Қызыл кітапқа қандай жануарлар мен өсімдіктер енген?
Балалардың Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер туралы түсініктерін нығайту. Тірі нысанды суреттеу қабілетін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Туған өлкені сүюге тəрбиелеу
Табиғат аясында өз-өзін ұстау тəртібімен таныстыру. Балалардың назарын қоршаған орта проблемаларына аудару. Балалардың бойында табиғат туралы қарапайым түсінік, табиғатпен қарым-қатынас жасау мəдениетін қалыптастыру. Қатар құрбыларымен жəне ересектермен өзара қарым-қатынас жасай білуге тəрбиелеу
Жобалық жұмыстар арқылы балалардың танымдық қызметін жандандыру. Олардың қабілеттері мен дағдысын бекіту. Тəжірибелік жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру, бақылау нəтижелерін салыстырып, талдау жəне қорытынды жасау қабілетін дамыту. Зерттеушілік жəне экологиялық сана-сезімін жетілдіру