Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата18.10.2023
өлшемі2,07 Mb.
#118401
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
Некеге дейін

 ЖІГІТТІ ӨМІРІҢДЕ ҚАНДАЙ
ОРЫНҒА ҚОЮ КЕРЕК?
Некеге дейін... 
57


•Сен оған қарадың ба? •Сен оған күлдің.
•Ол саған хабарласты ма? •Ол саған күлді.
•Сен оған жауап бердің. •Неге күлесің? 
Осы сөздер арқылы сіз еркектің өмірінде үшінші орында
тұрғаныңызды білдіртесіз. Сіз өзіңіздің самооценкаңызды
төмен қойып қойдыңыз. Еркек оны бірден сезіп қояды.
Олардың интуициясы біздің интонациямызға, сөзімізге,
қызғаныш кезінде жылағанымызға, эмоциямызға қарап біздің
самооценкамызды сезіп қояды. Егер самооценкаңыз шектен
тыс төмен болса, онда еркек сізбен дөрекі сөйлесетін болады.
Бізбен ұрсысқан кезде дөрекі сөйлесетін болады. Ұратын
болады, боқтайтын болады. Кешке достарымен сіздің
көңіліңізге қарамай қала салатын болады. Не үшін? Себебі, ол
сезеді, сіздің самооценкаңыз төмен. Сіз осыған жол бердіңіз. 
Ол үшін не істеу керек? Кез-келген уақытта еркекке сөйлейтін
сөзіңізді бақылаңыз.
Қандай сөздер айтып жатырсыз? Истериканы, қызғанышты,
ұрыс-керісті кішкене нәрсе үшін бастап жатырсыз ба? Жай
ғана бақылаңыз, сөзіңізде самооценкаңыздың төмендігі көрініп
тұр ма? Алдын-ала айтатын сөздеріңізді саралап алыңыз.
Сөздеріңіз оған қалай естілетінін бақылаңыз.
Бір қызбен сөйлескенін байқасаңыз, өзіңіздің ол қыздан жүз
есе әдемірек, ақылдырақ, күштірек екеніңізді күйеуіңізге
айтыңыз. 
-Қалай ғана мына қызбен сөйлесіп жатырсың, мен одан жүз есе
жақсымын. Сен соны таңдадың ба? Жақсылап ойлан, жарайды
ма, жаным? Мына қызбен сөйлескеніңді екінші рет көріп
қойсам, сен сол қызбен қаласың, ал мен сенің жаныңда
қалмаймын. Сондықтан таңдау жаса, жаным, жарайды ма?- деп
айту керексіз.
Некеге дейін... 
58


-Сен онымен сөйлесесің ба? Сен мені жақсы көрмейсің ба?
Мен кетемін,- деп, мен сені жоғалтып алуға қорқамын деген
сияқты сөз интонацияңыздан білінбеу керек. Оны еркелеткен
кезде махаббатпен еркелеткеніңізді байқауы керек, олсыз өмір
сүре алмайтыныңызды емес. Кез-келген жағдайда сіз одан бас
тарта аласыз. Себебі, сізде жақсы самооценка.
Егер ол сізбен жаман қарым-қатынаста болса, боқтаса, ұрса,
басқа қызбен сөйлесіп жүрсе, сіз оны көтере алмайтыныңызды
білуі керек. Егер сіз еркектің өмірінде үшінші орында болуым
керек деп қабылдасаңыз, еркек сізді ондай қатты маңызды адам
емес деп ойлайды. Мысалы, сіз оған мені базарға апарып келші
деп айтсаңыз, сосын досы СТО-ға апарып келші десе, ол бірден
"менің әйелім ғой, ол кешіре салады, ол ренжімейді, оның
самооценкасы төмен, ол автобусқа отырып бара салады, одан
да мен досымды СТО-ға апарып келейін" деп ойлайды.
Білесіз бе неге екенін? Себебі, біз оның өмірінде үшінші
орында екенімізді білдірттік. Нағыз әйел еркелетіп, нәзік
сөзбен, көзқарасымен мақтау арқылы, ұрыспай-ақ өзінің
бірінші орында екенін білдіртеді.
Егер шынымен де сізді бағаласа еркек үйде жатса, машинасы
аулада тұрса, сіз автобуспен жүрмейсіз. Ол міндетті түрде сізді
таксиге отырғызады немесе өзі апарып тастайды. Ол сіздің
шаршамауыңызды қалайды. Не үшін? Себебі, сіз оның
өмірінде 
бірінші 
орындасыз. 
Сіз 
оған 
өзіңіздің
самооценкаңызды жоғары етіп көрсеттіңіз. Сосын ол ойлайды
"менің әйелім нәзік қой, ол сондай көркем мінезді әйел, ол
базарда жүрген әйелдер емес әркіммен салғыласып, автобуста
тұратын. Жоқ, ол ондай әйел емес. Ол өзін-өзі бағалайды, өзін-
өзі құрметтейді, ондай әйелді алақанымда ұстау керек". Міне
еркек осылай ойлау керек.
Некеге дейін... 
59


Сіз өзіңізге "Мен ешқашан біреудің өмірінде үшінші,
төртінші, алтыншы орында тұрмаймын. Мен бірінші орында
тұрамын" деп айтыңыз. 
Бірақ мен бірінші орында тұрамын деп қырсығып, ұрсысып,
"сен досыңды таңдадың ғой" деп, ол жерде қырылысып
тұрмаңыз. Оны жай ғана үндемей жеткізу керек. Еркек сіздің
ісіңізге қарап өзінің қателігін түсінетіндей болуы керек.
Мысалы, ол досын таңдады. Сіз оған айтыңыз: 
-Жарайды, егер досыңды таңдайтын болсаң, маған таксиге
2000 теңге берші, мен автобуспен барсам, бірнәрсені
жоғалтып аламын. 
Ал сіз міндетті түрде жоғалтып келіңіз:
-Мен автобуспен жүріп едім, әмиянымнан 20 мың теңге түсіп
қалды. Автобуста ұрлайды екен, мен жүре алмаймын
автобуспен, менің аяғым ауырады, онда әзір сен мені
машинамен алып барып келмейінше, азық-түліксіз отырайық.
Жаным, кешір, әрине, мен олай істей алмаймын. Менің
күйеуім бар, менің күйеуім маған көмектескені қалаймын, сен
мені жақсы көресің ғой, иә, мен де сені жақсы көремін, онда,
қане, сен мені базарға апарып тастайсың. 
Еркелеп, нәзіктікпен айтыңыз. Ал ол:
-Досыммен келісіп қойдым, досыма барамын,- деп айтса, сіз:
-Жарайды, онда келесі жолы апарасың. Ендеше бүгін менің
барғым келіп тұрған жоқ.
Келесі күні айтасыз, тағы бас тартты ма? Ол кезде де
бармайсыз. Біз шыдамсызбыз, бәрінің тез біткенін қалаймыз. 
Еркек ойламаса, біреуден қарыз алады. 1-2 күн кешіккенге
шыдамайды әйел адам, тіпті, несие күйеуінің атында болса да.
Ал еркекке бір апта бойы, “несие төлеңіз” деп хабарласа берсе,
еркек екінші, үшінші айда ойланады. Ал бізге бәрін тындырып
тастаған ұнайды. Біз нәзік бола алмаймыз. Еркек міндетін 
Некеге дейін... 
60


атқармаса, әрине, біз нәзік бола алмаймыз. Бүкіл шаруаны өз
мойнымызға аламыз. 
Еркектің табиғаты ол-қорғау, жауапкершілікті өз мойнына
алу, нағыз батыр болу, жанындағы нәзік жанды қорғау. Біз сол
ұйықтап жатқан табиғатын ояту керекпіз. 
Ол бірден оянып кетпейді.Бір ауыз сөзден керемет болып
кетпейді. Оған уақыт керек. Сабырлық керек. Шыдамдылық
керек. Еркектің міндетін ол өзі мойнына алмайынша жасамау
керек.
Некеге дейін... 
61


Әлі де қыз бен жігіт болып сөйлесіп жүрген қыздарға
немесе қазір тұрмысқа шығып кеткен, қыз бен жігіт кездегі
өмірін еске түсіріп жүрген қыздарға арналады

Жігіт - қасқыр (аңшы), ал қыз - қоян. Қасқыр қоянның
артынан жүгіреді. Дәл солай қыз бен жігіт екеуі бір-бірімен
араласып жүрген кезде, егер қоян қасқырдың артынан
жүгіретін болса, онда қарым-қатынас бұзыла бастайды.
Себебі, ондай заңдылық жоқ. Онда ол махаббат, қарым-
қатынас емес, ол кезде жай жігіт (қасқыр) қашады, қыз (қоян)
артынан жүгіреді. Біраз уақыттан кейін қыз ашулана
бастайды:
-Сөйлесейікші, сен неге маған көп көңіл бөлмей кеттің, неге
арамыз суып кетті, сен байқамайсың ба? - деген сияқты
қыздың әңгімелері басталады. Ал жігіт қаша бастайды. Себебі
түсіндіре алмайды.
Оны мен сіздерге түсіндіріп бере аламын. Қыз әр қадам сайын
еркекке жақындай бастайды, ал еркекке бұл ыңғайсыз, кез-
келген еркекке бостандық керек. Айналасы бос болу керек.
Сол кезде ол өзінің әңгімесін сол қызбен толтырғысы келіп,
өзі қызға жақындайды. Ал егер бос жерді қыз есік қақпай,
біреудің кеңістігіне кіріп кетіп, жігіттің артынан қуа бастаса,
өзі сол бос кеңістікке кірсе, еркек бос кеңістікті көрмей
қалады. 
"Сенің жаныңда болайыншы, мен сенімен сөйлесейінші,
кездесейінші, маған келші, маған сыйлық сыйлашы" деп
естіледі жігітке. 
Ол оған ұнамайды. Жігітке қызды өзі шақырғаны ұнайды:
-Бүгін шықшы кездесейікші.
-Бүгін шыға алмасаң, онда ертең кездесейікші.
-Ертең де болмаса, тым болмаса бір күніңді маған бөлші. 
Міне осындай болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет