6- артқы бүйір жүлгесі 7- кеуде жүйкелері 8- бел аймағындағы жуандаған жері 9- ми конусы 10- бел жүйкелері 11- сегізкөз жүйкелері 12- отырықшы жүйкелер 13- терминалды жіпше
Жұлынның ішкі құрылысы
1- орталық өзек 2- жұлынның артқы түбіршігі 3- жұлынның алдыңғы түбіршігі 4- жұлындық түйін 5- жұлын – ми нерві 6- жұлынның сұр заты 7- жұлынның ақ заты 8- алдыңғы орталық саңылау
Оның
сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық
каналын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін
мүйіздері деп атайды.
Алдыңғы жағында
алдыңғы мүйізі , артқы жағында
артқы мүйізі , ал бүйір бөлігінде
бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынңың тек көкірек сегменттерінде ғана кездеседі. Сұр зат
жүйке торшаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде
қозғалтқыш
мотонейрондар орналасады. Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы
қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейронын
эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрондар орналасады. Бүйір
мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып
симпатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан
шығып, ішкі мүшелерді жүйкелендіруге бағыт алады.
Ақ зат жұлынның сұр затын
қоршап жатады, оның өзі жұлын
бетінде жатқан сайлар арқылы үш
жұп бағанға бөлінеді.