Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері мен ережелері



Pdf көрінісі
Дата19.11.2022
өлшемі0,65 Mb.
#51257
Байланысты:
Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері мен ережелері.



Жерге орналастыру жобаларын 
дайындау кезеңдері, әдістері мен 
ережелері.
Орындағандар: Тузелбай Ш. Орынбай А. Наби Д. Бозжигитова Д.
Тексерген: Жолдасбек А.Б.


Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері 
мен ережелері.
Жобаны дайындау жəне оны жергілікті жерге көшіру 
планды түсіру мен дайындауға кері процесс болып 
саналады. Түсіру кезінде жер пайдаланулардың, 
учаскелердің, алқаптардың, жолдар мен өзендердің жəне 
т.б. шекарасын əрі қарай қағазға бейнелеу үшін өлшеу 
жұмыстары жүргізілетін болса, жобаны қағазға түсіру 
кезінде - учаскелердің, жолдардың, орман 
жолақтарының, арықтардың жəне т.б. жобалық 
шекарасын бейнелеп алып, содан кейін ғана, жобаны 
орналасатын жеріне көшіру кезіндегі тиісті өлшеулер 
арқылы, бұл объектілердің жергілікті жерде орналасуын 
анықтайды.


Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері 
мен ережелері.
Жобаны дайындау үшін жер пайдаланулар мен алқаптар бойынша экспликациялары, 
контурлардың калькалары, агрошаруашылық, топырақ, геоботаникалық, агро орманмелиоративтік 
жəне басқа да зерттеулердің материалдары пайдаланылады.
Жобалауға қажетті бастапқы материал ауданның жерге орналастыру схемасы болып табылады. 
Соның негізінде жалпыдан жекеге, алдын ала белгілеулерден неғұрлым дəл жəне ақырғы 
шешімдерге дейін жүйелі түрде жуықталатын белгілі бір жүйе бойынша жұмыс жобалары, 
схемалары, кешенді жобалар дайындалады.


Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері 
мен ережелері.
Көп жағдайларда барынша дұрыс жобалық шешімді бірнеше 
нұсқаларды дайындау жəне экономикалық талдау нəтижесінде 
табады жəне ең дұрыс нұсқаны сызықтық математикалық 
программалау əдісімен анықтайды.
Алғашқы жобалық шешімдерді мүмкіндігінше қарапайым 
техникалық құралдар мен тəсілдер бойынша, əртүрлі 
палеткаларды жəне есептеулер құралдарын пайдалана 
отырып, жуықтап жасайды, содан соң жекелеген түрде 
графиктік рəсімделінеді.


Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері 
мен ережелері.
Белгілі бір учаскелердің аудандары мен шекараларының орналасу дəлдігіне қойылатын өндірістік 
талаптарға, олардың конфигурациясына жəне учаскелер жобаланатын алқап шекарасы жөніндегі 
геодезиялық мəліметтердің болуына байланысты, жерге орналастыру жобасын дайындауда 
аудандарды есептеуде қолданылатын əдістер пайдаланылады, соның ішінде:

аналитикалық əдіс

графикалық əдіс 

механикалық əдіс


Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері 
мен ережелері.
Аналитикалық əдіс - жергілікті жерде немесе олардың функциялары арқылы өлшенетін сызықтық 
жəне бұрыштық шамалар бойынша;
Графикалық əдіс - план бойынша өлшенген сызықтық шамалар бойынша;
Механикалық əдіс - планиметрдің көмегімен.


Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері 
мен ережелері.
Жобаланатын учаскелердің шаруашылық маңызы, олардың ауданы 
мен шекарасы жерге ораналастыру жобасын дайындаудың нақты бір 
əдісін қолданудың маңызды шарты болып табылады.
Учаскелерді жобалау - есептеу операцияларына ерекше көңіл қоюды, 
есептерді жазудың қатаң тəртібі мен мұқияттылығына талап ететін 
жəне көп жұмысты қажет ететін геодезиялық процестердің бірі.
Учаскелерді жобалау техникалық тұрғыда аудандарды есептеуге кері 
əрекет болып саналады.


Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері 
мен ережелері.
Егер ауданды есептеу кезінде фигуралардың пландағы аудандарын анықтайтын болса, жобалау 
кезінде - берілген ауданға сəйкес пландағы фигураларды шектейтін сызықтардың орналасуын 
анықтайды. Осыған байланысты жобалау дəлдігі аудандарды есептеу дəлдігіне тең деп қарауға 
болады.
Алайда учаскені жобалау берілген учаске мен белгілі сызықтық өлшеулер бойынша басқа белгісіз 
сызықтық шамалар анықталатындығымен шектеле бермейді. Көбіне жобалау жүйелі түрде 
жуықтау əдісімен жүргізіледі, яғни берілген аудан учаскесінің шекарасын белгілі бір əдіспен, кейде 
тіпті көзбен анықтап алып, содан соң ауданды есептейді де, содан кейін барып жетпейтін немесе 
артық ауданды берілген жобалық ауданды алғанга дейін жобалайды.


Жерге орналастыру жобаларын дайындау кезеңдері, әдістері 
мен ережелері.
Егер жетпейтін немесе артық аудан өте үлкен 
болса, онда көбінесе шекараны екінші рет көзбен 
нақтылап алып, содан кейін ғана жетпейтін немесе 
артық ауданды жобалайды. Осыған байланысты 
жобалау процесі алдын ала жобаланған 
аудандарды есептеумен жалғасады. 


Назарларыңызға 
рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет