Жетекші іс-әрекетінің мотивациясы


Билік – басқару іс-әрекетінің реттеуіші ретінде. Жетекшілік және көшбасшылық



бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі21,3 Kb.
#50362
1   2
3.10 Билік – басқару іс-әрекетінің реттеуіші ретінде. Жетекшілік және көшбасшылық
Ұйымның тиімді жұмысының негізгі шартының қамтамасыз етілуі басқарудың басты функциясы болып табылатын атқарушылардың жоғары мотивіне байланысты. Дегенмен бұл тек ұйымның тұрақты және тиімді қызметі үшін жеткіліксіз. Басқару іс-әрекетінің мұндай реттеуішінде мотивтендіру емес, мәжбүрлеу сипаты бар қажеттілік туындайды. Мұнсыз басқару іс-әрекеті мүмкін емес. «Жоғарыдан» басқару әсерінің барлығының негізі – атқарушылар іс-әрекетінің мотивтенуі мен өзара іс-әрекеттегі билік. «Билік» ұғымы «жетекшілік» және «көшбасшылық» ұғымдарымен, олардың типтерімен және олардың арасындағы қатынастармен байланысқан. 195 Ресми және бейресми ұйымдар. Жетекшілік және көшбасшылық Ұйымдар мен топтардың барлығын негізгі екі ресми және бейресми типке бөлуге болады. Ресми ұйым – институционалды белгіленетін қандай да бір мақсатқа жету үшін бірігетін адамдар қауымдастығы. Бейресми ұйым адамдардың кездейсоқ белсенділігі нәтижесінде түзіледі, олар өзара реттеулік қарым-қатынасқа енеді. Барлық топтар мен ұйымдарды екі топқа бөлуге болады: ресми және бейресми. Бейресми топтардың пайда болу себептері: – әлеуметтік қолдаудың қажеттілігінен, яғни оны қанағаттандыру әлеуметтік және тұлғалық жайлылық сезіміне алып келеді, ал қанағаттанбаушылық күшті негативтік эмоциялар шақырады; – көмектің қажеттілігінен; – қорғаудың қажетттілігінен; – қатынастың қажеттілігінен, ол жоғарылатылған ақпараттануға алып келеді, соның арқасында адамның бейімделу мүмкіндіктері кеңейеді және оның сыртқы әлеммен байланыстар тиімділігі артады. Ресми топта – ресми көшбасшы – ол жетекші, ал бейресми топта ресми емес көшбасшы басқарады. Ресми де, бейресми топтар да қалай да ұйымдасқан болуға тиіс. Сондай ұйымдасудың ең қарапайым тәсілі – топ мүшелері арасынан оны үйлестіру жөніндегі функция жүктелетін адамды атап көрсету. Ресми топ үшін ресми көшбасшының – жетекшінің болуы, ал бейресми топ үшін – бейресми көшбасшының болуы тән. Ресми және бейресми көшбасшылықтың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау басқару іс-әрекетінің мәнін түсіну үшін қажет. Ресми топтар бейресмиге және керісінше тасымалдана алады – бұл бөліну абсолюттік болып табылмайды. Топтар туындау механизмі бойынша айырмалана отырып, құрылымның, «жетекші» және «жетектегі» мүшелердің болуы, жалпы әлеуметтік-психологиялық құбылыстар сияқты маңызды жалпы сипаттарға ие болады. Осы және басқа да ұйымдар шағын топтарға дифференцияланады. Ресми ұйым өзінің ішінде бейресми топтардың мүлде болмауын емес, керісінше, олардың болу мүмкіндігін білдіретіні өте маңызды. Сонымен ұйым құрылымында олардың құрылымдануының ресми және бейресми тәсілдері тығыз өзара байланыста болады. Ұйымның ішінде мұндай өзара іс-әрекет басқарудың басты проблемаларының бірі болып табылады. Дәл осы жерде негізгіні атап көрсетеміз: топты ұйымдастырудың екі типінің болуы – оларды басқарудың екі түрлі тәсілдерінің және көшбасшылықтың екі типінің себебі. Олар күрделі қарым-қатынасқа түседі, сабақтасады, ажырамайды, өзара іс-әрекетте болады. «Көшбасшы» ұғымы топтағы «вертикаль бойынша» психологиялық қатынастарға тән (үстем болу – бағыну). Әдебиеттерде ресми көшбасшылықты белгілеу үшін «жетекшілік» ұғымы, ал бейресмилікті белгілеу үшін қарапайым «көшбасшы» ұғымы қолданылады. Ағылшынша leadershіp термині нақты «көшбасшы» дегенді білдіреді, бірақ көшбасшылықты да, жетекшілікті де белгілеу үшін синонимдік қолдануды білдіреді. «Organіzatіonal leadershіp» ұғымы әлдеқайда «жетекші» терминіне, ұйымдық көшбасшыға сай келеді. Көшбасшылық пен ресми жетекшіліктің топ іс-әрекетіндегі айырмашылығы келесі жағдайлармен анықталады:
1) көшбасшы топтағы тұлғааралық қатынастарды, ал жетекші топтың ресми қарым-қатынасын әлеуметтік ұйым ретінде реттейді;
2) көшбасшылық – микроортаның элементі, жетекшілік – макроортаның элементі, өйткені ол қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысқан;
3) көшбасшылық – стихиялық процесс, ал жетекшілік мақсатты бағытталған, өйткені әлеуметтік құрылым элементтерінің бақылауымен жүреді;
4) жетекшілік – тұрақты құбылыс, көшбасшыны ұсыну топтың көңіл-күйіне байланысты, сондықтан көшбасшылық құбылысының тұрақтылығы төмендеу;
5) көшбасшылықта жетекшілік игерген белгілі бір санкциялар жүйесі жоқ, ал жетекшілікте белгіленген санкциялар жүйесі бар;
6) көшбасшы топтық іс-әрекетке тікелей қатысты шешімдер қабылдайды, ал жетекшінің шешім қабылдау процесі көптеген, тіпті осы топқа міндетті түрде топпен байланысы жоқ шешімдерді де қабылдауға мәжбүр;
7) жетекшінің іс-әрекет саласы көшбасшыға қарағанда ауқымды, өйткені ол топты әлдеқайда кең әлеуметтік жүйеде ұсынады.
Кез келген топ ресми болсын не ресми емес болсын, ұйымдасу қажет. Мұның ең қарапайым жолы – топ ішінен бір адамға реттеу және басқару функциясын жүктеу керек. Егер ресми топта ол адамдарды жетекші деп атасақ, ал бейресми топтарда оны басшы деп атаймыз. Басшылық ету – топ немесе ұйым мүшелерінің мінез-құлық психологиясына тән, ал жетекшілік – басқару және қол астындағылардың орнын бөлуі топтағы әлеуметтік қарым-қатынасын сипаттайды. Көшбасшылық, негізінен, топ немесе ұйым мүшелерінің мінез-құлқының психологиялық сипаттамасы, ал жетекшілік – топтағы қарым-қатынастың басқару және бағыну рөлдерін тарату тұрғысынан алғандағы әлеуметтік сипаттамасы. Жетекші мен көшбасшы топ мүшелеріне әсер етудің сапалық әртүрлі формаларына және дәрежесіне ие. Бұл айырмашылықтар олардың басқару іс-әрекетін нақты жүзеге асыруға, олар өздерінің жетекші көзқарасын қалай жүргізетініне ықпал етеді. Көшбасшы топқа және оның мүшелеріне, оларды қандай да бір мақсатқа жетуге бағыттай отырып ықпал етеді, ықпал бедел құбылысы арқылы жүзеге асады. Жетекші ықпалымен және беделімен қатар билікке, мәртебеге ие, бұл енді «ықпал ету қабілеті» емес, ықпал ету міндеті болып табылады. Бұл ұғымның «жетекші» және «көшбасшы» ұғымдары екі топқа бөлінеді:
Көшбасшы және жетекші түсініктері екі топқа бөлінеді:
Көшбасшы түсінігіне: Жетекші түсінігіне:
– бейресми ұйымдар – ресми ұйым
– бейресми басшы – ресми басқарушы
– «Жетекші» – «ұйымдастырушы»
– реттеу (үйлестіру) – басқару
– әсер ету – билік ету
– бедел – мәртебе
Көшбасшы мен жетекшілердің айырмашылықтары:
Көшбасшы: Жетекші – тұлғааралық қатынасты реттейді – топтың әлеуметтік ұйым ретінде қатынастарын реттейді
– микроортаның элементі – макроортаның элементі
– басшылық ету кенеттен ауысып кетуі мүмкін – мақсатқа бағытталған
– басшының орны тұрақсыз – тұрақты құбылыс
– басшыда белгіленген санкциялары жоқ – белгіленген санкциялар жүйесі бар
– тек топқа байланысты шешімдер қабылдайды – топпен байланысы жоқ шешімдерді де қабылдауға мәжбүр
Басқару іс-әрекетін психологиялық сипаттау үшін жетекші мен қарамағындағылардың биліктік қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашып көрсету айрықша мәнді.
Ұтымды жетекші биліктердің сапалы балансын ұстанады. Бұл тұжырымдама басқару теориясының үш маңызды санатының – жетекшіліктің, көшбасшылықтың және басқару іс-әрекеті тиімділігінің өзара әсерлесуінің заңдылықтарын ашып көрсетеді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет