Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата18.10.2023
өлшемі2,07 Mb.
#118401
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
Некеге дейін

ҚАЙ КЕЗДЕ ЖІГІТТЕН БАС
ТАРТУ КЕРЕК БОЛАДЫ?


"Жаным, барлығы жақсы болады, сен маған керексің",- деп айта
алатын қызды есіне алады екен. Сосын жағдайы жақсарады.
Көңіл-күйі көтеріледі. Басқа қыздар бар екенін түсінеді.
Солармен таныстық басталады. Сізбен іші пысады, тағы әдетіне
басып, жоқ болып кетеді.
Егер жігітіңіз қазір сізге бақытсыздық әкеліп жатса, ол
манипулятор болуы мүмкін. Енді не үшін сіз оны үнемі
қабылдап, кешіріп, сөзіне сенесіз? Көп әйел адамдар "Мен оны
жақсы көремін",- деп махаббаттарына ысыра салады. Бұл
махаббат емес. Бұл әйел адамның табиғатында бар, біреу үшін
уайымдау, бауыр басқаннан кейін ол адамды уайымдайсың, сіз де
сол адамды түзу жолға қойып, түзеп алғыңыз келеді. Ресейдің
фильмдерінде болады ғой, басында жігіт бабник болады,
қыздармен көп жүреді, өтірік айтады, сосын аяқ асты қызының
сондай керемет, күшті екенін түсініп, қайтып келіп, 180°-қа
өзгеріп, отбасыны бірінші орынға қоятын адамға айналады. Міне,
біздің сондай арманымыз бар сияқты.
Біздің ойымызда тұратыны ол жаман адамнан жақсы адамды
шығару керек. Егер біз өмірімізде бір керемет, барлық қасиеттері
біздің арманымыздағы жігітке сәйкес келіп тұратын болса, неге
екені белгісіз ол адамға қарағымыз келмейді. Бізге керісінше
жаман адамды түзеген ұнайды. Ал жақсы адамның түзететін жері
жоқ қой, жақсы адам тым іш пыстырарлық, сізді ренжітпейді,
жылатпайды, айтқаныңызды істейді, артыңыздан жүгіреді. Қарап
тұрсаңыз керемет еркек. Сол сіздің күйеуіңіз болса,
арманыңыздағы 
күйеуіңіз 
болады. 
Бірақ 
біздің 
бір
қырсықтығымыз бар және төмен самооценка. Егер біз ер адамды
қабылдай алатын болсақ, кешіре берсек немесе өзіміз бірінші
қадам жасай берсек, демек біздің самооценкамыз өте төмен. 
Егер бірде бар, бірде жоқ жігітпен айырылыспасаңыз, сіздің
алдағы бірнеше жылыңыз қалай өтетінін айтайын.
Біріншіден, сіздің барлық уақытыңыз, минутыңыз ол жігітті
түзеумен өтеді. 
Некеге дейін... 
129


Екіншіден, түзеп жатқан уақыттың барлығында айналаңыздағы
бүкіл керемет, красавчик, сіз десе жанын беретін жігіттердің
ешқайсысын көре алмай қаласыз. Себебі, сіздің назарыңыз тек
қана сізді бағаламайтын жігітте. Сосын жігіт сізді жақсы көремін,
екеуміз үйленеміз деп, сізді әйел қылып алады. 
Әрі қарай не болатынын айтайын. Егер ол жігіт намаз оқымаса,
Алладан кешірім сұрамаса, түзелемін деген ниеті болмаса,
үйленгеннен кейін жігіт екі есе жаман жақтарын көрсете
бастайды. Тойға дейін жақсы болған адам, тойдан кейін сол
жақсы болған қасиеттерінің, жақсы амалдарының жартысын жоқ
қылады. Тек қана жартысы ғана қалып қалады. Тойға дейін сізге
көрсетпеген жаман қылықтарын, тойдан кейін барынша көрсетуге
тырысатын болады. Барынша сізден құтылуға тырысатын жігіт
сияқты көрінетін болады. 
Енді ойланыңыз. Қазір сіз қиналып, жылап жатырсыз.
Араларыңыз суып кетіп, ол артыңыздан жүгірмек түгілі сізді
жүгіртіп қойған. Тойға дейін сіз осындайсыз. Сіз "ертең бір үйде
тұрамыз, ол мені күнделікті көреді, таңертең шайын беремін,
түнде басқа нәрсесін беремін, сол кезде менен айналшықтап
шыға алмай қалады, күнде боянамын,- деп ойлайсыз. Иә, негізі,
бұл ойыңыз дұрыс. Бірақ сіз үнемі жаман қасиетке жақсылықпен
жауап бере алмайтын боласыз. Неге екенін білесіз бе? Тіпті қазір
мен айта аламын, менің күйеуіммен тұрып жатқаныма аз уақыт
өтті, соның өзінде ол мені ренжітіп қойса, аяқ асты ашуланып
кетсе, сабыр сақтап оған "таспен ұрғанды, аспен ұр" деген
мақалды қолдана алмай қаламын. 
Сіздің қазіргі нашар жігітіңіз ертең тура осы нашар қылықтарын
көрсетуді жалғастырады. Сол кезде бетіне күліп, жақсы болып,
идеально әйел бола аласыз ба? Тойдан кейін одан сайын истерика
басталады. "Неге достарыңа кете бересің? Неге үйде
отырмайсың?" - деген сияқты жылайтын сөздеріңіз пайда болады.
Некеге дейін... 
130


Не істеу керек? 
Біріншіден, 
егер 
жігітіңізді 
қазір 
тастай 
алмасаңыз
самооценкаңызды көтеру керек. Қалай сіздің планкаңыз сол
жігіттің дәрежесінен сәл жоғары көтеріліп, өзіңіздің
самооценкаңыз түзелген кезде, басыңызда идея пайда болады. Өз-
өзіңізге күле бастайсыз. "Қалай мен осы жігітпен сөйлестім,мен
өзімді соншалықты ұмытқаным ба?"- деп күле бастайсыз. 
Егер де сіздің самооценкаңыз төмен болып, ол жігітпен "болды,
мен айырылысамын"деп нүктесін қойсаңыз, мұндай қарым-
қатынастан құтылғаныңызға әзірге қуанбайсыз. Себебі, сіз
салдарынан құтылдыңыз, ал себептен құтылған жоқсыз. Себебі
қандай? Ол төмен самооценка. Қазір жігітіңіз өтірікші, бабник,
сізді мүмкін ұратын шығар, мүмкін боқтайтын шығар, мүмкін
жоқ болып кететін шығар. Осының барлығын түзетіп, артыңыздан
жүгіртетін керемет жігіт қылғыңыз келсе, оданда барлығын қазір-
ақ тастаңыз. Себебі, бұл бос уақыт өткізу. Өтірікшілер әрқашан
өтірікші болады. Манипуляторлар әрқашан манипулятор болып
қала береді. Бабниктер бабник болып қала береді. Ғасырлар бойы
әйел адамдар ер адамды өзгерткісі келетін. Бірақ менің
байқауымша әйел адам өзі өзгермесе, өзінің көзқарасы өзгермесе
бұдан ешқашан нәтиже шықпаған. Яғни өзі бір қалыпта қалып
қалады. Төмен самооценка, сенімсіздік, тәуелділік осының
барлығы бар, бірақ жігітті өзгерткісі келеді. Бұл нәрседен
ешқашан нәтиже шықпаған.
Бұл адамнан бас тарту керектігін қалай түсінуге болады? 
Біріншіден, жүріп жүрген жігітіңізді ата-анаңызға таныстыруға
қорқасыз. Жігітіңізді достарыңызға таныстыруға қорқасыз.
Таныстарыңызға айтатынын айтып, бетпе-бет кезіктіріп, бір жерде
отыруға ұяласыз, қысыласыз, қорқасыз. Сізде қорқыныш бар
немесе сіздің жігітіңіз шынымен де ұнамауы мүмкін. Әйтеуір бір
жерін, қасиетін ата-анаңыз да, достарыңыз да құптамайды. 
Барлығының айтатын сөзі бір. Сол кезде сізге ойлану керек. Не
үшін оларға бұл жігіт ұнамауы мүмкін? Бірақ сіз жігітті ақтап
алуыңыз мүмкін. «Менің ата-анам оны жақын танымайды, олар
түсінбейді оны»,-деп ойлауыңыз мүмкін. Сыртынан барлығы
жақсы болып көрінеді. Сіз қарым-қатынастың ішінде жүріп,
Некеге дейін... 
131


махаббатқа көзіңіз байланып жүрген кезде, олар да сіздің
жігітіңізге ғашық емес қой? Сондықтан жігітіңізбен танысқан
адамдар "ақты ақ, қараны қара" деп айта алады. Факттарға
көзіңізді жұмбаңыз. Көзіңізді жаппаңыз. Сүйікті ер адам, сізді
жақсы көретін ер адам ешқашан қызды артынан жүгіртіп
қоймайды. Жылатпайды, тіпті қыздың жылап жатқанын көрсе
жүрегі жарылып, ашуланған түрін жұмсартып, сізді бірден
тынышталдыруға тырысады. Егер ұрыс кезінде ол еркекпен
ұрсысып жатқандай ауыр сөздер айтып "мен сенімен ұрсысып
жатқанда ештеңе көрмей қаламын, өз-өзімді ұстай алмай
қаламын" деген сияқты сөздерді айтса, онда бұл ер адам ертеңгі
күні қатты ашуына тисе қол көтере алатын адам деп айта аламын.
Себебі, сіз өзіңізді ұстап жатырсыз ғой онымен ұрсысқанда,
боқтағыңыз келсе де боқтамайсыз, ұрғыңыз келсе де ұрмайсыз.
Тіпті жыласаңыз да оны кемсітіп, намысына тиетін сөздер
айтпайсыз ғой? Егер сізді жақсы көрсе, ашуына тиіп тұрсаңыз да
өз-өзін неге ұстай алмайды? Демек ол сіздің көңіліңізге қарағысы
келмейді деген сөз. Оған сіздің көңіліңіз, сыйластығыңыз,
құрметіңіз әзірге маңызды емес деген сөз.
Немесе тағы бір нұсқа бар. Ұрыстан кейін сіз ешқайда кетпейсіз,
көңіліңіз қалса да бәрібір жақсы көріп, әрі қарай татуласып
кешіре салатыныңызды біледі. Мүмкін дәл солай сіз бағаңызды
түсіріп алдыңыз. Мен түсініп тұрмын, жақсы көремін деген
сезіміңіз бар, бауыр басып қалдыңыз, қаншама уақыт өтті,
қаншама энергияңызды жұмсадыңыз, байланып қалдыңыз.
Сізге қазір сұрақ қойғым келеді. Сізге депрессияда болған
ұнайды ма? Стрессте үнемі жүрген, үнемі жылаған, ашуланған
сізге ұнайды ма? Кешке жақын ол қоңырауды алмаса, сізге жауап
бермесе жынданып, уайымдап, не істеп жатыр, кіммен жүр, қайда
жүр, неге хабарласпайды деген сұрақтарға үнемі жауап іздеп,
соның аузына қарап отырған ұнайды ма? 
Сонымен бұл жігітпен айырылысқыңыз келмейтін екі себеп бар.
Біреуі төмен самооценка, екіншісі оның махаббатын, сізді
құрметтеуін күту. Аяқ астынан ол өзгеріп, сіз жеңетін сияқтысыз.
Көп әйел адамдар жалғыздықтан қатты қорқады. Біз жек көреміз
жалғыздықты. Бұл жігіттен айырылып қалсақ, басқа ешкімді
Некеге дейін... 
132


таба алмайтын сияқтымыз. 40-50 жастағы үлкен кісілер емеспіз
ғой. Балаларымыз жоқ. Мүмкін беріліп қойған шығарсыз, "мен
қазір бұл жігіттен айырылып қалсам, мені ешкім әйел қылып
алмайды"- деп ойлайтын шығарсыз. Сол үшін барлық отына да,
суына да төзіп жүрген шығарсыз. Немесе ол сізге өтірік айтты:
міне 1-2 айдан кейін той,-деп қыздығыңызды алып қойды. Сіз ата-
анаңызға айтып қойдыңыз. Айырылысқыңыз келеді, бірақ
жанындағы себептер өте көп.
Мен сізге барлығы уақытша деп айтқым келеді. Біз дәл қазіргі
сәттен қорқамыз. Дәл бүгін бізге анамыз ұрысады, дәл қазір бізге
туысымыз сөйлейді. Дәл қазір мен қиналамын жігіттен айырылып
қалсам. Бірақ біз бір жылдан кейінгі, екі жылдан кейінгі уақытты
ойлағымыз келмейді. Ойлаңызшы екі жылдан кейін не болады
өміріңіз? Дәл осы жігітпен қиналып жүргендей, әлі солай
қиналып жүресіз ба? Не өзгереді? Егер қазір сізге жаман қарым-
қатынасы бар, сізді қинайтын адамнан бас тартсаңыз, екі жылдан
кейін сіз өміріңізді қалай өзгертесіз? Мүмкін осы жігіттен бас
тартқаннан кейін, алдыңызға керемет жігіт кездесетін шығар.
Сізді бағалайтын, көңіліңізге қарайтын, алақанында ұстайтын,
сұратпай-ақ көңіл бөлетін, сізді уайымдап жүретін, сіздің кез-
келген арманыңызды орындауға дайын жігіт кездесетін шығар.
Дәл қазіргі уақытпен өмір сүрудің қажеті жоқ сізге. Себебі,
қазіргі нәрседен қорқатын болсаңыз, ертеңгі керемет бақыттан
айырылып қалуыңыз мүмкін.
Қазіргі сөйлесіп жүрген жігітіңіз сізбен бірге болуға тұрарлық
емес екенін қалай түсінуге болады? 
Біріншіден, өтірігін көп айтады. Сіз, мысалы, оны тексеруіңіз
мүмкін. Қайда болды, кіммен болды? Ал ол сіздің сол шындықты
білетініңізді білмей жатып, өтірік айтады. Мүмкін досымен
клубта болған шығар. Ал сізге: «Анама көмектестім, телефонды
алған жоқпын»,- деп айтады. Мүмкін сізге "жұмыста болдым" деп
айтқан шығар. Ал сіз бүгін оған демалыс екенін білесіз. Мүмкін
сізге: телефон батарейкасы өшіп қалды,- деуі мүмкін. Ал сіз
досыңыздан білдіңіз, қолы бос, сізге хабарласа алады. Яғни сіз
біліп қойған кез-келген өтірік.
Некеге дейін... 
133


Екіншіден, изменадан ұстасаңыз, тіпті төсек қатынасы оларда
болмаса да, жай ғана телефонмен танысса, лайк басып, оған
"танысайық қарындас" деп жазса, жай кездесіп қалса, кафеде
екеуі қол ұстасып отырса, жалпы измена деген - кез-келген басқа
қызбен сөйлесіп, қарым-қатынас құруға тырысуы. Бұның
барлығын біліп қойып, ол сізге: «мен сені тексердім, сен түсінбей
қалдың»,- деген әңгімелерінің барлығы бос сөз. Барлық жігіт
100% бірнәрсені ғана айтады. Ол менікі емес, ол досымдікі. Мен
сөйлескен жоқпын, досым сөйлесті. Маған хабарласқан жоқ,
досыма хабарласты. Немесе сізге керісінше жау шаптыруы
мүмкін. "Не үшін телефонымды ақтарасың? Не үшін менің
атымнан кіресің? Қандай құқығың бар мені тексеруге? Мен
білгенмін солай жасайтыныңды, әдейі сөйлестім ол қызбен",-
деген сияқты әңгімелер айтады.
Тұрмысқа дейін бір рет сізді алдап, басқа қызбен ұсталып қалса,
мен сізге 200% айта аламын, ол тұрмыс құрғаннан кейін сізді
алдап, басқа қыздармен сөйлесетін болады. Әрине, егер дінге
жақын болып, Алладан кешірім сұрап, ойын толықтай өзгертсе,
сондай кезде ғана түзеледі деген ойым бар. Ал басқа нұсқаларда
жоқ. Жігіт міндетті түрде әдемі қыздарға бір қараса, үнемі
қарайтын болады. Басқа қызбен бір сөйлессе, үнемі сөйлесетін
болады. Сіз мұны өзгерте алмайсыз.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз. Егер сіз бір жігітпен сөйлесіп, жігітіңіз
жасаған қылықты сіз жасасаңыз, жігітіңіз біліп қойғанда
ашуланар ма еді? Қызғанар ма еді? Сізбен айырылысып кетер ме
еді? Егер иә деген жауап болса, онда бұл 100% измена. Егер ер
адам сізге ештеңе бере алмаса, тіпті уақытын бере алмаса, оның
көлігі жоқ 27-ге келді, 30-ға келіп қалды, сізге ойлану керек.
Студент болса онда көп нәрсе кешірімді. Себебі, студент
жігіттердің өмірлері әлі алда. Ол сізге кішкентай сағыз берсе де
оған қуануға болады. Артық нәрсені сұрау әзірге керек емес. Ал
егер ол оқуын бітіріп, жұмыс істеп жүрген адам болса немесе
оқуын бітіріп жұмыс істемейді, ақшасы жоқ, анасымен бірге
тұрады, өзіне жауапкершілігін алғысы келмейтін адамнан бас
тарту керек. Ақшаны достарынан, картадан, ойыннан, қарыздан,
әйтеуір, бір жерден тауып, өз еңбегімен емес біреудің жеңіл
табылған
Некеге дейін... 
134


ақшасымен жүретін жігіт болса, ондай адамнан бас тарту керек
болады. Өз таңдауыңыз, өз қалауыңыз.
Бірақ мен үнемі айтатын нәрсем - жігітпен жүргенде
потенциальды түрде күйеуім деп қарайсыз, иә? Жайдан-жай
жүріп жатқан жоқсыз ғой. Егер сіз өзіңізге күйеу таңдап
жатсаңыз, міндетті түрде миды қосу керек, жүректі өшіру керек.
Ойланатын кезде жүректі, сезімді, махаббатты, бауыр басып
қалдым деген нәрсенің бәрін өшіру керек. Тек миды қосу керек.
Ол ертең сізге не бере алады? Сіздің жігітіңіз бұрын ажырасқан
болса, балалары болса, ал сіз әлі қызсыз. Негізі Құранда да "тең-
теңімен" делінген. Егер сіз қазір ажыраспаған қыз, таза болсаңыз,
ал жүріп жүрген жігітіңіз ажырасып кеткен, баласы бар, алимент
төлеп жүрген біреу болса, онда ондай адамнан бас тарту керек.
Өмір бойы қиналғыңыз келмесе, бас тартыңыз. 
Егер сіздің жігітіңіз ешқашан сізге ақшасын жұмсамаса одан бас
тартыңыз. Сіз бір жыл жүріп жүрсіз, жарты жыл жүріп жүрсіз,
тіпті сізге бір тиын да жұмсаған жоқ. Кешірім сұрағанда да,
кездескенде де далада жүресіздер. Әрине, егер студент болмаса.
Бірақ менің күйеуім студент кезінде де қайдан ақша табатынын
білмеймін, әйтеуір тиын-тебен тауып, маған келіп, кішкентай
дүниелерді жасаса да, арзан болса да менің көңіліме қатты
жағатын. Сыйлық болмаса да асханада отырып тамақ жеуіміздің
өзі мен үшін өте керемет болатын. Себебі, бұл жігіт жұмысы жоқ
студент болса да, ақша тапты.
Ал егер жігітіңіз сізден аяйтын болса, қазірдің өзінде аяйтын
болса, елестетіңізші, тойдан кейін не істейді? Жалындырып
қояды. Қазіргі кейбір еркектерге тіпті керек заттарыңды алдырту
қиын. Сондықтан ойланыңыз.
Некеге дейін... 
135


Сізді қолданып жүрген жігітті қалай тануға болады? Қалай
түсінуге болады? 
Бұны түсіну қиын емес. Біріншіден, ол екеуіңіздің қарым-
қатынастарыңызға ешнәрсе бермейді. Яғни барлық амалдың
инициаторы сіз боласыз. Ол сізге не уақыт бермейді, не сыйлық
бермейді, не көңіл бермейді, жалпы айтқанда сіз үшін талпыну
болсын, тырысу болсын ештеңе жоқ.
Сіз іздесеңіз ғана әңгіме болады. Сіз сұрасаңыз ғана келеді. Сіз
жоқ болып кетсеңіз, сізді іздемейді, сұрамайды. Мысалы, оған
ренжіп, күні бойы оған хабарласпай қоясыз немесе екі-үш күнге
жоқ болып кетесіз. Сол сәтте ол сіздің қырсығып жатқаныңызға
екі-үш есе қырсығып, жауап қатпай қояды. 
Егер ол сізді көндірсе, "өлердей жақсы көремін, сен үшін
барлығын жасаймын, қолымнан келгенін жасаймын, үлде мен
бүлдеге ораймын"- деген әңгімелерді айтады. Бірақ ісіне келген
кезінде ешнәрсе жоқ. Ол тек қана сөзбен сізді жақсы көреді. Ол
айтады "мен сені жақсы көремін, ал сосын көлігіңді бере тұршы"
немесе "мен сені жақсы көремін, 5000 теңге жібере тұршы, кешке
жақын қайтарып беремін" дейді де, мүлдем қайтармауы мүмкін.
"Мен сені жақсы көремін",- деп бір көмек сұрайды. Егер сіз
көмектеспесеңіз, ренжіп, қабағын түйіп, қырсығып жоқ болып
кетеді.
Мұндай сәттерде сізде интуицияңыз оянады. Интуиция міндетті
түрде сізді қолданып жатқанын айтады. Мүмкін сіздер қазір
төсек қатынасына түсіп қойған шығарсыздар. Мен сені жақсы
көремін, біз екеуміз үйленеміз, мен ата-анама айтып қойдым,-
деп көндіруі мүмкін. Мүмкін ата-анасына айтқан шығар.
Мынандай жігіттер болады, әрбір сөйлескен қыздың барлығын,
анасына айта береді. Бұл ол үшін қалыпты. Ал сіз: "анасына
айтты ғой, мені таныстырды ғой, демек шынымен де жақсы
көреді, шынымен де екеуміз үйленеміз",- деп ойлайсыз. Ол "Мен
сені жақсы көремін, мен еркекпін, маған керек ол нәрсе. Сенімен
болмасам онда басқа біреумен боламын",- деп манипуляция
басталады. 
Некеге дейін... 
136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет