Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет47/57
Дата18.10.2023
өлшемі2,07 Mb.
#118401
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Байланысты:
Некеге дейін

Самооценканы көтеру үшін не істеу керек? 
Самооценка өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ішкі дүние, сыртқы
дүние, келбетке байланысты, адамдармен қарым-қатынасқа
байланысты осылай бөлінеді.
Ішкі жан дүниедегі самооценка рухани жағынан. Егер сіздің
біліміңіз төмен болса, таяз болса самооценкаға әсер етеді.
Кейбір қыздар болады, мектепті бітіре салып, күйеуге шығып
кетеді, сосын өз-өзін әрі қарай дамытқысы келмейді. Мен
күйеуге ерте шығып кету дұрыс емес деген жоқпын. Үйде
отырып дамуға болады. Курстардан өтіп, тренингтен өтіп,
кітаптар оқып, ер адамға ұнайтын, онымен ортақ тіл табыса
алатын тақырыптарда ақпараттар оқып деген сияқты. Қонаққа
келген адамдардың кез-келгенімен сөйлесуге болатындай
білімге ие болу керек. Ішкі жан дүниенің самооценкасы
жақсылап көтеріледі. 
Есіңізге түсіріңізші, сізде мынандай жағдай болды ма? 
Бір топ достарыңызбен жиналасыздар. Мысалы, группаластар
дейік. Сіз тұрсыз, жаныңызда екі-үш қыз тұр және екі-үш жігіт
тұр. Екі-үш қыздың арасында сіз үндемей тұрсыз, ал
жаныңыздағы қыз сөйлесіп жатқан тақырыпқа кіріп кетіп,
күштілеп әңгіме айтып жатыр, барлығы аузына қарап тыңдап
отыр. Ішіңізде қандай сезім болады? Мен де бірдеңе айтқым
келеді. Мені де біреу тыңдаса екен деген сияқты бір ойлар
болады, иә? -Мыналар не туралы сөйлесіп жатыр екен, осы
тақырып туралы оқып алуым керек еді,- деп ойлайсыз.
Мысалы, "Алхимик" кітабы дейікші. 
-Паула Коэльоның "Алхимик" кітабын оқыдыңдар ма?- деп бір
жігіт сұрайды. 
Некеге дейін... 
151


Жаныңыздағы қыз: 
-Иә, оқыдым, керемет философиялық кітап. Мен сол кітапты
оқығаннан кейін философия, психология дегенге махаббатым
ашылды. Әсіресе мына бетіндегі жерлері,- деп, сол кітапты
түсіндіріп кетеді. 
Сосын ол жігіт пен қыздар бір-бірімен керемет әңгіме құрады.
Ал сіз ақымақ болып түсінбей тұрасыз. Сонда ішкі жан
дүниеңіз деградацияға ұшырағанын сезінесіз. Бірақ сіз өзіңізге:
-Болды, мен енді кітап оқимын, мен енді дамимын, білім
жинаймын,- деп өзіңізге айтпайсыз, айтқан күннің өзінде
практика жоқ. Әрі қарай жылжымайсыз. Міне осындай
сәттерде бір топ адамдар жиналғанда, үйге қонақ келгенде
немесе күйеуіңіз екеуіңіз отырғанда сөйлесетін ештеңе жоқ. Не
үшін? Себебі, ішкі жан дүниеңіз дегредацияға ұшыраған.
Жаңалықтар көрмейсіз, кітаптар оқымайсыз, газеттер
оқымайсыз, айналаңыздағы сөйлесетін араласатын адамдар жоқ
деген сөз. 
Деградацияға ұшырамау үшін, жаңа адамдармен танысу керек,
әр саладан жаңа адамдармен сөйлесіп, тіл табысу керек. Біреуі
дүкенде жұмыс істесін, біреуі бухгалтер болсын, біреуі
психолог болсын, біреуі мұғалім болсын, әрқайсысымен
сөйлескенде сіз өмірлік тәжірибе жинайсыз. Осы кезде ішкі
жан дүниеңіздің самооценкасы жоғарылайды. Сонда сіз мынау
не нәрсе екен деп отырмайсыз. Сізбен мұғалім сөйлессе, сізбен
дүкенші сөйлессе, сіз оның не айтып тұрғанын біліп тұрасыз.
Сіз онымен қандай байланыс орнату керек екенін білесіз.
Өзіңізді ыңғайсыз сезінбейсіз 
Тағы қалай көтеру керек? 
Рухани жағын дінге жақын болу арқылы көтеруге болады. Өте
көп қыздар маған айтады: -Менің ішкі дүнием мазасыз болып
жүр. Түнім тыныш емес, күнім тыныш емес, үнемі бірнәрсені
уайымдап жүремін, ертеңгі күнім не болмақ, балаларым қалай
өседі,-деген сияқты әрнәрсені уайымдап жүремін. Бұл неден?
Себебі бұл рухани азықтың жоқтығынан. Рухани азық Құран
оқудан, Алла Тағалаға жақын болудан, тахаджуд намаздан,
намазда дұға тілеуден жиналады.
Некеге дейін... 
152


Сіздер өздеріңізге ереже қоя аласыздар ма? Таңертең тұрғанда,
ең бірінші, дұға оқу, түнде жатқанда Instagram-ды қоя тұрып,
бірінші дұға оқу. Ол дұғада қандай сөздер болу керек? Өзіңізге
тілеген және отбасыңызға тілеген сөздер. Яғни "Я Раббым,
Алла Тағалам, сен кешірімшілсің, мейірімдісің, рахымшылсың,
менің күнәларымды және отбасымның күнәларын кешіре көр
және менің рухани азығымды ұлғайта көр. Білімімді арттыра
көр. Менің отбасыма бақыт бере көр". 
Негізі бақыт сөзі өте жалпылама сөз. Алла Тағаладан бірнәрсе
сұрағанда, нақты-нақты нәрсе сұрауға тырысыңыздар. Себебі,
Алла Тағала бәрін білуші, барлық жағдайымызды жасауға күші
бар. Сіз кез-келген нәрсені сұрай аласыз және Алла тағала
көмек сұрағанды жақсы көреді. Сол үшін "Я Алла Тағалам,
мен жұмыс таба алмай жатырмын, менің бухгалтерлік
дипломым бар, менің бухгалтерлік жұмыс табуыма
көмектесші"- деген сияқты нақты сұраңыздар. "Таңғы жетіде
оянуға күш бере көрші, Алла Тағалам". Міне, осындай
дұғаларды айтуға тырысып отырыңыздар. Ішкі жан дүние
самооценкасын жаптық.
Екінші - сыртқы келбеттің самооценкасы. Егер біздің
келбетіміз өзімізге ұнамаса, ол самооценканы бірден
төмендетіп жібереді. Көбісі айтады, "менің бетім безеу-безеу,
менің бетім түсі мынандай, шашымның қайраттылығы жаман,
үнемі орамал тағып жүремін, менің тырнақтарым үнемі
өспейді, 
сынып 
қала 
береді, 
толықпын",- 
дейді.
Самооценканың жоғарылығы өз-өзімен жұмыс істеуден
басталады. Құр сөзбен ол көтеріліп кетпейді. Егер сіз өз-
өзіңізге ұнасаңыз ғана, өзіңізді жақсы көресіз.
Сізге тырнақтарыңыз ұнамаса, күнде тұзды суға салып
тұрыңыз, йодпен бояп қойыңыз, Е витаминін ішіңіз, А
витаминін ішіңіз, кальций ішіңіз, өзіңіздің денсаулығыңызға
қараңыз. "Үнемі ауырамын да жүремін",- деп үнемі шағым
айтып, жыламсырап жүргенше, өз денсаулығыңызды өз
қолыңызға алыңыз. Қара тмин алып ішіңіз, сіздің
денсаулығыңызды жақсартуға септігін тигізетін нәрселерді
ғаламторды ашып, оқып пайдаланыңыз. 
Некеге дейін... 
153


Бет терісі сізге ұнамайды ма? Е витаминін міндетті түрде
ішіңіз, сутегі тотығымен сүртіп тұрыңыз, крем, маскалар
жағыңыз. Неше түрлі бьюти-видеолар қараңыз. Өзіңізге ұнау
үшін кішігірім боянып тұрыңыз. Егер өзіңіздің кейпіңізде
кемшілік болса, ол кемшілікті түзетуге мүмкіндік бар болатын
болса, құр сөзбен емес, іспен соны өзгертуге тырысыңыз.
Толықпын, салмағым ұнамайды десеңіз диетаға отырыңыз.
Әрбір килограмм тастаған сайын, сіздің самооценкаңыз өседі.
Не үшін? Себебі, сіз алдыңызға мақсат қойдыңыз және сол
мақсатқа бірте-бірте жетіп жатырсыз.
"Мен ақымақпын, мен ағылшын тілін оқығым келеді, бірақ
күшім жоқ",- деген сияқты сөздер болады. Ағылшын тілін
оқимын деп мақсат қойдыңыз ба, күніне 2-3 сөзден жаттап
тұрыңыз. Әр күн сайын, алдыға қойған мақсаттарға жеткен
сайын сіздің самооценкаңыз өсетін болады. 
Үй жинадым, күйеуіме тамақ істеп қойдым,- деген сияқты
сөздер күнделікті әр адамның істейтін нәрсесі. Бұл ешқандай
сылтау емес. Уақытым жоқ деген - сылтау.
Сонымен сыртқы келбет тазалықтан басталады. Егер
аяғыңызды үнемі кешке жуып, бетіңізге күнде таңертең және
кешке 5-10 минут уақытыңызды бөліп, күтім жасап тұрсаңыз
самооценкаңыз көтеріледі. Тырнағыңызды дұрыстап, лакпен
бояп, өзіңізге қарап жүрсеңіз самооценка көтеріледі. 
Үйде жүргенде созылып кеткен халат киіп, өзіңізге
жараспайтын, бірақ үйде жүрмін ғой деген сияқты жүрсеңіз,
ол дұрыс емес. Айнаға қарағанда "шіркін-ай, қандай сүйкімді
келіншек"-деп айта алатындай, өзіңізге ұнауға тырысыңыз. Сол
кезде самооценка көтеріледі. 
"Тісім ауырып жүр, қарайып кеткен",-
деп те айтатын қыздар бар. Содан самооценка, әрине,
төмендейді. Жай сөздермен де төмендейді. Тамаққа ақша
табасыз ғой, сол сияқты тісіңізді емдетуге де ақша табыңыз.
Өз-
Некеге дейін... 
154


өзіңізден аямаңыз. Бір түскен ақшадан бірден барып жасатып
келіңіз. Самооценка бірден көтеріледі. Не үшін? Себебі, сіз
өзіңізге жұмсадыңыз. Самооценканы көтеретін нәрсе ол өз-
өзіңізге жұмсау, өзіңізге құю (ақшалай, энергиямен,
эмоциямен).
Самооценканың үшіншісі - адамдармен қарым-қатынасқа
байланысы. Кейбір қыздар "Мен өзімді жақсы көремін, өзіме
деген бағам жоғары, бірақ күйеуім боқтайды, шегеді, менің
көзімше дөрекі сөздер айтады, ұрады, мен не істеймін?"-деп
айтады. Ал қашан соны бастады? Меніңше, ондай еркектер
тойға дейін ондай нәрселерін көрсетіп қойды. Арасында бір-екі
боқтап қалды, ал сіз үндемедіңіз немесе ондай-ондай нәрселер
болып тұрады ғой деп жаба салдыңыз. Ол үйленгеннен кейін
ұратын болса, демек тойға дейін сізді итеріп қалды немесе ол
жайлы сіздер мүлдем сөйлескен жоқсыздар, оны танымадыңыз.
Жай ғана ол сондай адам. Ол сізге байланысты емес, оның
тәрбиесі сондай болып тұр. Сіз сондай нашар адамды өзіңіз
таңдадыңыз. Таңдау жасадыңыз. Мен барлығына топырақ
шашпаймын. Адамдардың әр түрлері болады. Кейбір
адамдардың 
қарым-қатынасы 
құрметке, 
сыйластыққа
байланысты. Ал кейбір адамның қарым-қатынасы тәрбиеге
байланысты. Сіз өзіңізді қанша жерден құрметтеп, сыйлап
тұрсаңыз да, сізге боқтаған, қол көтергісі келген адам ол өзінің
тәрбиесіздігінен соны жасап тұр. Егер сіз шектеу қойсаңыз,
мысалы, күйеуіңізге айтасыз: "Маған бір саусағыңның ұшы
тиетін болса, айтпады деме, мен сені соттап жіберемін". Ол
сенетіндей нақты түрде айтыңыз. Солай десеңіз, ол сізге қолын
тигізбейді. Немесе ұрып-жығып тастағаннан кейін, барып арыз
жазып тастасаңыз, екінші рет ол сізге жақындамайды.
Себебі,ол сіздікі құр сөз емес, жай ғана қорқытпайсыз, сіздің
дегеніңізді істейтініңізді біледі. Айттыңыз ба, шарт қойдыңыз
ба істеме деп, бірақ ол істеп қойса, демек ол жазаланады.
Боқтық сөздер немесе қыздармен сөйлесу де дәл сол сияқты.
Қарым-қатынастағы 
самооценка 
қоршаған 
ортадағы
адамдардың бар жоғына байланысты. Жаныңыздағы
достарыңыз үнемі сізге: "Толып кетіпсің ғой, толып кетіпсің
ғой",- деп айта берсе, сіздің 
Некеге дейін... 
155


самооценкаңыз төмен түседі. Немесе жаныңыздағы күйеуіңіз:
"Саған мына қара көйлегің жараспайды, ол сені қап-қара
қылып көрсетеді, жасыл көйлек киші",- деп сізге айтатын
болса, онда самооценкаңыз төмендейді. Немесе жаныңыздағы
құрбыңыз: "Қалай-қалай сөйлейтін болып кеткенсің, жағымсыз
иіс шығып тұр ғой, мына иіссу жаман екен",- деп айтса, содан
сіздің самооценкаңыз төмен түсіп кетеді. Не үшін? Себебі,
адамды шыныменде критика өзгертеді. Не істеу керек? Ол
адамдармен қарым-қатынасты алшақтату керек. Қайта-қайта
критика жасайтын достарыңыз болса, ең бірінші онымен
сөйлесесіз: "Иә, маған қара түс жараспайтынын білемін, бірақ
маған қара түс ұнайды, мен сол көйлекті киемін, маған олай
жараспайды деп айтпай-ақ қой, жарайды ма?". Болды. Ол
адамның есі дұрыс болса, түсінігі бар болса, ол сізге екінші рет
айтпайды. Солай келісімшартқа отырасыздар. Түсінікті ғой?
Егер 
ол 
өзінің 
тәрбиесіздігі 
болса, 
қайта-қайта
кемшіліктеріңізді айта беретін болса онда айту керек: "Сен
ренжіме, иә, мен энергиямды құртатын адамдармен араласқым
келмейді",- деп тіке айтасыз. Немесе жай ғана қоңырауды
көтермейсіз, кездесуге шақырмайсыз, ол шақырса бармайсыз.
Алшақ жүресіз.
Мен не айтқым келіп тұр? Қанша жерден самооценка тек өзіңе
байланысты десек те, ол өтірік. Себебі, жанымыздағы
адамдардың сөздері бізге әсер етеді. Бөтен адамдардың сөздері
сізге әсер етпеуі керек. Танымайтын көшедегі біреу: "Мына
қызды қарашы, не киіп алған",- деп, айтып өтіп бара жатса, сіз
оны естіп қойып көңіл-күйіңіз түсіп, жылағыңыз келіп, басқа
киім киіп алсаңыз, демек сіздің сенімділігіңіз жоқ. Бұл
нәрсемен жұмыс жасау керек. 
Ал сіздің күйеуіңіз немесе анаңыз сізге критика айтатын болса,
сіздің көңіл-күйіңіз түсіп кетсе, бұл қалыпты. Бұл тым жаман,
дұрыс емес нәрсе деп айта алмаймын. Әрине, кез-келген
адамның көңіл-күйі осы үшін түсіп кетеді. Көңілсіз жүреміз,
бірақ ұзақ уақыт болмауы керек. Жай ғана кейде шектеу қою
керек, келісу керек.
Некеге дейін... 
156


Қағазға жазып шығасыз, мысалы: менің күйеуім маған балаға
қарап көмектескенін қалаймын, асханада мен картоп тазалап
жатсам, ол пияз ашып жатқанын қалаймын, екеуміз бірге тамақ
жасағанымызды қалаймын. Мен өзім сондай нәрсені қаладым. 
Ал кейбір қыздар керісінше, "күйеуім нағыз ер азамат, әйелдің
үй шаруасына араласпағанын қалаймын, тек түздің адамы,
ақшаны тауып беретін және мәселені сырттай шешетін адам
болса екен",- деп ойлайды. Барлығының талғамы әртүрлі.
Біреуі үйдің шаруасына араласқанын қалайды, біреуі
қаламайды. Соны жазып шығасыз. 
Бала тәрбиесінде нені қалайтыныңызды міндетті түрде жазып
шығыңыз. Ата-енемен тұрғыңыз келеді ма? Біраз жыл өткен
соң бөлек шыққыңыз келеді ма? Үйде ақшаны еркек ұстағанын
қалайсыз ба немесе әйел ма, енеңіз ба? Тойдан кейін "мына
нәрсені өзгерткім келеді",- деп психологтарға жазбас үшін,
әрбір кішігірім нәрсені жазып шығыңыз. 
Материалдық жағдайды міндетті түрде. Бизнес ашқанын
қалаймын немесе ең бастысы, тамағымды тауып берсе, киімімді
алып берсе болды, маған жеткілікті. Немесе сіздің жұмыс
істегіңіз келсе, менің күйеуім таңертеңнен кешке дейін төрт
қабырғаға қамамай, сыртқа шыққаныма рұқсат беріп, жұмыс
істегім келсе істейтіндей, баламен сыртқа шығып, өз білгенімді
істеп жүргенімді қалаймын. Міне осылай жазсаңыз болады.
Немесе керісінше "мен жұмыс істегім келмейді, тек күйеуім
ақша тапқанын қалаймын, ал мен үйде отырамын, үй
шаруасымен айналысқым келеді". Оны жазасыз. Күйеуіңіз сізді
қатты еркелеткенін қаласаңыз, оны жазыңыз.
Мысалы, мен өзім күйеуім мені қатты еркелеткенін, нәзік,
жұмсақ, ерке қарым-қатынасты қаладым. Ал қазір менде
Аллаға шүкір, сондай қарым-қатынас.
Некеге дейін... 
156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет