Атқарушылық стиль – ережелер және жалпы қабылданған нормалар бойынша іс-әрекет.
Заңнамалық стиль – проблемаларды шешуге жаңа жолдар жасау.
Бағалаулық стиль – «тәртіпке келтіретін» дайын жүйелер- мен жұмыс. Бұл типтегі адамдар проблеманы талдайды, сы- найды және жетілдіреді.
Интеллектуалдық қабілеттердің жоғары байқалулары- ның арасынан интеллектуалды дарындық типтері атап көрсеті- леді.
Саналаушылар– интеллект коэффициенті 135 балдан жо- ғары (Д. Векслер шкаласы бойынша норма – 100-115 балл).
Кереметоқушылар– оқу жетістіктерінің жоғары көрсет- кіштері бар адамдар.
Креативтер– шығармашылық, айрықша идеяларды көп мөлшерде туғызатын және күрделі проблемаларды шешуде қажеттілікке мұқтаж адамдар.
Біліктілер – кәсіби білімдердің үлкен көлемі және практика- лық жұмыс тәжірибесі бар адамдар.
Таланттылар– қоғамдық мәнді формаларда танымға ие болған аса интеллектуалды жетістіктері бар адамдар.
Ақылдылар – «күнделікті» өмірді талдау мен болжауға бай- ланысты айрықша интеллектуалдық мүмкіндіктері бар адам- дар.
Интеллект табиғаты мен құрылымын сипаттау қорытын- дысында психологиядағы интеллектуалдық қабілеттер тұтас- тай алғанда тұлғаның жалпы қабілеттерінің бірі ретінде айты- латынын атап көрсету керек. Бірақ бұл санатқа басқа да, тұл- ға қабілеттерінің «ранг бойынша» қорытылу дәрежесіне ұқсас
креативтік, оқуға бейімділік, рефлексивтілік кіреді. Іс-әрекетте олар интеллекпен, интеллектуалдық іс-әрекеттің жаңа ерекше- ліктері негіз құра отырып, ажырамас байланыста болады. Бас- қарулық іс-әрекет үшін жалпы қабілеттердің түзілу кешенді- лігі әлдеқайда мәнді. Интеллект жалпы қабілеттердің бірі бо- лып табылатындықтан, соңғылары оған ықпал етеді, мұны же- текшінің практикалық интеллектісін сипаттау кезінде ескеру қажет.