Жігіт сұлтаны байқауына
Тегі бүтін қазақтың баласымын,
Баурап алар кең байтақ даласымын.
Келіп тұрмын жігіттің сұлтанына,
«Бағындырсам өнердің» деп дара шыңын.
Өнердің жолы қиын шығар бәлкім,
Күйімді мына менің ұғар халқым.
Амандасу сөз басы, сыйластық бұл,
Баршаңызға ассалаумалейкум!.
Аламанға түсуде бүгін қыран,
Өнеріммен шайқаса, алып ұрам.
Жігіттің сұлтаны мен Асанәлі,
Шабамын Тайбурылдай боратып шаң.
Батыр ұлға болсыншы қошемет бұл,
Қошаметің шабытымды шақырып тұр.
Орта жүзден келген ұлға бет бұрыңыз,
Махаббаттың айдынына батырып бір.
Асқар таудай әкенің — баласымын,
От жүрегі елім деп жалындаған.
Ақ жаулықты ананың — дарасымын,
Даралықты ақ сүтпен қабылдаған.
Достарыңызбен бөлісу: |