«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінен дәрістер жинағы



бет3/33
Дата03.12.2023
өлшемі396,44 Kb.
#133834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
BnY9SSVKHRD6K8Vi0xBrnsf1ewJrwhUNotRbiJLG

Жер кадастр – мемлекеттің ұстаған жерлердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі, жер қатынастарды реттеуге ұсынылған, жерлердің құқықтық, шаруашылықтық және табиғаттық жағдайы /техникалық, экономикалық және құқықтық жағдайы туралы суреттеме/ туралы ақпаратты құрайды. Жер кадастрдың құрылуының мақсаты жоғары әкімшіліктерді, жылжымайтын мүліктің және жер учаскелердің нарығын жерлер туралы толық ақпаратпен қамтамастыру, нарықтық қатынастарды жетілдіру және өркендету, бюджетке түсімді көбейту. Мемлекеттік жер кадастрырдың жүргізуі топография-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және де басқа ізденістер мен зерттеулердің мәліметтері мен негізделеді.
Жер кадастр – жерге орналастыру және кадастр мамандықттарының басты фундаментальдық ғылыми-техникалық пәні болады, онда мынадай сұрақтар қаралады:
- Жер кадастрдың және жылжымайтын мүліктін құруының және жүргізуын теориялық негіздері, бул пәннің басқа ғылымның салаларымен байланысы, республиканың жер қорының сипаттамасы; жер және қалалық кадастрдың жоспарлау және ұйымдастыру принциптері; қала, аудан, елді мекендердің шеғарасы ішінде жер учаскелердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі;
- Мемлекеттік, коммерциялық мекемелерге және азаматтарға жерлерді мемлекеттік тарапынан берудің тәртібі және керекті құжаттардың құрамы; - кадастрлық есептілік объектілерін шығару принциптері;
- Қалалардың және басқа елді мекендердің шекарасын орнату, тарихтық, табиғаттық қорғау режимдерін сақтау үшін бөлінген жерлердің шекарасын орнату тәртібі, принциптері және әдісі;
- Жерлер мен жылжымайтын мүліктерді бағалау әдісі және оған құжаттарды дайындау тәртібі.
Студентер пәнді оқыған процессінде мынадай теориялық білім және тәжірибе алу керек:

  • Кадастрлық құжаттарды жасау және жүргізу тәртібін білу;

  • Жерлерді және жылжымайтын мүлікті бағалау жұмыстарын нарық жағдайында жүргізу;

  • Жер мониторингтің мақсаты мен әдістерін білу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалануын жоспарлау;

  • Экономикалық, жер-кадастрлық, геодезиялық, геоақпараттық мәліметтерді талдау, керекті есептерді жургізу;

  • Картография-геодезиялық географиялық ақпараттық жүйесінің негізін кұру;

  • Қоршаған ортаға аудандарға, аймақтарға экология шараларын жасау мен жоболау;

  • Аймақтар денгейінде жерелерді тиімді пайдалану есебін құру және шешу;

«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінің дәрістер жинағының мақсаты студентерге жер кадастрдың курсын өзіндік жұмыс және теориялық курсты меңгеруге барынша көмек беру. ОӘК ҚР дің МОС, Жерге орналастыру және кадастр мамандығының квалификациялық сипаттамасы, типтік және жұмыс жоспарлары сәйкес жасалған, пәннің негізгі мазмұның толық көрсетеді, студентерге оқу траекториясын және пәнді таңдауға көмектеседі. Дәрістер жинағы дәрістердің қысқа конспектін, әдістемелік құжаттарды, өзіндік жұмыстарға оқу-тәжірибелік құжаттарды, ұсынылған әдебиеттің тізімі және тестік сұрақтарды, терминдердің глоссарийді құрайды.
1 дәріс. Жер кадастрының теориялық негіздері


Жоспар
1.Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
2.Қазақстан Республикасында жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы, түрлері, принциптері

Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түі алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.


«Кадастр» сөзі латынның «саріtastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» дегенұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны /еңбек жасалатын орын/ ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады.
2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдарыөнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады,ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.
3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен жәнеол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
4. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болыптабылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең бастықұралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өтемаңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығыменсипатталады.
Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасытөмендемейді, керісінше - жақсарады, сөйтіп, оныңқұнарлығы жоғарылайды.
Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән:
1. Жерлерді есепке алу;
2. Жерлерді баяндау;
3. Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады. Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады. Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан /егіншілік пайда болғанда/ туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты /жыртылатын жер, жайылым/, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуы және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Мысалы, жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және занды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына қүқықтық негіз салынып,жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату;сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т.б.
Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:
- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалары және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту, қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;
- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қәзіргі қолданыстағысын реткекелтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқанжерінде /карталарда/ бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер
пайдалануға, иеленуге қүқық беретін құжаттар жасау;
- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жер пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;
- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;
- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттықжағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.
Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік қүрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды.
Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Зандарының тиісінше атқарылуына, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың,азаматтардың жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды орындауын қамтамасыз етуге саяды. Өздерінің құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары барлық жер учаскелерінің меншік иелерімен жер пайдаланушылары үшін міндетті. Жерді пайдаланумен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібінҚазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Қазақстанда жер мемлекеттің меншігіндегі болғандықтан,оған барлық жер қорының табиғи, қүқықтық, шаруашылықжайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жердіөндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу,бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын,бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшіноның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдайадам, материалдық, табиғилық қорларын/соның ішіндеәсіресе, жердің маңызы зор/ есепке алу қажеттілігін есептейді.
Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болыптопырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан,қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіптастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпынакелтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешуүшін
еліміздің жер қорларының сапалық жай-күйі туралытолық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.
Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығынарттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардыңжел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шаралардыжүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластаудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын алу кешенін жүзегеасыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарыныңсапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және есепкеалуға негізделеді.
Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; /06.06.1996 ж. №710/ бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуымен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарыныңбірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолыменақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастр мәліметтер топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық,картографиялық,жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын жүргізуарқылы қалыптасады.
Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалықсипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндықбағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтержер кадастрлік карталарда да келтіріледі,оның кадастрлікнөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.
Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға /жер учаскенің құқықтық субъектісі/ аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жерсанаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет