Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын
табиғи аумақ құру туралы
Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 тамыздағы №
61/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әдiлет
департаментiнде 2016 жылғы 2 қыркүйекте № 3946 болып
тiркелдi
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20
маусымдағы жер Кодексiне, Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы
жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару
туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7
шiлдедегi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"
Заңына сәйкес жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын
табиғи аумағын құру мақсатында Қарағанды облысының
әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қарағанды қаласы мәдениет және тiлдердi дамыту
бөлiмiнiң "Қарағанды мемлекеттiк хайуанаттар бағы"
коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумағы
құрылсын.
2. Қарағанды қаласы мәдениет және тiлдердi дамыту
бөлiмiнiң "Қарағанды мемлекеттiк хайуанаттар бағы"
коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының жалпы
аумағы 43,5080 гектар жерi ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар жерiнiң санатына жатқызылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң
жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi.
Облыс әкiмiнiң
мiндетiн атқарушы
А. Дүйсебаев
КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы
министрлiгi Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесi комитетi
төрағасының мiндетiн
атқарушы_________ Қ. Үстемiров
2016 жылғы "____" "___________"