Жиа, стенокардия Орындаған: Арипбаев Ш. Қабылдаған: Тобы: ТҚ-605 Анықтамасы



бет7/9
Дата29.12.2023
өлшемі1,77 Mb.
#144735
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Стенокардияның емі.

  • Стенокардияның емі клиникалық түріне қарай түзіледі.
  • Тұрақсыз стенокардияның емі миокард инфарктының еміне ұқсайды,
  • ал тұрақты стенокардияның емі оның функциялық класына сәйкестеледі.
  • Емнің мақсаты -коронарлық қанайналымның функциялық қайта құрылуын, яғни қан келуі нашар аймақтарға қан келуін қамтамасыз ету.

Тұрақсыз стенокардияның емінде, осы мақсаттарға жету үшін, ең кеміңде мына басты проблемаларды шешу керек:

  • стенокардия ұстамасын толық және тез тыю;
  • ишемияны жоюға және ұстамаларды болдырмауға арналған комплекстік шараларды жүзеге асыру;
  • гепариннің және антиагреганттардың көмегімен миокард инфаркты дамуын жөне өлімнің алдын алу;
  • ЖИА-ның қауіпті факторларын жою;
  • метаболизмдік ем;
  • хирургиялық ем;
  • ЖИА-ның дамуына септігін тигізген ауруларды (қантты диабетті, артериялық гипертонияны, атеросклерозды т.б.) емдеу.

Стенокардия емінің басты дәрмектері — антиангинальдік дәрілер:

  • нитраттар мен сиднониминдер;
  • р-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және кордарон;
  • кальций антагонистері;
  • •калий каналдарының активаторлары.

ЕМІ

  • /. Нитраттар.
  • Ұстаманы басу үшін нитроглицериннің 0,5 мг таблеткасын тіл астына салады. Бір таблеткасы өсер етпесе, 5 минуттан кейін екіншісін және тағы 5 минуттан кейін үшіншісін қабылдауға болады (бірақ 15 минуттың ішінде 3 таблеткадан асырмайды).
  • Молсидомин (корватон) — сиднонимин туындысы. N0 тобын түзуінен вазодилятациялық өсер етеді, Корватон таб. 2 мг күніне 1-4 рет,
  • Корватон форте 4 мг күніне 1-4 рет,
  • Корватон ретард 8 мг күніне 1-2 рет қолданылады.
  • Нитраттардан айрықша корватонды қолданғанда бас ауыруы байқалмайды.

ЕМІ

  • //. Бетта-адреноблокаторлар — бұл дәрмектер симпатикалық нерв жүйесінің өсерін тежеу арқылы жүректің қызметін жеңілдетеді жөне оның оттегіге сұранысын азайтады.
  • Кордарон- күніне 2-3 таблеткадан (0,2г.) бастап ішкізеді.
  • ///. Кальций антагонистері.
  • дифенилалкиламин туындылары (верапамил, тиапамил, таллапамил, сензит);
  • дигидропиридин туындылары (нифедипин, никардипин, нитрандипин, нисолдипин, исрадипин, амлодипин, нимодипин, флюнаризин, фелодипин);
  • бензотиазепин туындылары (дилтиазем, клентиазем, алтиазем).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет