Мм/с жылдамдықпен жақындайды. Анодтық кернеуді табыңдар?
11Тұйық контурдағы индукцияның ЭҚК магнит ағынының осы контурдағы жүру жылдамдығына қарама-қарсы таңбамен сипатталады. Бұл кімнің заңы?
12Тұйық контурда магнит ағынынан индукциялық ток пайда болады және оның магнит өрісінің бағыты сыртқы магнит ағынына қарама-қарсы әсер етеді. Бұл кімнің ережесі?
13Өткізгіште ток күшінің өзгерісі нәтижесінде индукцияның ЭҚК пайда болуы ..... деп аталады.
14 Бірінші контурда ток күшінің өзгеруіне байланысты екінші контурда ЭҚК пайда болса, мұндай құбылысты ... деп атайды.
15 Тербелмелі контур дегеніміз не?
16Айнымалы токтың қуатын қалай анықтаймыз?
17Айнымалы ток үшін Ом заңының формуласы
18Кванттық механиканың негізгі теңдеуін қорытқан кім, осы теңдеуді пайдаланып сутегі атомының энергия деңгейлерін табуға болады.
19Егер атом ядросының зарядтар саны бірдей, ал массалық саны әр түрлі болса, ол қандай ядролар
20Массалар саны бірдей, бірақ зарядтар саны әртүрлі болатын ядролар қалай аталады
21Атом ядросы түзілгенде немесе ыдырағанда қажетті энергияны бөлінуі қалай аталады.
22Атом ядроларының элементар бөлшектері мен немесе бір-бірімен өзара әсерлесу кезінде болатын өзгерістер қалай аталады?
23