Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет21/57
Дата18.10.2023
өлшемі2,07 Mb.
#118401
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
Некеге дейін

ЖІГІТІҢІЗДІҢ СЕЗІМІ СУЫП
КЕТКЕНДЕ ҰСТАНАТЫН
ЕРЕЖЕЛЕР
Некеге дейін... 
62


Ал егер жігіт ә дегеннен-ақ, қыз "иә, иә кездесемін, келе бер"
деп тұрса, бір қоңырау шалғаннан-ақ бірден көтерсе "мен
сенің қоңырауыңды күтіп отырдым" деп тұратын болса, онда
ол қарым-қатынас емес. 
Не істеу керек? Ресейде Мила Левчук деген психолог бар.
Соның парақшасын қосымша оқып жүрсеңіздер болады.
Маған оның 
"масленица”
деген техникасы қатты ұнайды.
Егер жігітіңіз сізден алшақтап кетсе, сізге көңіл бөлмесе сіз
оған жабыса бастадыңыз деген сөз. Сіз оның кеңістігіне кіріп
кеттіңіз. Ал ол өзінің кеңістігін босатқысы келіп жүр. Ол не
үшін хабарласпағанын түсіндіре алмайды. Достарына кетіп
қалады, ал сіз кездесейік десеңіз сізге уақыт таппайды.
"Жұмыстан келдім, шаршап тұрмын" деп қашады
.
Масленица техникасы
Бүгіннен бастап ол сізге хабарласса екінші қоңырауын
қабылдайсыз. Бірінші қоңырауын қабылдамайсыз. Екі рет
қоңырау шалса ғана өзіңіз хабарласыз. Немесе екінші
қоңырауын көтеруге болады және араларыңыз жақсы болып
кетпейінше 5-10 минуттан артық сөйлеспейсіз. Бұл шамамен 1-
2 апта уақыт алады. Барынша сабырлы болуға тырысыңыз.
Stories-ке өзіңіздің күнделікті өміріңізді салып тұрасыз.
Өзіңіздің әдемі болып түскен суретіңізді, әдемі киіммен,
каблукпен, жігітіңіз танымайтын адамдармен. Жай ғана сауда
орнына кіріп бір адамға айтасыз: - Маған біреумен суретке
түсу керек болып тұр, сізбен суретке түсейінші,- деп, түсіп
алсаңыз болады. Ол танымайтын адаммен Stories-ке суреттер
саласыз. Не үшін? Бұл оның қызығушылығын тудырады.
Ол сіздің стористеріңізді көргенде міндетті түрде сұрайды: 
-Кімменсің, қайда жүрсің, неге маған айтпайсың?
Сол кезде сіз ренжімеңіз, ұрысудың керегі жоқ, сіздің ұрысуға,
ренжуге уақытыңыз жоқ екенін көрсетіңіз. Соңғы кездері бос
емес екеніңізді көрсетіңіз. Ол сізге сізден алыстап кеткенін
көрсеткісі келіп тұр ғой. Бірақ сіз бұл жерде масленица
техникасы арқылы керісінше сіз одан алшақтап кеткеніңізді
Некеге дейін... 
63


көрсету керексіз.
Ол сізге неге маған айтпағансың десе, сіз:
-Жаным, ренжімеші, сіздің қолыңыз босамайды деп ойладым,
сіз бәрібір жібересіз ғой, сол үшін айтпай-ақ қойдым,
мазаңызды алмайын деп шештім,- деп құтыла саласыз. Ол
сізге ұрсып жатса, онда сіз:
-Жарайды, кешірші, келесі жолы мен саған айтамын,- деп
жылы жауып қоя салыңыз. Ары қарай ұрсып кетудің керегі
жоқ. 
"Кешке қарай мен саған келемін, шық" - деп, жігітіңіз
кездесуге шақырады. Аптасына екі күн ғана кездесесіз.
Мысалы, күнде кездесіп жүрсеңіз, аптасына 2-3 рет қана
кездесесіздер. Егер екі аптада бір кездесіп жүрсеңіз, онда
қиын болады, ол кезде кездесуден бас тарту керек. 
Ол:
-Менің бүгін қолым босады, кездесіп сөйлесейікші, саған
бірнәрсе айтқым келіп тұр,- дейді. 
Мен түсінемін, оны жақсы көргеннен кейін көңілдеріңіз ауып,
шыққыңыз келіп тұрады, бас тарту қиын болады. Бірақ
осындай техникадан кейін жігітіңіз бірден есін жия бастайды.
Бірнеше апта шыдай тұрыңыз. 
Сонымен жігітке айтасыз:
-Менде ертең емтихан, бүгін мүлдем қолым тимейді,
ренжімеші. Менің кездескім келіп тұр, әрине, бірақ менің
қолым босамайды, ертең болсыншы,- деп айтасыз. 
Ол "ертең менде жұмыс қой" деп айтуы мүмкін. "Ал менде
сабақ" деп жауап бересіз. Неге сіз өзіңіздің уақытыңызды жігіт
үшін босатасыз, ал ол өзінің уақытын сіз үшін босатпайды?
Сол үшін екі-үш рет бас тарту керек. Кездескен кезде,
кездесулеріңіз егер бұрын 4-5 сағат жүрсеңіздер, онда екі
сағатқа қысқартыңыздар. Сағатқа қарап, екі сағат өтіп кетіпті
ғой дейсіз. Құрбыңызға немесе анаңызға айтып қойыңыз, сізді
хабарласып шақырып алсын. 
Некеге дейін... 
64


Өзіңіз қоңырауды бірінші қоюыңыз керек. "Жаным,
ренжімеші, ыдыс жууым керек еді, мен саған қайта
хабарласамын" деп қоя салыңыз. Бірақ артынша оған
хабарласпайсыз. Ол өзі хабарласуы керек. Сізге айтады:
-Сен маған хабарласамын дедің ғой?
-Жаным, ренжімеші, мен ұмытып кетіппін, ыдыс жуғаннан
кейін маған құрбым хабарласты, оның мәселелерін шештік. 
Ол әдейі қырсығып істеп жатқаныңызды біліп қоймасын. Сол
кезде барлығы жақсы болады. Егер ол сіздің қырсығып
осындай техника жасап жатқаныңызды біліп қойса, онда ол
одан сайын қырсығады. Ол да сізге хабарласпай қояды. Сосын
екеуіңіз екі жақта жүресіздер. 
Кездесуге бір күн шығасыз, келесі күні кездесуге өзіңіз
шақырмайсыз. Шыдай тұрыңыз.
Жігітке мына сұрақтарды қоймайсыз: 
"Қайдасың?" деген сұрақтың орнына "Не істеп жатырсың?" 
"Қашан келесің?" орнына "Мен сені көргім келіп тұр" немесе
"Мен сені сағынып кеттім" 
"Келші, кездесейікші" деген әңгімені айтпаңыздар. 
"Кіммен жүрсің?" деп қоймаймыз сұрақты.
"Кіммен жүрсің, жаныңда кім бар? Ол жерде не істеп
жатырсың?" деген сұрақты қоймаңыз.
Қызығушылық танытпаңыз. Қарым-қатынаста көбінесе еркек
сұрақ қою керек. Еркек көп сұрақ қойып, оған жауапты аз
алса, сол кезде оған қиын болады. Сол сұрақтарға жауап
тапқысы келеді. 
Кіммен жүрсің деп сұрақ қойса: "Асимамен, Қасиетпен,
Зәуремен" деп нақты жауап бермеңіз. Ол сұрақ қойғанда 4-5
есе аз жауап беріңіз. 
-Қыздармен жүрмін. 
-Қандай қыздар? 
-Сен танымайсың оларды. 
Некеге дейін... 
65


-Қайда жүрсің? 
-Жай жүрміз сыртта. 
-Ненің жанында жүрсің? 
-Нақты бір жерде жүрген жоқпыз, жай өтіп бара жатырмыз. 
Жауап беруге қашыңыз. Ол сізге хабарласқан кезде әңгіме тез
біту керек. Ешқашан телефонмен және ватсаппен қарым-
қатынасты талқыламаңыздар және ұрсыспаңыздар. Бетпе-бет
отырып сөйлескен дұрыс. Сол кезде эмоция, айтқыңыз келген
сөздер жақсырақ жетеді. Бетпе-бет кездескен кезде азырақ
ұрсысамыз.
"Мен сенімен бүгін сөйлесуім керек, бүгін кел шешейік"
деген әңгімені айтпаңыздар. Ол сізді кездесуге шақырсын, сіз
шығыңыз, сол кезде ойыңыздағыны айтасыз. Егер араларыңыз
дұрыс болмай жүрсе, онда 1-2 аптаға тоқтай тұрайық деп
өзіңіз айтыңыз. Сол 1-2 аптада да, осы масленица техникасын
қолдануға болады. Жай ғана оған хабарласпайсыз, жазбайсыз.
Ал Stories-те бүкіл уақыттарыңызды қызық етіп өткізесіз. Ол
сізге хабарласқанында, сізде "жай жатырмын, жай отырмын,
ішім пысып кетті" деген жауап болмауы керек. Ол сіз бос
уақытыңыздан жігітіңізге уақыт бөліп жатқаныңызды түсінуі
керек. Жігіт осы уақытты бағалау керек. Сіздің іш пысқаннан
сөйлескеніңіз жарамайды.
"Жалғызсырап жүрмін, жалғызсырап жүргендеймін" деп не
үшін айтады қыздар? Себебі, олардың өмірінде жігіттен басқа
айналысатын ісі жоқ, уақыты тек жігітке ғана арналған. Кітап
оқу, әртүрлі видеолар көру, курстарға жазылу, марафондар,
мастер класстар, қыздармен кездесу, достармен кафеде отыру,
жұмысқа орналасу және тағы да басқа нәрселермен уақытты
өткізуге болады (жігітті ойлауға қолыңыз тимейтіндей). Менің
кеңесім осы.
Некеге дейін... 
66


Жігіт - қасқыр, қыз - қоян. Қасқырдың артынан қоян
жүгірмейді.
Егер ондай жағдай болса қыз жігіттің территориясына кіріп
кетеді. Ал ер адамға бостандық керек!
Қарым-қатынастағы ереже:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет