Жетілген және жетілмеген бәсеке Бәсеке- нарықтың негізгі тірегі. Нарықтың барлық бөлімінде бірдей тауарлар мен қызметтерді ұсынатын, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар бір немесе бірнеше компания жұмыс жасайды. Мұндай компаниялардың санында шектеу жоқ. Жалпы бұл фирма немесе компаниялардың түпкі мақсаты- нарықта табыстың тұрақты болуы, мәртебесінің жоғары болуы, бәсекеге қабіліетті болу. Бұл тақырып бүгінгі таңда өте өзекті болып табылады, себебі нарықтың кез келген саласында жаңа тауарлар мен қызметтер және соған сәйкес өте ақылды, дарынды адамдардың тобы өсіп жатыр. Сол себепті бәсекелестіктің де жаңа сатыға көтеріліп жатқаны анық. Бәсекелестік латын тілінен аударғанда concurro – қашу, соқтығысу деген мағынаны білдіреді, яғни бір мақсаты бар, бір салада дамитын фирма немесе компаниялардың нарықта бір- бірімен тоғысып қалуы.
Бәсеке неден туындайды? Бәсеке тауар өндіру мен өткізудің неғұрлым қолайлы жағдайын жасау үшін жеке фирмалар арасында өндіріс құралдарына жеке капиталистік меншікті иеленуге талпыныс арқылы туындайды. Сонымен қатар, бәсеке қоғамдық өндірісті стихиялық реттеу механизмі болып табылады. Бәсекелестік нәтижесінде кейбір өндірушілер жойылып, басқалары күштірек бола түседі.
Бәсеке даму сипатына қарай екіге бөлінеді: жетілген және жетілмеген.
Жетілген бәсеке немесе еркін бәсеке- бәсекенің идеалды бейнесі. Оның артықшылықтары:
• Бірдей мүмкіндіктері мен құқықтары бар көптеген сатушылар мен сатып алушылар нарықта дербес әрекет етеді;
• стандартталған және біртекті өнімдермен алмасу процесі жүзеге асырылады;
• сатып алушылар мен сатушылар өздерін қызықтыратын тауарлар мен қызметтер туралы толық ақпаратқа ие болады;
• нарыққа еркін кіру және шығу мүмкіндігі бар.
Жетілген бәсекенің негізгі ерекшелігі – бірде-бір компания бөлшек сауда бағасына әсер етпейді, өйткені олардың әрқайсысының жалпы өнімдегі үлесі шамалы. Ешбір жеке фирма нарықтағы тауар бағасын жоғарылата алмайды. Егер өзгертетін болса, өзінің сатып алушыларынан айырылып қалады, бәсекеге қабілеттігі төмендейді.
Жетілмеген бәсекенің үш түрі бар: монополиялық бәсеке, таза монополиялық бәсеке, олигополия. Монополиялық бәсеке. Мұнда фирмалар санында шектеу жоқ. Тауар өнімінде бәсекелестерден ерекшелеп тұратын өзіндік қасиеттері бар. Мұндай қасиеттерге мыналар жатады: өнімнің жоғары сапасы, әдемі орау, жақсы сату шарттары, дүкеннің қолайлы орналасуы, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету, сүйкімді сатушы және т.б. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, сараланған тауардың иесі белгілі бір дәрежеде монополист болып, бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Бірақ әрбір сатушының сату көлемі салыстырмалы түрде аз болғандықтан, монополиялық фирмалар өте көп және олардың әрқайсысы нарықтық бағаны бақылау құқығы шектеулі. Нарықтағы монополиялық билік ең алдымен сатылатын тауардың сипатымен және ерекшеліктерімен байланысты, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар көп дәрежеде тауардың сипатына байланысты болып келеді. Сондай- ақ салаға кіру негізінен салыстырмалы түрде оңай, бірақ белгілі бір шектеулер пайда болады. Оларға: патент, лицензия, сауда маркасы т.б. кедергілер жатады.
Таза монополия- нарықта тек өзі тұрған, тауар өнімі бойынша бәсекелес фирмалар жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар:
1) сатушы тек қана бір фирма;
2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ;
3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды;
4) нарыққа кіретіндерге өзіндік кедергілерін қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
Олигополистік бәсеке. Мұнда бірнеше фирмалардың үстемдік ететін нарықпен көрсетіледі. Ол біртекті немесе сараланған өнімдердің болуымен сипатталады, ал басты ерекшелігі – көшбасшылық принцип бойынша баға белгілеу. Бұл бәсеке түрінде тауар өнімі аз болады. Фирмалар өнім бағас, нарықта бөліп алу бойынша өзара келісім жасайды. Нарықта бәсеке бар, бірақ сатушылардың саны шектеулі. Мұндай жағдайдың мысалы ретінде ірі супермаркеттер мен сауда желілерін немесе ұялы байланыс операторларын келтіруге болады. Бизнеске кіру үлкен бастапқы күрделі салымдар мен рұқсаттарды қажет ететіндіктен қиын. Нарықты бөлу жиі аумақтық принцип бойынша жүреді.
Қорытындылай келе, Майкл Портердің «Бәсекелестік артықшылықтары» теориясында Портердің пікірінше, кәсіп тұрақты, көп табыс алып келуі және бәсекеге қабілетті болуы үшін, ол 3 саланың бірінде көшбасшылыққа жету керек: өнімде, бағада, нарықтық нишада. Бәсекеге қабілетті кәсіптің болуы еліміздің экономикалық, саяси, мәдени, білім және тағы басқа салада дамуына әсерін тигізеді. Егер компания өзінің тауарын, оның нарықтағы сұранысын, нарықта орнының тұрақты болуын қамтамасыз етсе, онда бұл компания бәсекеге қабілетті бола алады.
Бәсекеге қабілетті болу үшін компанияның өзіндік капиталы болуы қажет. Капитал- өзіне құйған инвестиция. Шығын шықпай, кіріс жоқ дегендей компания жарнама, сатып алушыларға жасалатын науқандар мен сыйлықтар, маркетинг жағын ұмытпай қарастыру қажет.