Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет49/57
Дата18.10.2023
өлшемі2,07 Mb.
#118401
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
Некеге дейін

ЖІГІТІҢІЗДЕН АЛУДЫ ЕМЕС,
БЕРУДІ ОЙЛАДЫҢЫЗ БА?


Қағаз алып, қағазға жазасыз. Ең кем дегенде 10 қасиет. Оның
ішінде бет әлпетіңіз, түріңіз жатпауы керек. Мен айтып
өткендей кемінде 5 қасиет мінезі жағынан болсын. Ал 5 қасиет
ол өмірлік нәтижелеріңіз, қол жеткізген керемет нәтижелеріңіз
болуы керек. Ер адамдарға да бұл өте маңызды. Сіз ер
адамның жетістіктеріне қарайсыз, нәтижелеріне көз саласыз,
оның мінезіне, салыстырмалы түрде анализ жасайсыз.
Кемшіліктері қанша, артықшылықтары қанша? Болашақта
менің күйеуім болса қандай болады? Балаларға қалай
қарайды? Осындай анализді ер адамдар да жасайды екен.
Адамды жақсы көрсең, бүкіл кемшіліктерімен қоса жақсы
көресің деп айтады ғой. Бірақ алғашқы кездесулерде сіз адамға
ғашық болып, оны барлық кемшіліктерімен жақсы көріп
қалмайсыз ғой? Бірінші сізде адамның жақсы жақтарын көру
басталады. Ер адамдар да да дәл солай. Сол үшін сіз нақты
өзіңіз жайлы, самооценканы көтеру үшін, сенімділікті арттыру
үшін нені бере алатыныңызды нық білу керексіз.
Алдыңғы самооценка тақырыбымызға бұл өте керемет
мүмкіндік болады (самооценканы көтеруге). Себебі өзіңізге
күмән арта бастаған кезде бірден қағазға қарап, өзіңіздің
артықшылықтарыңызды оқып айта аласыз: менімен кез-келген
ер адам бақытты бола алады, менімен кез-келген ер адам бірге
болғысы келеді. Сіздердің ең бірінші жасап бітіретін
тапсырмаңыз қағазға немесе телефонға жазсаңыз да болады. 
Тіпті сіздің өте иманды, белсенді, білімді болуыңыз, мүмкін
отбасыңыз ұйымшыл шығар, ата-анаңыз күшті жерде жұмыс
істейтін шығар. Мұның барлығы мен нені бере аламын деген
қасиеттердің ішіне жатады. 
Некеге дейін... 
162


Самооценка тақырыбын жалғастырып, ер адамның төмен
самооценкасы және өзіне сенімсіздігі жайлы тақырыпты
қозғаймын. Ең біріншіден, ондай ер адам не істейді? Оның
мақсаты - сөйлесіп жүрген қыздың самооценкасын төмен
түсіру, қазір екеуі тең тұр ғой, әйел адамның самооценкасы
оныкінен төмен болуы керек.
Бұл не үшін жасалынады? Ер адам өзінің сенімділігін қыз
баланың алдында көтермелеу үшін. Ол сонымен не істейді? Ол
барынша сөйлесіп жүрген әйел басқа ешкімге керек емес
екенін көрсеткісі келеді. Ешкім оған қарамайтынын, оған
ешкім қызықпайтынын миына құя бастайды. Дәл осы арқылы
ол әйел адамның өзіне сенімсіздігін, самооценкасын төмен
түсіріп, өзінің сенімділігін арттырады. Оның сөздері өтірік.
Егер сіздің жігітіңіз дәл осылай төмен самооценкасы бар жігіт
болса, оның сөздеріне сенбеуіңіз керек. Не үшін? Егер оның
сөздері рас болса, ол сізбен жүрмес еді. Ол сізбен сөйлеспес
еді. Көбінесе төмен самооценкасы бар ер адамдар сол
тұстарын отбасы құрғаннан кейін көрсете бастайды. Әйел
адамды ешқайда шығармайды, ештеңемен айналысқызбайды,
құрбыларымен сөйлескізбейді, жұмыс істеткізбейді, үйде
отырғызып қояды. Барлық жерден шектеу қояды. Қызғанамын
деп өтірік айтуы мүмкін. Бірақ барлық жерден шектеу қойып,
әйел адамның дамуына, самооценкасына әсер ететін сөздер
айтатын болса, демек ер адам өзіне сенімсіз. Оның ең басты
мақсаты - әйел адамды деградацияға ұшырату. Себебі ол
қорқады. Егер әйел адамның таныстары көп болса,
самооценкасы жоғары болып кетсе, "маған қарамай қояды, ол
мені тыңдамай қояды, ол жаңа таныстарды көру арқылы менің
шынайы бейнемді көріп, мені ұнатпай қалуы мүмкін, менің
авторитетім түсіп кетеді", - деп ойлап, содан қорқады екен.
Дәл осы нәрсе тұрмысқа шықпай жатып, сізді әйел қылып
алмай жатып көрініп қалуы мүмкін. Себебі қазір маған көп
Некеге дейін... 
164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет